БАБАЛАР СӨЗІ: Бөгенбай батыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай, «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланып отырады.

***

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Өтіпті біздің қазақ жақсы жайдан,

Естіген тамашалап қалар қайран.

Жасаған Құба қалмақ заманында,

Сөйлейін қанжығалы Бөгенбайдан.

Өтіпті қанжығада қарт Бөгенбай,

Кезінде сонау ерте хан Абылай.

Елін, жерін, мекенін жаудан қорғап,

Көрсеткен ол ерлігін елге талай.

Бөгенбай батыр екен ақ ту алған,

Дүйсенбі Сәтім дейтін жауымды алған.

Жеңіліп жоңғар-қалмақ Құба жонда,

Қазаққа көпке дейін жау болмаған.

Аталып қанжығалы қарт Бөгенбай,

Жауын жеңген қазақтың талай-талай.

Көп жері Құба жонның тынышталып,

Ақтабан-шұбырынды елі болмай.

Қара сұс адам екен, түсі суық,

Ашуланса, келмейтін ешкім жуық.

Биік қабақ, қыр мұрын, тым келбетті,

Еңселі, жауырынды, бір кең иық.

Ат, садақ, қылыш, найза, сауыттарын,

Ер қаруы-бес қару алған бәрін.

Әр елдің батырымен одақтасып,

Өштескен жеңетұғын барлық жауын.

Сол кезде қазақ ханы-Абылай хан,

Бүкіл қазақ даласы осыған тән.

Жау тиіп ел шетіне қауіп төнсе,

«Айыр» деп көмек сұрар Бөгенбайдан.

Бөгенді кейбіреулер хан деп айтар,

Атағы, абыройы ханнан артар.

Естілсе жау дыбысы атқа мініп,

Жау болмаса сайрандап үйде жатар.

Шағатай нәсілінен арғы атасы,

Қанжыға өз руы-бергі атасы.

Әкесі әруақ қонған ер Маянбай,

Шетқурай, Көксуқияқ мекені осы.

Жетпіс алты жасында дүние салған-

Сол жерде Маянбайдың зират тасы.

Атеке деп атайды Маянбайды,

Осы әруақ қолдайды Бөгенбайды.

Ықыласпен қол жайып, дұға қылған,

Кісіні әруақ тағы қор қылмайды.

Маянның кіндігінен үш ұл, бір қыз,

Өзі де қос егіздің бірі дейміз.

Жоянбай, Егінбай мен ер Бөгенбай,

Халифа қыздың аты дейтұғынбыз.

Қос-қостан егіз туып өскендіктен,

Тұқымы Қостуғанның дейтінбіз біз.

Алты ұл бар Қостуғаннан Жоянбайда,

Аналықтай ақылды ана қайда?

«Жеңеше» деп атайды бар туысқан,

Ұйтқысы ол берекенің сол ауылда.

Қасқабай мен Қалбек сонан туған,

Батыр ғой қамал бұзған Қасқабай да.

Малға кедей болғанмен балаға бай,

Он жеті ұл болған екен Егінбайда.

Бір шыр еткен бала жоқ Маянбайдың,

Туын алған кенжесі Бөгенбайда.

Туысқанның баласын баққанменен,

Дариға-ай, өз балаңдай болған қайда?!

Қос-қос қатын алатын ата салты,

Мұра қып ата жолын жүрген арты.

Немереден немере санағанда,

Болыпты еркек кіндік-тоқсан алты.

Қатындар айтады екен «Қостуған» деп,

Егіз-егіз, егізден жұп туған деп.

Үлкенді-аға деп білер, кішіні-іні,

Бір әке, бір шешеден бір туған деп.

Ұраны шақыратын-ер Маянбай,

Маянның туын алған ер Бөгенбай.

Бәрінің алдындағы алтын қазық,

Ер еді жауға шабар, ақылға бай.

Жау десе жабырқамай тұрар жайнап,

Аттанар еркек кіндік адам қалмай.

«Кенжем» деп атайды екен жеңгелері,

«Кенже ағалап» іні мен келіндері.

Алтын тұғыр секілді тұр алдында,

Құрметіне разы қалың елі.

Ер өліп, ел күйзелген қиын істе,

Ортадан ақыл табар Бөген ері.

Ерлікпен Бөгенбай да тартыпты күй,

Сол кезде қанжыға елі тоғыз мың үй.

Бағынбай ешбір жанға дара жүріп,

Сол елге өзі болған хан менен би.

Соғыста қасына ерген ерлеріне

Олжасын шабындының қылыпты сый.

Білмейтін қазақ болмас Бөген атын,

Әкесі Маянбайдан туған затын.

Қан кешкен соғыстарда жаяу қалған,

Беріпті жолдасына мінген атын.

Бірақ сол Бөгенбайдың баласы жоқ,

Алса да бір бала үшін он төрт қатын.

«Бөгенбай әкем» деп, кім мені айтар,

(Иесіз дүниесі үшін басы қатар)

Өзім өлсем, түтінім өшеді-ау» деп,

Тұнжырап ауық-ауық ойға батар.

Бұл жылы қоян наурыз кірген жылы,

Өз халін Бөген байқап білген жылы.

Көңіліне бала деген қайғы түсіп,

Бойында қалмап еді ерлік сыны.

Көзіне көрінбейді дүние бәрі,

Төрт түлік соншалық көп жиған малы.

«Артымда бір шыр еткен болмады-ау», деп

Бала үшін Бөгенбайдың қылған зары:

«Бөген деген атымды,

Кім білмейді затымды.

Бір шыр еткен бала үшін

Жидым талай қатынды.

Көз жасым ақты көл болып,

«Бөгенбайдың ұлы» деп,

Кім атантар атымды?

Он сегіз мың жылқым бар,

Басқа дүнием соған пар.

Бәрін жисам бола алмас,

Бір балаға барабар!

Үйімде жоқ базарым,

Бетімде жоқ ажарым.

Жер ортаға келгенде,

Таусылып отыр амалым.

Ұйқыда көзім ілінбей,

Отырмын тірі көмілмей.

Елу жыл өтті басымнан,

Бір күнгідей білінбей!

Он төрт қатын алғаным,

Он төрт сайға қонғаным.

Қанамады пұшпағы,

Сонша әуре болғаным.

Иесіз малым қала ма,

Қуайын ба далаға?!

Туысқанда бала көп,

Өз баламдай бола ма?!

Көп дәулетке жолықтым,

Қай дұшпаннан қорықтым?!

Елуге жасым келгенде,

Дүниеден торықтым.

Талайды қырған сұм басым,

Не қарғысқа жолықтым?»

Соны айтып ер Бөгенбай жатты үйде,

Жылайды баланы ойлап күндіз-түнде.

«Жалынып, жалбарынып кімге барам,

Құдайым салғаннан соң мұндай күйге.

Жайлауым-айлық көшер Көксуқияқ,

Қалмады Бөген сенде ерлік сияқ».

«Енді атқа мінбеймін»,-деп ант етті,

Артынан ермеген соң жалғыз тұяқ.

Басынан толық дәурен өтіп кеткен,

Түбіне бұл дүниенің кімдер жеткен?!

Жау келіп жапан түзді қаптаса да,

Ілмеуге бойға қару ант еткен.

«Байлық пен батырлықтан түк пайда жоқ,

Опасыз жалған еді мынау, неткен?!»

Қайғырды осылайша Бөген қарты,

Кім білер не боларын істің арты?

Бөгеннің бірге туған бір ағасы-

Егінбай аталатын оның аты.

Өз басы малға жарлы болғанымен,

Болыпты бала-шаға қолғанаты.

Бар екен он жеті ұлы аз да болса,

Сарыбай кенжесінің деген аты.

Біреу малға, біреулер басқа жарлы,

Бар екен мал дегенде жалғыз аты.

Баласы бәрі толық, бәрі бағлан,

Жарыста, той, ойында жүлдені алған.

Бөгенбай Сарыбайды жақсы көред,

«Осы батыр болад,-деп,-туымды алған.

Өзімнің ұлым түгіл, қызым да жоқ,

Мұраға ие болар менен қалған!»-

Деп ойлап, ер Бөгенбай жүреді екен,

Бар болса не қажеті береді екен.

Мал мен басы бөлінбеген еншілес боп,

Бірге жылап, бірге ойнап күледі екен.

Сауықты, салтанатты көшін артып,

Келіндер ылғи жорға мінеді екен.

Осы іс Егінбайға қатты батты,

Деп ойлап, бұл қайғыдан өледі екен.

Балалар, бұрынғыдай ат мінбеңдер,

Деп ойлап Бөген ағам береді екен.

«Қауіпсіз, қайғысыз-ақ ер еді ғой,

Жоқ болса ат пен киім береді ғой.

Үйі басқа болғанның көрі басқа,

Шын тарылса, көңіліне келеді ғой.

Жүрейік алысырақ, балаларым,

Қиналса-ақ жоқшылықтан көреді ғой».

