Ел билігі БАӘ барлық әуежайларында транзиттік жолаушыларға виза беру шеңберінде жаңа бағдарлама әзірлеуді бастамақ.
Аталған бағдарлама аясында транзиттік жолаушылардың елде бір күн бойы болып, елді аралауға мүмкіндігі болады және бұл елдегі визалық процедураларды жеңілдетпек.
Қазіргі кезде бастаманы іске асыру мақсатында ел үкімет арнайы жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобы жаңа саясаттың туристік салаға оң ықпалын зерттеумен айналыспақ.