Бұл мәлімдемені БАӘ президенті Х.Әл Нахайян қайта тағайындалған Әмірліктердің Қазақстан мен Германиядағы елшілерін қабылдау кезінде жасады. Осылайша, Қазақстанда дипломатиялық миссияны Сухаил Матар Әл Кетби, Германияда Джума Мүбәрак Әл Джунайби басқарады. Әмірлік дипломаттары Әбу-Дабидің Әл Дияф сарайында салтанатты түрде ант берді.
Шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайян Қазақстан және Германиямен достық және бауырластық қарым-қатынасты нығайтуда елшілерге сәттілік тілеп, түрлі деңгейде әмірліктердің мүддесін қорғау бойынша нақты міндеттерді айқындап берді.
Дипломаттар өз кезегінде шейх Х.Әл Нахайянға көрсетілген сенім үшін алғыстарын білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындықтарын айтты.