Соны айтып Егінбай да жүреді алыс,

Сонда да үзілген жоқ келіс-барыс.

Айтайын бір әңгіме Хиуадан,

Іс болар кейінірек сәлкем-шалыс.

Сол елде бір ру бар төре деген,

Тегінде дулат-төре бір ел екен.

Белгісіз қайсы жақтан, қашан келді,

Қазақ боп сол өңірде жүреді екен.

Көп естіп, көпті көрген қариялар:

«Сарт төре» деп оларды күледі екен.

Алдыңғы Маянбайдың заманында,

Төреге төрден орын береді екен.

«Хан сайлап, қанжыға елін билейміз»,-деп,

Бөгеннен көп ерегес көреді екен.

Қару тастап Бөгеннің қайғырғанын,

Теп-тегіс дулат-төре көреді екен.

Тым шалғай екі рудың арасы бар,

Байы мен батыр, басшы, данасы бар.

«Хан сайлап, қанжыға елін билейміз»,-деп,

Бөгенмен көптен бері таласы бар.

Кісіге кісі сөзі таң бола ма,

Дүниеде еш күнәсіз жан бола ма?!

Ант етіп аттан түскен кәрі Бөген,

Қайтадан атқа мініп, хан бола ма?!

Ел билеп, орда тігіп, тақ мінбесе,

Батырлық пен байлықта сән бола ма?!

Құлжабек пен Есімбек бірге туған,

Екеуі төре ішінде мықты рудан.

Жиылып төре-дулат бас қосқанда,

«Хан бол» деп, Құлжабекті көп ұйғарған.

Бек сұлу Құлжабектің бір қызы бар,

Көрген жан «әттең-ай!» деп қылады зар.

«Шіркін-ау, қандай жанға жар болар?»,-деп,

Көп жігіт қанжығада аңыз қылар.

Қасқабай сол жігіттің біреуі еді,

Жасынан бір әдеті қызға құмар.

Егерде төре қызын берер болса,

Қасқабай Бөгенбайға қарсы тұрар.

Ол қыздың өзі сұлу Зейнеп атты,

Жас құлындай мүшелі, тым сымбатты.

Тілдессе, көндірмейтін адамы жоқ,

Бір сайқал өзі шешен, діні қатты.

«Теңдесім осы елде сіз ғана»,-деп,

Бір күні Қасқабайды іздеп тапты.

Тіктіртіп көк майсаға ақ шатырды,

Көрсетті неше алуан салтанатты.

Қасқаның сипатына халық қайран,

Көргенде жан болмады таң қалмаған.

Екі иықтың арасы кере құлаш,

Бөгеннен артылады деп ойлаған.

Туысы сұлу еді сұңқар қабақ,

Айдыны Бөгенбаймен барабар-ақ!

Өзіне тума біткен бір мінезі,

Өрт мінез, аңғал еді батыр бірақ.

Сол жылы жиырма төртке келген жасы,

Сом дене, оқшау біткен бой-тұлғасы.

Мың сан адам жиналса бір жазыққа,

Бәрінен асып түсер кесер басы.

Тұтқасы болса жерді айналдырам,

Дейтұғын күші де бар елге мәлім.

Асынған сауыт-сайман бес қаруы,

Айбатын арттырады беріп сәнін.

Он бес жаста батыр деп ел мақтады,

Он сегізде қару ап жауға аттанды.

Талай қырғын соғыста дара шығып,

Жекпе-жекте Қасқаға жан батпады.

Дәйім мініп жүреді қасқа атына,

Мінсе толмас тақымы басқа атына.

Он екі мың жылқыдан таңдап мінген,

Жануар лайықтасқан ер атына.

Алтын-күміс ертоқым айшықталған,

Жарасар күрең қасқа ту сыртына.

Бөгенбай Қасқабайға сүйінеді,

Ерлігін, батырлығын жөн біледі.

Менменшіл, сыңар езу мінезіне,

Кей кезде қабақ салып түрінеді.

Бай қызы өзі сұлу Зейнеп өктем,

Қасына салтанат қып нөкер ерткен.

«Теңдесім осы елде сіз болған соң,

Шақырдым әтей арнап сол себеппен».

Зейнептің Қасқабайға айтқан сөзі,

(Алаяқ кәпір еді қыздың өзі).

«Басқа елден сұлтан, төре іздемеймін,

Еліңнің құмар қылды егіздері.

Мінеки, жасым келді он сегізге,

Көңілім түсіп кетті батыр сізге.

Антпенен сізге қатын болмақпын мен,

Әуелі бір тілек бер, батыр бізге.

Атаңа лайықпын болсам келін,

Елде жоқ батырлыққа сенің теңің.

Ішкі егес, сырттан келген жаудан қорғап,

Әкеме бір билетсең қанжыға елін.

Екі сөз айта алмаймын бұдан былай,

Қорлықта әкем, ағам жүрді жылай.

Кірме деп, шеттен келген біздің елді,

Тырнағын батырыпты Бөген талай!»

Қасқабай көктен іздеп, жерден тапты,

Сөзіне қыздың айтқан ере қапты.

Деп ойлап: «Елден таңдап қыз алсам да,

Алмаспын мұндай бір қыз лайықты.

Бөгенбай өз жайына бара берсін,

Иесіз қалың малын баға берсін.

Мен бармын бүлік шықса екі арада,

Әкеңіз хан ордасын тіге берсін.

Жайлауға-Шетқурайға біз кетейік,

Ермесе, Бөген кәрі қала берсін!»

Бекітті бұлар сөйтіп уағданы,

Тең түсті екі жақтың қуанғаны.

Бел шешпей Қасқабай да жүрді дайын,

Қорғайтын қолбасшы боп хан орданы.

Бұл істен хабарсыз боп Бөген қапты,

Ел жылжып жайлауына көшін артты.

Жау талап жап-жадағай болғандай жұрт,

Екі күнде үдере кетіп қапты.

Жеті мың үйді елден бөліп алып,

Қасқабай Шетқурайға кетті салып.

Мінер ат, киер киім болмаған соң,

Егінбай жан сақтамақ ойда қалып.

Отыз күн Бөген көшіп тоқтамастан,

Белгілі айтқан жерге қонды барып.

Басына Сарышоқының Бөген шығып,

Қарайды төңірекке көзін салып.

Көп күтті арттағы елді, көрінбейді,

Отырды бұл қалай деп аң-таң болып?

«Серт етіп аттан түскен жайымды ұғып,

Қалған ба кейінгі елді жауым алып?!

Дұшпанға талай еткен ісім бар ед,

Шіркін-ай, әкетті ме кегін алып?!»

Қайғысы саналы ердің күнде артады,

Аузынан «аһ» дегенде күй тартады.

Бұрынғы «бала» деген қайғыменен,

Екеу боп қайғы жағын ұзартады.

Қайғыны күннен-күнге Бөген табар,

Бұрынғы қайғысына қайғы жамар.

Қасқабай, Сарыбайдың біреуі жоқ,

Алатын жер кездіріп елден хабар.

Көмілді ер Бөгенбай көрді қазбай,

Кімге айтсын иендегі қайғы аз ба-ай!

Бір хабар кейінгі елден болар ма деп,

Жатыпты Көксуында ала жаздай.

Бөгенді екі қайғы бірдей жықты,

Жылайды жер бауырлап Бөген мықты.

Төре ауылы Шетқурайға көшіп барып,

«Хан орда» деп Құлжабек үйін тікті.

Қыз Зейнеп көңілі толды өз басына,

Тіктірді қонақ үйді қыр басына.

Жібектен керме тартып қойды былай,

Жаптырды қызыл манат ордасына.

Батыр бар Қасқабайдай қолбасында,

Қасында бар талай ер жолдасы да.

Бағынып қыз Зейнептің әміріне,

Билік жоқ Қасқабайдың өз басында.

Аналық зар жылайды мұны көріп,

Тұрған жоқ Қасқабайға ерік беріп.

Үйінде Жоянбайдың көк бедеу бар,

Ат еді ер мінетін жанға серік.

Бір үйде арнап тіккен тұр көк бедеу,

Бола алмас қыл құйрықта оған теңеу.

Арда емген алты жылдай ауыздықсыз,

Болған жоқ тоғыз жылда бір күн жүдеу.

Қайырған желмаяны бір жел тұяқ,

Ел аузы аңыз қылар деп: «Ерге медеу».

Қасқабай көк бедеуге міне алмады,

Мінбек түгіл, қарасын көре алмады.

«Кенжемнің көңіліне алған тұл аты» деп,

Аналық оны қиып бере алмады.

Үш айдың жүзі болып бара жатыр,

Бір-бірін бөлінген ел көре алмады.

Жатады төре ордасын тігіп алып,

Хандықтың түбі соғар неге барып.

Әкесі-хан, қыз Зейнеп-бас уәзір,

Аналық еңірейді күйіп-жанып.

