БАБАЛАР СӨЗІ: «Ақшатау» атауының шығу тарихы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай, «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

Күз мезгілі еді. Кернейден шыққан Есей батыр тобына ілесіп Жидебай да жол жүреді. Ұзақ жол жүріп, шаршаған топ бір жерге келіп ат басын шалдырады. «Ел арасында қандай жау бар дейсің?» деп, Есей мен Жидебай бастаған қырық жігіт қаннан-қаперсіз ұйқыға кіріседі. Ұйқылары қанған жігіттер ертесімен оянса, оздерінің жаяу қалғандарын бірақ біледі. Бұған намыстанған Есей батыр:

-Мынау бетке шіркеу, сүйекке таңба болды-ау, мен iз кесіп жауды қуамын,-дейді. Сонда жас Жидебай:

-Мен де сізбен бірге барамын,-деген екен. Қарындары ашып, шөлдеген екеуі кешкі мезгілде төбешік үстінде тігулі тұрған ақша отауды қөрген. Отауға кірсе ешкім жоқ, дастархан жаюлы тұр екен. Екеуі сол жерде ауқаттанып, естерін жиып, жауды қуа кеткендерді күтеді. Ақша отаулы жерді «Ақшатау» деп атап кеткен.