БАӘ Газадан 100-ге жуық жаралы адам мен ауыр науқасты эвакуациялады
АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Араб Әмірліктері Газа секторының 97 жаралы және ауыр науқасқа шалдыққан тұрғынын және олардың 155 отбасы мүшесін өз аумағына көшірді. Бұл туралы WAM ақпарат агенттігі хабарлады.
Анклавтың эвакуацияланған тұрғындары, оның ішінде онкологиялық науқастарға елдегі мамандандырылған орталықтарда медициналық көмек көрсетілетіні атап өтілді. Эвакуацияланғандар Әмірлік билігінің көмегімен Керем Шалом бақылау-өткізу пункті арқылы өткізілген және Израильдің оңтүстігіндегі Рамон әуежайынан Абу-Дабиге қарай бет алды.
Анықтама үшін, соғыс басталғаннан бері БАӘ Палестинадан 1665 науқас пен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялаған. Кеше 11 қыркүйекті эвакуацияны қосқанда олардың жалпы саны 1917 адамға жетті.
Айта кетейік, Израильдің Газа секторындағы мектепке жасаған соққысынан 18 адам, оның ішінде 6 БҰҰ қызметкері қаза тапты.