Сондағы Аналықтың қылған зары:

«Төренің ел бүлдірді-ау мына қары.

Қарғайды Қасқабайды «өспегір»! деп,

Сартқа ердің, қалмады ғой беттің ары.

Қан төкпей, қайғы қыспай, көріспессің,

Белгілі Қостуғанның аюлары.

Бермейді не қылсаң да төре қызын,

Төренің баспа деймін басқан ізін.

Жер көрсін қызығыңды, ей, антұрған,

Таусылып бұл жалғаннан дәм мен тұзың!

Шалқыған, үйрек қонған көлім қайда?

Құт қонған Қостуғандай елім қайда?

Қазаққа басшы болып олжа салған,

Қарағым Кенжетайдай ерім қайда?

Құрағы алты ай жазға таусылмайтын

Көрем бе, Көксуқияқ жерім қайда?

Қарағым, жандай менің бауырым-ай,

Құт қонған берекелі ауылым-ай.

Келген жаудан ірге жау жаман екен,

Қарай көр, туысқанның жаулығын-ай!

Сауармын ақ сүтімді көкке қарап,

(Қарағым, Кенжетайым, қалқам манап).

Қасқабай, туғаныңды сартқа саттың,

Жүресің ел бетіне қайтіп қарап?!»

Соны айтып жата берді жылай-жылай,

Көл қылып көздің жасын бұлай-бұлай.

Алдаумен қыз қолына түсіп алған,

Қайрылып қараған жоқ ер Қасқабай.

Маңайын өзге бала баса алмады,

Кенже ұлы бірге жылар Қалыбек-ай!

Бір ер бар қаракерей елден шыққан,

Бөгеннің бірге жүріп сөзін ұққан.

Қабанбай деген батыр оның аты,

Соғысып талай жауын жерге тыққан.

Сейілде жүрді-алпыс жолдасы бар,

Жол аузы Шетқурайдан келіп шығар.

Ежелден ел жүрмейтін құба түзден,

Алдынан жер қайысқан мал ұшырар.

Қабанбай малды көріп қалды таңға:

«Бұрын ел болмаушы еді осы маңда.

Жау болып қапылыста қап жүрмеңдер,

Оңтайлы қару-жарақ болсын қолда!»

Сонымен жүре-жүре малға жетті,

Бұл жерде ел барлығын естімепті.

Қай ру, қайсы жақтан келді екен деп,

Білуге ел шетіне батыр кетті.

Аралап келе жатыр қалың елді,

Сәулетті хан ордасын көзі көрді.

Білуге орда иесін, аты-жөнін,

Жақындап хан ордаға батыр келді.

Сәулетті хан ордасы манап жапқан,

Тәрізді түзге құрған қанды қақпан.

Қолында күміс таяқ қыз кезікті,

Басында үкісі бар бұлғақ қаққан.

Астында алтын жабдық, күрең жорға ат,

Сөйлесті жолаушымен түспей аттан. 119

-Жарқыным, айтшы кімнің бұл ордасы,

Қай бектің, қай төренің бұл қордасы?

Біле алмай елдің жөнін келіп тұрмыз,

Келген бе Абылай ханның қазынасы?

-Қолыма ұстағаным күміс таяқ,

Тұрсың ба біздің бастан хандықты аяп?

Ордасы Құлжабектің,-деді Зейнеп,

Ел жөнін білмейтұғын неткен саяқ?!

Қабанбай қыз сөзіне ширығады,

Құбылып жайдары өңі бұзылады.

«Кешегі Құлжабекті мен білемін,

Дәрежең қашан бар ед хандық сәнді!

Япыр-ай, мынау хандық сайлауын-ай,

Бөгеннің жүруші ең ғой айдауында-ай.

Сөзіңде артықтық бар, ей, шырағым,

Ұзаққа бара ала ма хандығың-ай?!»

-Жарайды, ер Қабанбай айтқан сөзің,

Ерсің ғой құн жоқтайтын сенің өзің.

Егессем, пар келмейсің салмағыма,

Басыма бақыт қонған осы кезім.

-Көріп пе ең Бөгенбайды, балам, өзің,

Баласың жап-жас қана, қалай сөзің?

Сен бүгін Бөгенбаймен жау екенсің,

Төрт болар бәлем әлі-ақ екі көзің!

-Тұр екен қаның қайнап жолдасыңа,

Ит Маян болсын-ақ би үй басына.

Жонында Көксуқияқ қалды өліп,

Сәлем айт, Бөгенбайдай қу басыңа!

Қабанбай қыз сөзіне ашуланды,

Әдепсіз неткен қыз деп қатуланды.

Қылуға қызбен ұрыс тартынбай-ақ,

Қылышын қынабынан суырып алды. 120

Еркіне Қабанбайдың қоя бермей,

Жолдастары: «сабыр»,-деп ұстап алды.

Қыз дағы ашуына мініп алып,

Жіберді «Ел жинал!» деп айғай салып.

«Битке қылыш суыру жарамас»,-деп,

Батырды жолдастары кетті алып.

Жанжалсыз, жала таппай кетті жүріп,

Тұрса да қыз сөзіне іші күйіп:

«Қазаққа басшы болған қайран, Бөген,

Қызға мазақ болдың ба әруақ ұрып?!

Опасыз еді неткен мынау жалған,

Ер Бөген талай елге олжа салған.

Шыр еткен бір баланың жоқтығы ғой,

Қыз екеш қыз да бүгін шықты алдан!»

Соны айтып кете берді жылай-жылай,

Толықсып ат бауырына бірде құлай.

Бөктерлеп Шетқурайды жүріп кетті,

Іздемек Бөгенбайды содан былай.

Қыз сөзі еске түссе сағы сынып,

Іздеді Бөгенбайды күн-түн жүріп.

Төтелеп бір қырқаны асқан кезде,

Кеш батып, көз байланған болды ымырт.

Батырдың қыз сөзіне сынды сағы,

Желге ұшып күл болғандай Бөген бағы.

Бұл ара жау бекінер бір қиын жер,

Белгілі Қабанбайға жердің шағы.

Жан-жаққа көз жіберіп келе жатса,

Ат дүбірі естілді саладағы.

Саладан жалғыз атты шыға келді,

Кісіні жалғыз атты бұлар көрді.

«Елмісің, жаумысың?»-деп жалғыз өзі

Анадай жерден келіп дыбыс берді. 121

Қабанбай: «Кімсің?»-деді және оған,

Көп қой деп қарамады жалғыз бұған.

«Қырамын жау болсаңдар,-деді және,-

Айтпаңдар алдау сөзді, сірә, маған!»

Байқаса, сұңғақ бойлы бір жас бала,

Бекініс шыққан жері қиын сала.

Астында желқом салған көк аты бар,

Дейтіндей білмегендер: «күшін қара!».

Баланың сөзіне жұрт аң-таң қалды,

Қабанбай сипатына көзін салды.

Білеміз Бөгенбайдан енді хабар,

Көрдім бе тұқымынан бір көкжалды».

-Біз бейбіт жолаушымыз жайға жүрген,

Сен жалғыз, сірә, кімсің сайда жүрген?

Сұрасаң, арғы атамды қаракерей,

Жерім жоқ жауды көрсем бір мүдірген.

Білмесең, менің атым ер Қабанбай,

Қалмақ та қазақ түгіл, түгел білген.

-Білемін қаракерей екеніңді,

Бейуақта неге кездің мекенімді?

Жау болып, жазым етіп алдап жүрме,

Бермеспін көп болсаң да мен кегімді?

-Ей, балам, сөзің жаман арындаған,

Көпке аздың күні бар ма жалынбаған?

Атаңды бабаңменен айтып берші,

Шырағым, жан екенсің жалындаған.

-Егінбай-әкем аты, Сарыбай атым,

Қанжыға Маянбайдан туған затым.

Ақырса, ағам Бөген жауды алған,

Жерім жоқ жауға болған, сірә, қатын.

Бөгенбай төр жайлауға кеткен шалқып,

Біз қалдық ойды жайлап, жатақ жатып. 122

Аң аулап шығып едім кешке таман,

Үйреніп қылыш шауып, садақ атып.

-Жарайды, балам Сарыбай, білдім сөзің,

Жас білек ер екенсің сенің өзің.

Бөгенді қыз бен қатын мазақ қып жүр,

Шықты ма оны көрмей екі көзің?

Көзбе-көз естіртейін мұны саған,

Тумағыр, өтірік ер болма маған.

Арысым, қайран ерім, өзі қайда,

Тірі ме, бар ма өзі Бөген ағаң?

Бұны естіп, бала Сарыбай келді жақын,

Сырнайшы, сыбызғышы, әрі ақын.

Батырды үйіне әкеп қонақ қылды,

Ойлайтын кісі екен деп жолдас хақын.

Құрметтеп күндіз-түні Қабекеңді,

Сөйлесті бастан-аяқ сөздің нарқын.

