БАӘ Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын кері қайтармақ

Фото: Ria.ru

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Араб Әмірліктері аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тегерандағы елшілігін жабатынын және елші мен дипломаттарын Иран астанасынан кері шақыратынын жариялады, деп хабарлады БАӘ Сыртқы істер министрлігі.

«Тұрғын аудандарға, әуежайларға, порттарға және қызмет көрсету саласының нысандарына бағытталған шабуылдар – жазықсыз бейбіт тұрғындарға қауіп төндірді, айтарлықтай және жауапсыз эскалацияны көрсетеді, ұлттық тәуелсіздіктің ашық бұзылуы, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нақты бұзылуы», деп хабарлады ведомство.

БАӘ Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл шешім елдің қауіпсіздік пен тәуелсіздікке қатысты берік ұстанымын көрсетеді. Оны қабылдауға себеп — эскалацияны азайтуға кедергі келтіретін тұрақты провокациялар, бұл аймақтағы және әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіруі, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік пен экономиканы әсер етуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 1 наурызда Дубай халықаралық әуежайына шабуыл жасалды. Джебель-Али портындағы кемелердің жүк айлағына құлаған зымыран қалдықтардың салдарынан өрт шықты. Жергілікті әуежайлар жабылды және дабыл режимі жарияланды. Абу-Дабиде Иран зымырандарын жою кезінде бір адам қаза тапты.