БАӘ президенті жаттығу кезінде қолын сындырып алды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - БАӘ президенті шейх Халифа күнделікті жаттығу кезінде қолын сындырып алды,

деген хабар таратты Утро.ру.

Алған жарақатының қаншалықты күрделі екендігі туралы ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, биылғы жылы 63 жасқа келетін әмірлік президентінің денсаулығын қалпына келтіру үшін бернеше күн керек.