Қабанбай айтып берді бастан-аяқ,

Жолдағы көргендерін тастамай-ақ.

Бөгенді «қу бас» деген сөзді естіп,

Егінбай өз басына салды таяқ.

-Жоқтаңдар, Бөген қанын түгел қазақ,

Болды ма есіл сұңқар қызға мазақ?

Жалғызым дақ тимеген мұндай бопты,

Түсті ме, аяғыма шын-ақ тозақ.

Ел бөлініп, кетіпті берекесі,

Хабарсыз біз қалыппыз, жатып жатақ.

Егінбай талып қалды жылай-жылай,

Шынымен болды ма деп заман бұлай.

Құрып ап төре хандық елді айдады,

Баянсыз ауыспалы, сұм дүние-ай...

Есі кірсе айтады қарғап-сілеп:

-Керекке жарамадың өңшең ұл-ай! 123

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Әкемнің аруағы жоғалды ма,

Шынымен қашқын төре оңалды ма?

Жер көргір қызығыңды он жеті ұлым,

Көрінбей, бәрің жоғал көз алдыма!

Төбемнен жаңа білдім ұрғандығын,

Дүниенің бізден бетін бұрғандығын.

Жараса, он жеті ұлым керегіңе,

Иләһи, болсын сенің құрбандығың.

Сарыбай түрегелді сұрап бата:

«Тірлік болмас,-деді,-үйде жата.

Бұл жолға құрбандыққа мен барайын,

Беріңіз батаңызды, батыр ата!»

Осы жол ажал жетсе өлейін, деп,

Төренің әуселесін көрейін, деп.

Әруақ қолдап тілекті берген болса,

Жазасын қыз Зейнептің берейін, деп.

Қабанбай қолын жайып бата берді,

Сарыбай «әмин!» деп түрегелді.

Бата алып, желқом ермен атын ерттеп,

Бет қойып Шетқурайға жүре берді.

Жол жүріп дәл сегіз күн тыным алмай,

(Жүрістен жауыр көк те келед талмай).

Болғанда дәл тоғыз күн сәске мезгіл,

Шұбалған ән естіді бала Сарыбай.

Таң қалды ән салғанға бала Сарыбай,

Бұл әнде бір мағына болды бардай.

Жүк артқан жүз түйеге сұлу Зейнеп,

Келеді күншілікке өзін жырлай.

Қолына сұлу Зейнеп сыбызғы алған,

Сегіз қыз салтанатпен әнге салған.

Екенін сұлу Зейнеп Сарыбай танып,

Сөйлесіп қалайын деп қарсы барған.

Қыз дағы Сарыбайды көрді танып,

Бойына қорқу кірді шымыр қағып.

Далада иен-тегін кез болған соң,

Ойлады кете ме деп қырғын салып.

-Арасы екі елдің ел ме, жау ма,

Сарыбай, аманбысың, денің сау ма?

Қадірлес, түсің өзге замандас ең,

Әңгіме айт, біраз ғана көңіл аула.

-Қыз Зейнеп, төре қызы, сен бір ерке,

Болды ма әкең бүгін елге серке?

Ордаңды жүз түйеге артып алып,

Көшкенің-үріккенің бе бүгін ерте?

-Үркетін қорқыныш жоқ біздің баста,

Сарыбай, мұндай кесел сөзді таста.

Қаңғырып ойда қалған сорлы кедей,

Денсаулық, жан аманын көңілге ұста.

-Келіп ем мен бір хабар салайын деп,

Еліме бөлек жатқан барайын деп.

Теңдесім сұлу Зейнеп сен болған соң,

Келіп ем қатындыққа алайын деп.

-Мен мақұл болар ма екем сендей жасқа,

Мініпсің кедей байқұс бір қақпышқа.

Маянның бұрынғы көп желігі жоқ,

Қолымда саған қарсы батыр Қасқа.

-Алармын Қасқа түгіл, алаңды да,

Тау түгіл, ойрандармын салаңды да.

Бойжеткен, өзің түгіл, кәрің менен

Қырғынға бір салармын балаңды да!

-Қадірлес, сөзің қайда сыйласыңа?

Кесел қып бөгеу салма қимасыңа.

Өңгеріп ескі әруақты жүр екенсің,

Бөгендей сәлем айтқын қу басыңа.

-Әй, Зейнеп, саған мәлім менің атым,

Болады Маянбайдан туған затым.

Екенін кімнің «қу бас» бір көресің,

Өзіңді кемшілікке қылсам қатын.

-Сарыбай, саған айтам белгілі сөз,

Қапия көш жөнекей болдың ғой кез.

Ордама ертең кеште Қынаменде,

Келіп қайт, күтіп алам, естісеңіз.

Той болар Қынаменде ордамызда,

Көресің сый-сияпат ортамызда.

Келмесең өзің жолық әруағыңа,

Тапсырып мен қосамын дәм мен тұзға.

-Ордаңды сәнмен тіксең бие байлап,

Ордаңа мен барамын Маянбайлап.

Таныдым сөз төркінін айтпасаң да,

Мені алмақ сенің көңілің жіпсіз байлап.

Көр қазба біреуге деп, сұлу Зейнеп,

Өзіңнің қап жүрмесін сорың қайнап.

Әруағы Маянбайдың жоқ болмаса,

Бәлем сарт, түсірермін Тәшкенге айдап.

-О, бәле, қызығыңа молығайын,

Сен келсең, көңілім тынып толығайын.

Келмесең, өз әруағың өзіңе ғой,

Күтпесем, қатын болып жолығайын.

-Қарасаң, кімің бар ед жан-жағыңа?

Егессем жан пар келмес салмағыма.

Амалың қырық есекке жүк болса да,

Түспеспін тоқсан екі қармағыңа.

Екпінім, қыз ойлайды, желдей ессе,

Сарыбай келіп қалар ажал жетсе.

Арманым сонда менің болмас еді,

Қасқабай Сарыбайдың басын кессе.

Туғызсам алауыздық арасына,

Кетер ед берекесі өңшең кешше.

Бұларды көрген адам аң-таң қалған,

Уағданы не де болса, байлап салған.

Ертең кеште келмекке серт айтысып,

Сарыбай кейінгі елге кетті арман.

Сарыбай ойлап барад: «Мынау қалай?

Бұл жерден сау шықпағым екіталай.

Баласы ең бір егіздің бірге туған,

Барайын Аналыққа жанасалай.

Аналық ақылы көп даңғыл еді,

Қалмай ма мені жаудан арашалай.

Қасымда жолдасым жоқ, атым жаман,

Басыма түсер екен қандай заман.

Хан, қараны көндірген Аналық ед,

Барайын мұңымды айтып соған таман».

Аналық бәйбішесі Жоянбайдың,

Шешесі Қалыбек пен Қасқабайдың.

Жүретін мал-жанымен бір ауыл боп,

Жеңгесі Егінбай мен Бөгенбайдың.

Көшіпті хан ордасы күні бұрын,

Көшкен жоқ арттағы ел, отыр жиын.

Жол жүріп көк шолақпен тыным алмай,

Жетіпті қалың елге кешкіқұрым.

«Көп жылқы көгалалы жер қайысқан,

Иесі болар ма екен маған дұшпан?

Көрермін не болса да ертеңгі күн,

Әйтеуір бір ажал бар бізді қысқан».

Аралап көп жылқыны келе жатып,

Кенеттен Қалыбекке жолығысқан.

Қалыбек Сарыбаймен немерелес,

Баласы бір егіздің бір туысқан.

Келді де Қалыбекпен амандасты,

Сарыбай екі көзден төкті жасты.

Жүгірді аттан түсе Қалыбек те,

Інісін «бауырым!» деп қойды басты.

-Сарыбай, аманбысың, қарағым-ай,

Жау десе артта қару-жарағым-ай.

Егермен екі жаққа кеттік көшіп,

Ой, дәурен, күн болар ма баяғыдай?

Құт болған Кенже ағатай жүр ме аман?

Баруға шама да жоқ оған таман.

Байқаусызда Қасқабай бастап кетті,

Болады-ау, осы істің арты жаман!

Сарыбай қорлық көрген көп жылайды,

Бар сөзін Қалыбекке деп жылайды.

Ағеке естідің бе мына сөзді,

Кенжені «Қубас» депті,-деп жылайды.

-Мен келдім өзім жалғыз, сөзім баяу,

Астымда көк шолақ ат, жүрмін жаяу.

Бауырлас туысқан ең, ей, ағеке,

Ажалға ертеңгі күн болдым таяу.

Берсеңіз көк бедеуді үмітім бар,

Көңілімде қалмас еді биттей қаяу.

Қалыбек мұны естіп, көп жылайды,

Ол дағы Кенже қамын жеп жылайды.

Жеңешеңмен екеуміз кейіп жүрміз,

«Қарғыс атқыр, Қасқабай!»-деп жылайды.

