БАӘ мен Сауд Арабиясы арасында үйлестіру кеңесі құрылды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері сауд-әмірлік үйлестіру кеңесін құру жөнінде хаттамаға қол қойды.

Оған қол қою Жидда қаласында (САК) Екі киенің сақтаушысы Сауда арабиясының Королі Салман мен Әбу-Даби мұрагер ханзадасы және БАӘ қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары шейх Мохаммед бен Зайед Әл-Нахаяннның қатысуымен өтті.

Құрылғалы отырған құрылым Араб түбегіндегі екі стратегиялық әріптестер арасында екіжақты қатынастарды нығайтуы тиіс. Бұдан бұрын Сауд Арабиясының королі Салман әмірлік шейхы Мохаммед бен Зайедті өзінің сарайында қабылдады.  Кездесу барысында екі монарх екі ел арасындағы тығыз екіжақты байланыстарды қарады және әртүрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге уағдаласты. Олар сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейлердегі соңғы оқиғаларды талқылады.

САК-БАӘ үйлестіру кеңесі туралы құжатқа доктор Низар Мадани, САК сыртқы істер министрі және БАӘ қауіпсіздігі бойынша Жоғарғы кеңесі бас хатшысының орынбасары Әли бин Мохаммед, САК сыртқы істер министрі Әли бин Мохаммед әл-Шәмси қол қойды. Салтанатқа сондай-ақ Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы, вице-премьер және ішкі істер министрі Мохаммед бин Наиф, Мекке әмірі және Екі кие сақтаушысының кеңесшісі Халид әл-Фейсал,  САК қаржы министрі Ибрагим әл-Ассаф, САК мәдениет және ақпарат министрі Адель Әл-Тураифи, сондай-ақ екі тараптан да жоғары шенді басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.