БАБАЛАР СӨЗІ: Ақшоқы атауының шығуы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

Бір жылдары бір дәулетті елде жұт болыпты. Жазы қуаңшылық болып, жаңбыр жаумай, қыстан көтерем шыққан малдың жай-күйі жайсыздыққа ұласыпты.

Көпшілік бас қосып, мал-жанды аман сақтау үшін бұл жер­ден қоныс аудара көшу керек деген ұйғарымға келеді. Сөйтіп, жер ауа көшкен жұрт жайлы мекен жолыққанша жүре беріпті дейді. Бір уақыттарда көпшіліктің ішінен біреуі:

- Анау тұрған шоқыны көрдіңдер ме, сол жерге барып, қоныстанып көрсек. Малға жайлы болса, мекен етерміз, жайсыз болса тағы да көшерміз,-деген ұсыныс айтады.

Бәтуаға келген көш сол жерге барып орын тебеді. Шалғыны мол, шөбі бітік, ағып жатқан өзені бар жайлы мекен малға жағымды болып тез көтеріледі. Бір жыл қоныстанып шыққаннан кейін төл егізден болып, жаңағы жердің құтты мекен екендігі байқалады. Риза болған халық:

- Шоқым, шоқы-ақ екен. Жарайсың, - деді. Сонан жаңағы биіктің аты «Ақшоқы» аталып кетіпті.