Жылаулы жеңешеңнің екі көзі,

Ерте-кеш «Кенжем» дейді айтар сөзі.

Жерім деп Көксуқияқ жылағанда,

Ішқұста былайғы адам болады өзі.

Көк бедеу менде де жоқ бүгін, жаным,

Сенен ат аяғаным, не қылғаным? 128

Сұрасаң жеңешеңнен, бермес пе екен?

Ұнатпас әруақтың жығылғанын.

Сарыбай айтты қызбен сөз байлағанын,

Бір пәле қыз Зейнептің сайлағанын.

Астыма мінер атым болса егер,

Сол қыздың келтірмес ем ойлағанын.

Зейнеп қыз салып тұр ғой, бізге қармақ,

Егізді бір-бірімен шағыстырмақ.

Ертең кеш ордасына бармақшымын,

Болса да көтеріп ап, ауыр салмақ.

Алмақшы төре қызын елді сатып,

Қасқабай қыла алмайды бізге ынтымақ.

-Қасқабай азып кетті бізден өзі,

Қыз десе қызарады екі көзі.

Тура айтса, жеңешеңе қарсы шығар,

Қан төкпек осы күнде бар мінезі.

Көк бедеу байлаулы тұр үйде бүгін,

Мінбек тұр ғой, көрмейді ешкім түрін.

Күніне бес биенің сүтін ішіп,

Тұрады ойнақ салып иен-тегін.

Шідер бар төрт аяққа қойған салып,

Қасқабай міне алмай жүр бедеуді алып.

Алам деп неше нәубет1 қолын созып,

Бұл күнде тоқырап тұр көңілі қалып.

Әйтеуір, тірі жүрміз өлмеген соң,

Кенженің алтын жүзін көрмеген соң.

Құтыртты ер Қасқабай елдің бәрін,

Ерікті әрең жүрміз бермеген соң.

Бір үй бар көк бедеуге тігіп қойған,

Жеңешең жаңылған жоқ ақыл-ойдан.

Аман боп Кенжетайды көрсем дейді,

Өлім ғой айрылғаным жалғыз тайдан.

Басына ноқта салып ойнақтатып,

Үш мезгіл жер шөбінен тұрар татып.

Кешке әкеліп бағады үйге байлап,

Ешкімге бере алмайды жайтаңдатып.

Жеңешең кеше маған ақылдасқан,

(Балада жалғыз маған жақындасқан.)

Жыласа ертелі-кеш жан шыдамас,

Қасқабайға емшегінің сүтін шашқан.

Өзіңе айтатұғын бір ақылым:

Деймін ғой жолы болмас бұзақының.

Ауыздан шыққан сөзді шығармалық,

Қоймасын бірі біліп қияңқының.

Балалық қылма, Сарыбай, ей, қарағым,

Бөтен деп ойлай көрме, мен-жақының.

Сұрасаң, жеңешеңнен атты бермес,

Тіліне еш адамның ерер емес.

Әуелі, ел жайынан хабар беріп,

Көрісіп жеңешеңмен бар да тілдес.

Көресің көк бедеуді қазір барсаң,

Көк бедеу ымырт болмай үйге кірмес.

Қапысыз жабдығыңды ал, түгел жайлап,

Баба шал көк бедеуді жүрер байлап.

Белгілі көк семсер мен ақ сауытты,

Ала шық ер тоқыммен тағы сайлап.

Түн бола аттан салсам, қапы қалма,

Осындай қайламен ал, сұрап алма?

Аттандаған кезімде міне алмасаң,

Айырылдың көк бедеуден, амал бар ма!

Далада мен жүремін жылқы бағып,

Айтарсың жеңешеңе мұңды шағып.

Жөн сөзге ат беруі екіталай,

Жеңешең білмей қалсын, жүрміз нағып?!»

Сарыбай елге таман жүріп кетті,

Кеш бола Аналыққа келіп жетті.

Аналық Сарыбайды көргеннен соң:

«Сағынтқан, қарағым!»-деп зар еңірепті.

Сұрайды жылап тұрып елдің жайын,

Сарыбайдың айтатын сөзі дайын.

-Қазаққа басшы болып олжа салған,

Қарағым, аман ба екен Кенжетайым?

Қайғыда-жүрегім қан күнде менің,

Келгенің жақсы болды-ау, қалқам сенің!

Жалғызым не күйде екен, о, дүние-ай,

Бала еді қайғырғаны сол Кенженің?!

Қайғының бәрін айтып отыр қозғап,

Түйедей ботасы өлген отыр боздап.

Аздан соң үйге кіріп сусын берді,

Сарыбай алар істі отыр болжап.

Қалың ел бейғам жатыр сақтанбаған,

Жігіт жоқ қанжығада мақтанбаған.

Кеш болып, көз байланған мезгіл еді,

Естілді қатты сүрен аттандаған.

Шу етіп жұрттың бәрі үдірейісті,

Құлаққа түнгі дауыс қандай күшті.

Өзіне керектісін жинап алып,

Сарыбай сыртқа қарай құстай ұшты.

Дауысқа аттандаған елеуірлеп,

Шал менен көк бедеу де арпалысты.

Сарыбай жетіп барып атқа таман,

Ер салды үш айылды болмай шабан.

Айыл тартып мінуге мұрса келмей,

Секіріп мініп алды ол жалма-жан.

Үстіне бедеудің тез мінді барып,

Бір шоқтық, бір сауырға тиді барып.

Көк бедеу шыққан әлгі айғай жаққа,

Адамдай тартып барад тура салып.

Кідіріп, айыл тартып, мінді жайлап,

Барады жүрген сайын көзі жайнап.

Дауысты аттандаған келіп тапты,

Сол жерде ер-тұрманын алды ыңғайлап.

Қалыбекпен екеуі кетті жүріп,

Ел бейбіт, мал жайылып, қалды тынып.

Бір бетке жан жүрмейтін шығып кетті,

Бармаққа ертең қызға сөз пісіріп.

Сарыбай болды разы жолдасына,

Біледі қас қылмасын өз басына.

Зейнеппен сөз байласқан уақыты сол-

Бармақшы кешке ханның ордасына.

Бәрі жау ондағының Сарыбайға,

Кірмекші сөйтсе дағы ортасына.

Бекініп тауда жатты кешке дейін,

Жеңістен тұр алдыда қауіп бейім.

-Қалыбек, алда жалым, ей ағеке,

Тыңдаңыз, бір кеңесті мен сөйлейін:

«Бұл ісім-тілегенім өз басыма,

Барамын кешке ханның ордасына.

Қол бұлғап ажал маған тұрса дағы,

Отырам қыздың барып оң қасына.

Ордадан аман шықсам өлмей егер,

Жоқ болса қарызым кімде, ат қасымда?»

Қалыбек мұны айтқан соң еңірейді зар,

-Қарағым, айналайын, бала сұңқар,

Ордадан шыққан кезде ат бермесем,

Қалайда сенің қаның мойнымды алар.

Осылай бұл екеуі серт етісті,

Сарыбай бойға жиды барлық күшті.

Қаупі жоқ ат, қарудан бүгінгі күн,

Көрсетпек хан ордада қиын істі.

Астында екеуінің екі тұлпар,

Бет қойып хан ордаға құйылысты.

Ордаға таяу келіп аяңдаған,

Ханымыз ардақты деп аянбаған.

Орданың қарсы алдында жанған от бар,

Мәнісін бұлар да жоқ баяндаған.

Келеді жанған отқа аң-таң қалып,

Қыз тұрды неше түрлі қайла салып.

Орданы сегіз қанат тұр сыртынан,

Жаяулап сансыз кісі қамап алып.

Бәрінің қолдарында қаруы мол,

Өтуге мүмкін емес топты жарып.

Екі ер жол үстінде кеңеседі,

Ат басын тартып біраз тұра қалып.

Қалыбек ақыл айтты інісіне,

Өзінің бірге туған жынысына.

-Қарағым, ажал айдап барасың ба,

Төренің мына сансыз қылышына?

-Осы ма маған қарсы құрған қармақ?

Қолдаса серпіп шығам қонған әруақ.

Қайтемін тірлікте бұл аяп жанды,

Әйтеуір, бір өтеді дүние бейбақ.

Не қылам бұл тірлікте аяп жанды-

Бармаққа не де болса дайындалды.

Бөгенді «Қубас» деген сөзге бола,

Оған құрбан қылмақшы, шықса жанды.

Үстінде ақ сауыт бар, қолда семсер,

Қорамсақ-бәрі толық айбынды ер.

Күші алып, адуынды, түсі суық,

Соғысқа жас күнінен болған шебер.

Жері жоқ қауіп ойлап өкінетін,

Қаруы бір басына әбден жетер.

Тізгінін көк бедеудің түре салып:

«Қалыбек аға,-деді,-батаңды бер!»

Қалыбек жалынады атасына,

Інісі қолын жайды батасына.

