Агенттіктің кеңесі жобаның басынан бері бұл экспедицияның « жерге қайтып келу мүмкіндігінсіз» екендігі айтылса да, БАӘ мен Сауд Арабиясынан 500 діндар арабтың MarsOne қорына Марстағы колонистер экпедициясына қатысуға өтініш бергендерге назар аударған.
MarsOne қоры 2022 жылы Марсқа бірінші колонистер партиясын жібермек. Олар шалғайдағы планетада өмір сүретін болады. Ал бұл уақытта «қайтып келмейтін» экспедицияға жаңадан баратындар жиналады.
Ислам ісі бойынша кеңес ресми түрде бұл сапарды мұсылмандар үшін күнә деп тапты. Сонымен бірге Кеңес ұйымдастырушылардың о бастан бұл сапардың тек бір бағытқа жасалатынын айтқаннан кейін, өз туристерінің аман қалуына кепілдік бере алмайтынын алға тартып отыр. Ал қандай да бір шынайы себепсіз осындай күмәнді жолға шығатын мұсылман өзіне-өзі қол жұмсағанмен тең, ал бұл Құран бойынша күнә болып саналады.