БАӘ-нің Президенті Шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайян мұсылман елдерінің көшбасшыларын Ораза айттың басталуымен байланысты құттықтау жолдады

ӘБУ-ДАБИ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайян араб және мұсылман елдерінің көшбасшыларына Ораза айттың (Таяу Шығыста «Айд Әл Фитр» деген атаумен танымал) басталуына байланысты құттықтау жолдады.

Президент оларға зор денсаулық, сондай-ақ араб және мұсылман елдеріне гүлдену тіледі. Дубай әмірлігінің әміршісі Шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум, БАӘ-нің вице-президенті мен премьер-министрі араб және мұсылман елдерінің көшбасшыларына құттықтау жеделхаттарын жіберді.

БАӘ ұлттық ақпараттық «ВАМ» агенттігі өз кезегінде ел президенті  Шейх Халифа бен Заид Аль Нахайян араб елдерінің корольдері мен басшыларынан және достас елдерден құттықтау жеделхаттарын алғанын хабарлады.

БАӘ-де мерекеге байланысты демалыс күндері жарияланып, салтанатты мерекелік шараларды өткізу жоспарлануда.