-Жаратқан жалғыз Алла, бір оңғарсаң,

Адамның түзетуші ең ғой қатасын да.

Сарыбай, тілеп тұрсың, міне, батам:

Қолдасын әруақ қонған Маян атаң.

Жол берсін қырық шілтен, Ғайыперен2,

Оңдасын Тәңір бастап болса қатаң!

Бата алып бала Сарыбай қадам басты,

Сол кезде он алтыға келген жасы.

Үш жүздей қылыш алған адам бар ед,

Аяңдап соған барып араласты.

Көреді қызды төре Тәңіріндей,

Ол айныса, бейне Алла әміріндей.

Қолына қылыш алған жесекшілер3,

Жаусырап аңсап тұрған бәрі бірдей.

Сарыбай келе жатыр қадам басып,

Жендеттер бірге жүрді қатарласып.

Ұр демей қылыш ұрмас ешқайсысы,

Тұр пысы қыз Зейнептің сондай асып.

Атта тұр екі жүзден артық кісі,

Ол дағы істеп қойған қыздың ісі.

Бәрінің қызсыз қимыл етері жоқ,

Көрінбек ақыр қыздың бір белгісі.

Қарай көр, Маянбайдың баласына!

Әскердің жаяу кірді арасына.

Зейнеппен серт айтысқан уақыты сол,

Кірмекші ханның сұсты ордасына.

Келеді бала Сарыбай үйге таман,

Болар деп, бүгін басқа қандай заман.

Бір ауыз жөн сұрайтын адам да жоқ,

Төренің жаусыраған түрі жаман.

Ортасын көп төренің аралайды,

Бетіне бір адамның қарамайды.

Кешегі ойнап жүрген жас бала еді,

Көп адам Сарыбайды танымайды.

Жан-жақтан жаяу кісі тұрған бағып,

Келеді бала Сарыбай қайқаң қағып.

Самсаған сары қолдың арасында,

Келеді қорқынышсыз бала нағып?

Аттыны алыс қойған анадайға,

Біреу жоқ сонша топтан тұрған жайға.

Ордаға ойран-ақ деп кіріп кетті,

Мұндайда жігіт сөзін қыз сынай ма?

Сарыбай қалар емес сөзден тайып,

Қолдайды ата Маян, Еренғайып.

Ордаға сән-салтанат құрған екен,

Тастапты есік, төрге кілем жайып.

Бір қарап Сарыбайға сұлу Зейнеп,

Қалады қажымас деп ол азайып.

Қолына сұлу Зейнеп сыбызғы алған,

Қасында көп қыз отыр әнге салған.

Бірі де көп әскердің үйге кірмей,

Бәрі де сыртта қалды қылыш алған.

Қарайды сұлу Зейнеп ерге таман,

Сарыбай кеп отырды төрге таман. 135

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Жайнаған алтын тудай айбаты бар,

Қорқыныш көңілінде жоқ, түрі жаман.

Сарыбай қызға айтады:-Келдім саған,

Нендей сый бермекші едің, келсем, маған.

Мен өлсем, артымда бар сансыз егіз,

Сен өлсең, жетер ме екен тайға бағаң?

-Сарыбай, ей, бейшара, кедей сорлы,

Басыңа жинап келдің ажал торды.

Ішіне хан орданың кіретұғын,

Бар еді не жұмысың әлде о ғұрлы?

-Бір ойран келіп едім салайын деп,

Ордаңды дәл ортадан жарайын деп.

Теңдесім, сұлу Зейнеп, сен болған соң,

Келіп ем тоқалдыққа алайын деп.

-Мен сендей жан көргем жоқ әуре-сарсаң,

Қыз алмақ екенсің ғой ойда қалсаң.

Бетіңе «мен» дегенің таңба болар,

Жарайды мені қойып, шешеңді алсаң.

-Зейнеп-ау, білемісің мен-Сарыбай,

Мен саған кете алмаймын бір дарымай.

Болсын-ақ сені алмасам, шешем қатын,

Болсын ба, маған тисең, Құлжабек бай?

-Көңіліңді кедей сенің жай қылайын,

Басыңа іздеп келсең, қайғы дайын.

Қаңғырып ойда қалған сорлы кедей,

Әкемді саған тисем, бай қылайын!

-Ауылым көшіп қонды кеңшілікке,

Қыз Зейнеп сені алмаймын теңшілікке.

«Қайлақы ел бүлдірген дүзқара» деп,

Алармын, бұрымыңды кесіп, кемшілікке. 136

-Садаға кет, сен менің ар жағыма,

Лайық жазаң да бар қалжағыңа.

Басыма бағым қонған осы кезім,

Сен түгіл, Бөген жүрмес зардабыма.

Қаңғырып ой мен қырды кезіп келіп,

Ілініп отырсың ғой қармағыма.

Асыққан ажалына сорлы кедей,

Жете ме көзің тірі қалмағыңа?

-Жөн саған мән-жайымды алсаң ұғып,

Жау десе Маян жатпас үйде бұғып.

Шашыңды кесіп, тіліп табаныңды,

Еліңді мен шабармын ойнап-күліп.

Екпіні Сарыбай есіп тұр,

Көңілі қаулап өсіп тұр.

Айтқан сөзі қыз көңілін,

Қылыштай бейне кесіп тұр.

«Қарағайдай көп төре,

Қайғы көрсем өлмексің.

Айғай салып шақырсам,

Әміріме көнбексің.

Қораға кірген қоянның

Тез ажалын бермексің»

Төрелер кірді жыпырлап,

Босаға кетті сықырлап.

Апыр-топыр көпшілік

Кіріп жатыр тыпырлап.

Алдыменен Бекетай

Келіп кірді сыпылдап.

Бала Сарыбай байқайды,

Жаудан неге тайсайды.

-Ей, жігіттер, бүйтпеңдер,-

Деп төр жаққа тайқайды.

Туысың бірге замандас,

950

10

Қызға ерме,-деп қалпайды.

Асығып кірген Бекетай,

Ашумен басын шайқайды.

Сарыбай семсер суырды,

Апшысын жаудың қуырды.

Алдымен кірген Бекетай-

Оның көңілі суынды.

Төреге салды күдерді,

Ажалға бермес шідерді.

Хан орданың ішінде

Суырып алып семсерді,

Үш-төрт бұлғап жіберді.

Біреулер қалды өкіріп,

Біреулер жатты секіріп.

Қан шыққан соң, қайратқа

Сарыбай алды бекініп.

Төр жабықты қылышпен

Быт-шыт қылды екі ұрып.

Секіріп құстай ұшады,

Қайратпен қылған ісі еді.

Айтылған сөзде қапы жоқ,

Өзі де шапшаң кісі еді.

Ордадан сыртқа секіріп,

Тиындай ырғып түседі.

Сарыбай шықты ол жаяу,

Жатпаған әлі жұрт ояу.

Қандай күйде болад деп,

Қалыбек те тұр таяу.

Қажымас ол да ер еді,

Сарыбайды көреді.

Жетелеген бедеуді

Көлденең әкеп береді. 138

Сарыбай атқа мінеді,

Қалыбек сонда күледі.

Таң мезгілі ай туған,

Ат маңдайын дәл қойып,

Айға таман жөнелді.

Атты әскер хабар сонда алған,

Айғайлап ұран қыз салған.

Астында қасқа тұлпар бар,

Қасқабай батыр із шалған.

Ер қаруы-бес қару,

Түзетіп алып аңғарған.

Желіп кеткен екеуге,

Таяу келді жандәрмен.

Сарыбай артқа қарайды,

Қайрат пен күшке балайды.

Жаудан беті қайтпаған

Жақындап Қасқа жанайды.

Мұндай емес толғаулы,

Көрген батыр талайды.

Түн ішінде көрсоқыр,

Сарыбай білмес бұл жайды.

«Атымды ұста, Кәке»,-деп,

Қалыбекке қарайды.

Жау жақындап таянды,

Шақырды әруақ Маянды.

Өңмеңдеп қуған төреге,

Оқ атуға таянды.

Секіріп аттан түседі,

Тәуекел деген іс еді.

Қасқабайды айдаған

Ажалдың азу тісі еді.

Қорамсаққа қол салды,

Бір салғанда мол салды.

Сегіз қайың, бір шойын,

Тоғыз оқты қолға алды.

Шағындап салар кісі емес,

Жетпейтін оның күші емес.

Тоғыз оқты қабаттап,

Түгел салып тартады-

Аянар жері бұл емес!

Табандап тұрып тартады,

Жас қайраты артады.

Қараңғы түннің ішінде,

Көмескілеп дарытады.

Зымырап оқ кетеді,

Қасқа атты ерге жетеді.

Қынаптан шыққан шойын оқ

Төңкеріп тастап өтеді.

Тағы да арман кетеді,

Ажалдыға жетеді.

Қабаттап шапқан көпшілік,

Он сегіз өрден өтеді.

