БАӘ мен АҚШ ИМ насихатымен күрес үшін интернет-орталықты іске қосты

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - ДАИШ лаңкестік тобының идеологиялық насихатын жою жөніндегі күш-жігер аясында әмірліктің «Сауаб» (Sawab Center) орталығы әлеуметітк желілер арқылы қоғамды ізілік жағына қарай өзгертуге өз үлесін қосып жүрген жас адамдардың қатысуымен «әлеуметтік қарым-қатынас тұғырнамасын» өрістетті.

#‎UCanImpact («Сен ықпал ете аласың») хэштегімен бұл жоба әлеуметтік желілер пайдаланушылары үшін белгілі бір оң ұстанымды қамтамасыз етеді, сындарлы өздерістер жасауға дайын адамдарlың мейкер болуларына әлеуетті мүмкіндіктер жасалатыны  атап көрсетілген.

Жобаға қатысушылар арасында БАӘ жастар ісі жөніндегі мемлекеттік министр Шамма бент Сухеил Фариз аль-Мазруи, Юсуфзай (Пәкістан), Маха Лазири (Марокко), Юнис Махмуд (Ирак) және  Тарик Диби (Тунис) және басқалар бар.

Бүгінде «Sawab» орталығы ДАИШ-тың идеологиялық насихатының шынайы бет-пердесін ашу мақсатында әлеуметтік БАҚ-пен бірқатар алдын алу шараларын қолға алды. Бұл жоба ДАИШ-тан зәбір көрген, лаңкестік топ тарапынан зомбылыққа үшыраған  әйелдер мен балалар, сондай-ақ шетелдік содырлар туралы баяндайды.  

Жобаны 2015 жылғы шілдеде АҚШ пен БАӘ бірлесіп іске қосты. «Сауаб» (Sawab Center) орталығының кеңсесі БАӘ-нің астанасы Әбу-Дабиде орналасты. Оның қызметкерлері YouTube-те және  Twitter микроблогындағы сервисте жарияланған хабарлар, бейнероликтер арқылы ағылшын және араб тілдерінде оның ашылғаны туралы ақпараттар таратуда.