— Иранмен барлық сауда, коммерциялық алыс-беріс және қаржылық операциялар келесі хабарламаға дейін тоқтатылады, — делінген БАӘ Сыртқы істер министрлігінің X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемедесінде.
Бұған дейін БАӘ Қорғаныс министрлігі Ираннан екі баллистикалық зымыран ұшырылғанын хабарлаған болатын.
Министрлік мәліметінше, бір зымыран елдің аумақтық суларынан тыс жерге, екіншісі оның аумақтық суларына құлаған. Министрлік шабуыл теңіз кемелеріне бағытталғанын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи Тегеранның БАӘ-ге зымыран ұшырғанын үзілді-кесілді жоққа шығаратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай айыптаулар тату көршілік келісіміне қайшы келеді.
Багаи барлық тарапты Иранға қарсы негізсіз айыптаулардан бас тартуға және АҚШ пен Израильдің аймақтағы әрекетіне байланысты болып жатқан жағдайды ескеруге шақырды.
Бұған дейін Иран АҚШ-ты Парсы шығанағын ластады деп айыптады.