Осыған тағдыр бастапты,

Қынадай қырып тастапты.

Иесіз шауып, бос келген

Таныды Қалыбек қасқа атты.

-Тоқта, Сарыбай, қарағым,

Былғанды қанға балағың.

Жеңешеңнің қарғысы-ай,

Қарашы жалған шолағын.

Орының болсын жәннаттан,

Бар қанша басқа амалым?!

Айырдың, қалқам, жағаңды,

Сілейтіп аттың ағаңды.

Жалғанда кегім бір бітпес,

Қандырдың, төре, табаңды.

1

Кетірермін сыныңды,

Көп қылармын күніңді.

Ой, бауырым, Қасқабай,

Бір қасқаға жүзбенен

Бітірермін құныңды.

Тоқта, Сарыбай, тарт қолды,

Болдық бүгін қан жолды.

Елді жиын қылайық,

Бөгелмей енді неғұрлы.

Соны айтып, мінгізді атқа Сарыбайды,

Атқан оқ Сарыбайға дарымайды.

Тоқтамай сол жүргеннен жүріп барып,

Көксудан іздеп таппақ Бөгенбайды.

Шықты да былай таман ақылдасты,

Кетуді жөн білдіріп мақұлдасты.

«Жеңешең бұл хабарды біліп қалсын,

Хабарсыз қалса артымыз, оң болмас-ты».

Соны айтып елге таман келді жетіп,

Кетпекке Аналыққа хабар етіп.

Аналық ұйқылы-ояу жатыр екен,

Тұсына жетіп келді дүбірлетіп.

Тоқтады жетіп келіп үйге таяу,

Қан жұтқан екеуінің көңілі қаяу.

-Қан төгіп, біз қайғыны тауып келдік,

Жеңеше, жатырмысың ұйқылы-ояу.

Аналық:-Бұл кім,-деді,-келіп тұрған,

Еркіндеп тұлпар атпен желіп тұрған?

Қан төктік дегендерің не деген іс,

Оңай ма кісі өлтіру, ой, антұрған?!

Айрылып көк бедеуден қалдым кеше,

Болған жоқ өлтіргенің елге есе. 141

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Қаншасын өлтірсең де пайдасы жоқ,

Қасқабай мен ит төре ел билесе.

Сөйлейді екеу барған елден саяқ,

Айтады істегенін бастан-аяқ.

-Өлгенін неше кісі білмей қалдық,

Өзіміз аман келдік жемей таяқ.

Табылар айтпағанмен сөздің шыны,

Қылышты сыйғызбай тұр қанды қыны.

Қан толып екі көзге көрмей қалдық,

Өлгені нешеу екен, әлде кімі?

Қасқабай өлді бірақ жазым тауып,

Соғыста тұра алмадық қылмай қауіп.

Қарғысың сол бейбаққа дәл келіпті,

Қарғап ең, ықыласпен емшек сауып.

Айтпаңыз бұл хабарды басқа жанға,

Ертең кісі салыңыз төре-ханға.

Қыз берем деп, ұлымды өлтірдің деп,

Іргеңді бөлек сап ал ертең таңда.

Аналық деді сонда: -Жүрегім-ай,

Қасқабай, қайран ұлым, тірегім-ай.

Әруағы атекемнің аман қоймас,

Қарғап ем, келген екен тілегім-ай!

Сілесі әруақтың аман қоймас,

Ежелден тұқым едің қанға тоймас.

Сөзінсіз Кенжетайдың іс қылмаңдар,

Тез барып сол сабазбен әбден ойлас.

Мұндағы жұрттың аузын тыйғызамын,

Төрені бір қауызға сыйғызамын.

Таң ата Құлжабекке кісі салып,

Мал-жанын құрбандыққа қиғызамын.

Екеуі «қош» деп, түнде кетті жүріп,

Тұрмады бұл өңірде аз кідіріп.

Жол жүріп сегіз күндей тыным алмай,

Белгілі Сарышоқыға жетті кіріп.

Отыр ед Сарышоқыда қарт Бөгенбай,

Кейінгі ел шабылды ма, мынау қалай?

Елдің қайда екенін білген жан жоқ,

Көрер ме, бұдан былай екіталай.

Үміттей осы кезде елбең етіп,

Қырқаны шықты екі атты жан асалай.

Жас түлек ерлері бар бірге отырған,

Селт етіп кәрі-жасы қалды қарай.

Екі адам келе жатыр бүлкектетіп,

Қарайды отырғандар елең етіп.

Елеулі көзі өткір ед Бексұлтанның,

Таныды көк бедеуді көзі жетіп.

-Таныдым Қалыбектің шын екенін,

Білмедім көк бедеуді кім мінгенін.

Бір хабар кейінгі елден енді болды,

Кәрі аға, білдік елдің қайда екенін.

Бөгенбай мұны естіп еңірейді зар:

-Болғанға жаным құрбан елден хабар.

Тек емес кейінге елдің қап қалғаны,

Әйтеуір, үлкен сойқан бір сұмдық бар.

Дегенше, анау-мынау келді жетіп,

Астында екі тұлпар екпіндетіп.

Хал-жайдың көрген-білген бәрін айтты,

Жыласып болғаннан соң көріс етіп.

Айтады істелгеннің бәрін қоймай,

Кеткенін тағы айтты қанға тоймай.

Өлгенін Қасқабайдың естіртіп ед,

Бөгенбай: «Ой, бауырым!»-деп салды ойбай.

Ішіне қарт батырдың қаптады шер,

Маңайын жинап алды Бөгенбай ер.

-Төренің осы күнін көп қылайын,

Бұларды қысқан екен бір арам тер!

Елінің ат шаптырып бәрін жиды,

Қайратын, ашуланып, кәрін жиды.

-Хан болған Құлжабектің қылығына,

Ақыл тап енді, елім, бәрің,-дейді.

-Балалар алып келген елден хабар,

Кім болсын сізден басқа ақыл табар.

Қалғанша қасықтай қан көріп алдық,

Бір жан жоқ жарлығыңнан тыста қалар.

Қайтарып, елді бастап келесіңдер,

Қарсыласса, жазасын бересіңдер.

Ол дағы толып жатқан аталы жау,

Барған соң ақылдасып көресіңдер.

Маянбай бейітіне тілеу тілеп,

Бата алып содан былай жүресіңдер.

Ақ туын Маянбайдың алсын Сарыбай,

Артынан басқаларың ересіңдер.

Бейіті-Маянбайдың он бес күндік,

Жігіттер атқамінер қалмасын түк.

Бұл төре хандық құрып, ел бүлдірді,

Шулатып қалың елді, мені күндеп.

Өлгені Қасқабайдың екі жара,

Төренің бұл қылғаны бітпейтін кек.

Сол күнде Маянбайдан жеті кенже,

Үлкені Сарыбай мен Бексұлтан-ды.

Тұманбек, Жұманбек пен ер Айдарқан,

Әрбірі мың кісілік жауынгер-ді.

Аттарын жетеуінің түгел айтсақ:

Садырбек пен Тыныбек енді екеуі.

Он бес пен жиырмада бұл жетеуі,

Сарыбай-он жетіде ең шебері.

Сағымдай садақ жетпес қайла-әдісі,

Ақылшы, жол табатын кемеңгері.

Бәрінің алдындағы алтын қазық-

Ақылмен кеңес берер Бөген ері.

Барлығы бір Маяннан жалғыз текті,

Қай-қашан егескенге бермес кекті.

Мал айдап, қосын артып, бастап қолын,

Бейітіне Маянбайдың жүріп кетті.

Көксуда жайын жатқан бие байлап,

Аттанды мыңдай кісі «Маянбайлап».

Бетке алып дүйсенбіні-сәтті күнді,

Күзекке көп жылқыны жүрді айдап.

Жаратты қос-қос тұлпар жас батырлар,

Ішінде Бөген сұңқар ақыл табар.

Жылқыдан Нарқызылды ұстатады,

Мақтаған төл аты еді жаны құмар.

Мінгізіп Нарқызылды Сарыбайға,

Ақ туын Маянбайдың беріп қолға.

Қайтарып көк бедеуді Қалыбекке,

Байырғы мал тұқымы деп, қолтума.

Жаратты Бексұлтан жас Ақкекілді,

Жануар ер мінетін ат секілді.

Құнанында елу түйе беріп алған,

Ер мініп, жауға шапса бап секілді.

Маянның саңлақтары жиылып ап,

Төреге салмақ болды бір өкімді.

Жоқ екен келгендердің бірер жаты,

Келсін деп күтіп жатты күннің сәті.

Әкесі Маянбайдан бері қарай,

Сәт тұтқан дүйсенбіні Бөген қарты.

Төрт боз ат төрт діңгекке қойды байлап,

Сайланды сегіз батыр қару сайлап.

Ақ туын Маянбайдың жерге шаншып,

Бөгенбай ұран салды: «Маянбайлап!»

