Kazinform агенттігі бұл туралы WAM агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рафахтағы Палестина су ресурстары басқармасы суды Газа секторына таратады.
Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі және Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Лана Заки Нуссейбех БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттердің көптеген өкілдерінің алдында БАӘ-нің Мысыр Араб Республикасымен бірлесіп салған үш тұщытқыш қондырғысын ашты.
Жаңа тұщыландыру қондырғылары күн сайын шамамен 600 мың галлон теңіз суын өңдеу арқылы 300 мың адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.
2023 жылдың 5 қарашасында БАӘ «Қайрымды сері 3» гуманитарлық операциясын бастады. Елден дала госпиталі, тұщыту қондырғылары және 7615 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек және шұғыл керек-жарақ тиелген 115 ұшақ жіберілді.