«Кітап оқу ақыл-ойды дамытады, төзімділікке тәрбиелейді. Еркін және жан-жақты ойлайтын білімді тұлға қалыптастырады. Бұл - дінді құрметсіздік пен экстремизмге ұластырмайтын өте тиімді әдіс», - деді БАӘ әмірі, шейх Халифа бен Заед әл-Нахайян. Ал мамандардың пікірінше, әмірліктің тұрақты дамуы, мемлекеттің экономикасы мен білім саласы шетелден алынатын импортқа емес, ел ішінде өз ғалымдары мен білімді ұрпақты тәрбиелеумен тығыз байланысты, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің сайтында.
08:02, 11 Желтоқсан 2015
БАӘ-інде кітап оқу жылы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігі 2016 жылды кітап оқу жылы деп жариялады. Бұл әмірліктің толерантты қоғам қалыптастырып, болашақ жас буынды ілімді, ойшыл, зерттеуші және жаңашыл болып өсуін көздеген мемлекеттік стратегия аясында қолға алынған ірі жоба.