Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті мен Премьер-Министрі Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
«Алладан Сізге зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, отбасыңызға және достас Қазақстан Республикасының халқына жақсылық сұраймыз. Біздің зор құрметіміз бен ыстық ықыласымызды қабыл алыңыз», - делінген жеделхаттарда.