Атап айтқанда, Сомалиде, Боснияда және Иорданияда босқындар лагері құрылды. Осы жөнінде бұл ұйымның бас хатшысы Мұхаммед әл-Фәлақ хабарлады.
БАӘ Иорданиядағы сириялық босқындарға арналған лагердің ас-суы мен өзге де керек-жарағын өз мойнына алып, қаржыландырып отыр. Қызыл Жарты Ай Қоғамының мұрындық болуымен үстіміздегі жылдың сәуір айында осы елде босқындар үшін лагерь ашылған еді.
Muslim.kz сайтының жазуынша, 2012 жылы БАӘ гуманитарлық көмек беру жөніндегі аса ірі жобаларға атсалысып келе жатқан 16 елдің бірі ретінде танылды. Қызыл Жарты Ай Қоғамы ширек ғасырдан астам уақыттың ішінде қайырымдылық істерге 6 млрд. дирхамдай қаржы жұмсаған екен.
Осы ұйымның бас хатшысы Ливиядағы төрттен үші әйелдер мен балалардан тұратын 600 мың сириялық босқынға жәрдемдесетініне уәде берді.