Ауа райының қолайсыздығына байланысты ірі әуе тасымалдаушылары — Emirates, Etihad Airways және Flydubai өз клиенттеріне көптеген рейстердің тоқтайтынын немесе кешігетінін ескертті.
«Emirates ауа райы қолайсыздығы жағдайына байланысты техникалық ақау себебімен 17 сәуір таңғы сағат 8:00–ден түн ортасына дейін Дубайдың халықаралық әуежайынан ұшатын жолаушыларды тіркеуді тоқтатады. Клиенттер билеттерін қайта үшін брондау агентіне хабарласа алады немесе сайтымызға кіре алады» деп хабарлады компания медиа аккаунтында.
Ауа райының қолайсыздығы, соның ішінде 17 сәуірде Әбу-Дабиде жауған жауын-шашынға байланысты Etihad Airways-тің кей рейстері кейінге қалуы мүмкін дейді әуе компаниясы.
«Клиенттерге etihad.com сайтынан рейстердің жөнелтілуі туралы соңғы ақпаратты үнемі тексеріп тұруға және әуежайға жетіп алуға жеткілікті уақыт бөлуге кеңес беріледі» делінген хабарламада.
Flydubai компаниясы өкілінің мәлімдеуінше, бүгін БАӘ-дегі қолайсыз күн райы әуе компаниясының Дубай халықаралық әуежайындағы (DXB) жұмысына айтарлықтай кедергі келтірді.
«Салдарынан Flydubai-дың көптеген рейстері тоқтатылды немесе айтарлықтай кешігулер болды», — деді ол.
16 сәуір күні кешке Flydubai әуе компаниясының Дубайдан ұшатын барлық рейстері тоқтатылды.
Дубай халықаралық әуежайы (DXB) өзінің аккаунтында жолаушыларға аса қажет болмаса, әуежай ғимаратына келмеуге кеңес береді.
«Аса қажет болмаса, әуежайға келмеген жөн. Рейстерді кейінге қалдыру және бағытын өзгерту жағдайы жалғасып отыр. Ұшу мәртебеңізді тікелей әуе компанияңыздан тексеріңіз. Біз өте қиын жағдайда операцияларды мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге бар күш-жігерімізді салып жатырмыз» делінген хабарламада.
Дубай халықаралық әуежайының ресми сайтындағы ұшу кестесіне сәйкес, Астана мен Алматыға рейстердің көбі кешігіп жатыр немесе олар туралы ақпарат расталуда.
Еске сала кетсек, 289 қазақстандық Дубайдан елге жете алмай отыр.
Рейстердің мәртебесін мына сілтемеден білуге болады.
Бұл — БАӘ-де соңғы 45 жылдағы ең мол жауған жауын-шашын болды.
Елге жауған жңбыр 1949 жылы дерек жинау басталғаннан бері елде тіркелген барлық көлемнен асып түсті, деп жазады WAM.
Ұлттық метеорология орталығы елде соңғы 24 сағатта жауған жауын-шашынның рекордтық мөлшері БАӘ тарихындағы ерекше климаттық оқиға екенін растады.