БАӘ Президенті инсульт алды

ӘБУ-ДАБИ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахайян инсульт алып, жүрегіне ота жасалды, деп хабарлайды «Уакалят Анбаа әл-Эмарат» агенттігі елдің Президент істері бойынша министрлігіне сілтеме жасап.

«Ел Президенті 24 қаңтар күні таңертең инсульт алған. «Аса мәртебелі шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайянға ота жасалды. Қазір оның денсаулығы қалыпты. Жаратқан оны қандайда бір жамандықтан сақтап, денсаулық пен амандығын берсін», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайян 2004 жылдан бері БАӘ-нің Президенті болып келеді. Ол - араб елінің ең бай жеті әмірлігіне жататын Әбу-Даби әмірлігін басқарушы отбасының өкілі.