Мойнына кемер белбеу тұрды салып,

Кейде есін жиып алып, кейде талып.

«Атекем, әруағыңмен бер шарапат,

Бұл күнде балаң,-дейді,-болған ғарып».

Күн ыстық, әуе қайнап дуылдаған,

Халық көп қоршап сырттан шуылдаған.

Бөгенбай көп зарланып жылағанда,

Жайқалып, ту созылып суылдаған.

«Жасаған берді,-дейді,-тілегімді,

Дұшпаннан қайтармасын жүрегімді.

Көп барсаң, қолға байлау боласыңдар,

Сегізің тоқтатыңдар жүрегіңді».

Байлаулы төрт боз атты айтып сойды,

Жиылған жұрт қымыз бен етке тойды.

Басшысы сегізінің Сарыбай боп,

Белгілі Шетқурайға бетті қойды.

Бөгенбай бата берді балаларға,

Сақтаса жалғыз Алла пәле бар ма?

Не жаман көп жаманды көмекке ертіп,

Ажалың жетіп тұрса шара бар ма?!

-Ақылың өссін, ырысың,

Білінсін жауға дыбысың.

Сарыбайға қарсы келмеңдер,

Қарсы келген адамның

Тұқымы өспей құрысын!

Жауға шапса турайтын,

Ұстаған қолға қылышың.

Сегізің барып төренің,

Бітіріп қайт жұмысын.

10-127146

Сегізі тұлпарларын мінген баптап,

Найзасын, болат қылыш алған саптап.

Батасын қарт Бөгенбай бергеннен соң,

Бейіттен тура шапты «әруақтап».

Бәрінің тілегені осы болды:

Аман-есен қайта кеп, дәм-тұз татпақ.

Серпіліп топтан шығып түзеледі,

Көрем деп жауды қашан кезенеді.

Суыт жүріп жау бейғам шақты ұтпақ,

Сарыбай ақыл табар көзел еді.

Жол жүрді дамыл алмай Шетқурайға,

«Қолда!» деп, жалынады Маянбайға.

Бауыры Шетқурайдың Қарабастау,

Белгілі сегіз күнде түсті сайға.

Қостарын тікті жайлап келген артып,

Байлады тұлпарларын керме тартып.

Болғанша Маян сәті сонда жатпақ,

Жас түлек өңшең батыр қайраты артып.

Жеті күн сол бастауда жатты жайрап,

Керекті жауға лайық қару сайлап.

Ақ туын Маянбайдың жерге шаншып,

Сарыбай ұран салды «Маянбайлап!»

Ел жатыр Шетқурайдың биігінде,

Қасқаны құзғын жеген күйігінде.

Жиылып төре-қара ақылдасар,

Бір ақыл таппақ болып күндіз-түнде.

Аналық оған күнде салған хабар,

-Ел бұздың, ерім өлген құным да бар.

Берем деп төре қызын алдап барып,

Оқ атып, лайық па қылыш шабар.

Өлгенін Қасқабайдың төре біліп,

«Кімнің қылған ісі?»-деп аң-таң қалар. 147

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

«Қан қызды» деп іргесін бөлек салар.

Төрені жиып алып қыз кеңесті

«Егіздер тапқан екен нан жеместі!»

Інісі Бекетайдың Бекбау деген,

Қолбасшы осы адам болад десті.

Ол дағы қару-жарақ жиып жатыр,

Дүрілдеп өз әлінше болды батыр.

Бекбау да қызды алмаққа сөз байлады,

Болса да айырылмасқа заман ақыр.

Өзінің ортасында батыр еді,

Екі ұдай ерегесте жауға татыр.

Шетқурай деген биік бір үлкен тау,

Тап-тату ел боп кетті осынша жау.

Сөзі де Аналықтың батып барад,

Болды әйтеу бір сайыспай, бітпейтін дау.

Күн жылжып жексенбінің күні болды,

Қыз Зейнеп ақыл ойлар оңды-солды.

Жылқыны бие ағыта айдап шықты,

Аңдамақ Көксу жақтан келер жолды.

Атын тастап биікке шыға келіп,

Көрді ол бауырдағы дайын қолды.

Дүниенің жақын екен кең мен тары,

Зейнептің ойға түсті қайғы-зары.

Таныды тауда тұрып ердің бәрін-

Жас түлек Маянбайдың балалары.

Ішінен танып көрді Қалыбекті,

Бірі ойдан, біреулері қырдан кепті.

Адамның құты қашқан соң оңала ма,

«Құдай-ау, енді қайда барам?» - депті.

«Белгісіз қанша адамды ажал қысты,

Ақылмен болған егіз ішті-пысты. 148

Еркек болсам, ел тауып кетер едім,

Құдай неге жаратқан қыз байқұсты».

Зейнептің тұрған жерде буыны құрып,

Үстіне бір жалпақ тас міне түсті.

Ешкімнен көретұғын жұмыс емес,

Бастаған өзі еді ғой бұл жұмысты.

Отырды сонда Зейнеп аз тыйылып,

Өлімге өзін арнап, жанын қиып.

«Жалғыз мен қайғырғанмен не табармын?

Бір ақыл табар,-деді,-жұрт жиылып».

Дүйсенбі ертеңгі күн Маян сәті,

Кермеде байлаулы тұр тұлпар аты.

Бөген «қу бас» болса да, арты мол ғой,

Жетпегір, жеткен екен қолғанаты.

Қыз Зейнеп жаяу жүрді атқа таман,

Болар деп ертеңгі күн қандай заман.

«Тілге келсе көрмеспін кемшілікті,

Сөйтсе де істің болды-ау арты жаман.

Алты мың-әкеме көп жылқы біткен,

Қыз болсам, не етер едім бойды күткен.

Қырғын келгір, Маян-ай, неткен елсің,

Тастүлек балапандай арттан жеткен».

Зейнеп сонда жылайды,

Өзінен-өзі мұңайды.

Жайнаған жауды көрген соң,

Қайтіп сорлы шыдайды.

Баршамен4 белін байлаған,

Жылқысын мыңдап айдаған.

Қайғысы түсіп ішіне,

Бұлбұлдай Зейнеп сайраған:

-Желіккен жауға кез болдым,

Болмады-ау ісім ойлаған. 149

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Жау қолына кеттің бе,

Қаракөк түсті көп жылқым

Шырақтай көзің жайнаған?

Ордамды ойран қыла ма?

(Сорлы Зейнеп жылама!)

Ауыспалы дүние-ай,

Үнемі қолда тұра ма?!

Алды-артым бірдей жау,

Қайда бардым, япырым-ау?

Тең тұсым да жетер ед,

Бөгенге тиісіп нем бар-ау?

Жылқысын Зейнеп айдап үйге жетті,

Сақтаныңдар, жау бар деп хабар етті.

«Бауырында Шетқурайдың қаптап жатыр,

Білмедім қанша екенін, көрдім»,-депті.

Ел жиылып қайратқа мінді бәрі,

Дуылдасы, сөйлесіп жас пен кәрі.

Ақыры не боларын қайдан білсін,

Құтырды төре Дәулет батырлары.

Иірді жесек салып жылқы малды,

Мінерлік атын ұстап дайындалды.

Асынып қару-жарақ белсенеді,

Сақтамақ жауға бермей мал мен жанды.

Осылай жата тұрсын Дәулет төре,

Болады ертеңгі күн қандай өре?

Мал сойып, елін жинап, күтіп жатыр,

Тамағы ішкен-жеген атаукере.

Сарыбай ат күзетті жатпай өзі,

Ертең-ақ жауға шабар келер кезі.

Таңертең атты әкеліп байлап қойып,

Ұйқыға біраз кеткен болды кезі.150

Ішеді жас түлектер тамағын қып,

Күресіп бірін-бірі жүрді жығып.

«Жігіттер, ат ертте!»-деп ұшып тұрды,

Сарыбай Маянбайды түсте көріп:

-Түс көрдім жаңа ғана жатқан жерде,

Түсімде көрдім,-дейді,-Маян ерді.

Басшы боп осы жолы барамын деп,

Ата-екем маған келіп хабар берді.

Бексұлтан да атамды көрдім,-дейді,

Ат-жөнін әбден байқап білдім,-дейді.

Кісі екен айыр сақал, ұзын бойлы,

Көруге қарағымды келдім,-дейді.

Келіп ем қарағымды көрейін деп,

Дәрежең, үстем болсын, мерейің деп.

«Маяндап» тынышымды кетірдіңдер,

Келіп ем, енші бөліп берейін деп.

Үстінен ақ сауытын берді шешіп,

Жоқ екен өн бойында ешбір тесік.

Қолындағы қамшыға көп қызықтым,

Қамшысын бермей кетті халім нешік?

Қылышы көрініп тұр қынабында,

Ата-екем не себепті келді мұнда?

Астында маңғыл қасқа торы аты бар,

Ойлаймын шыға ма деп түсім шынға.

Тыныбек сонда айтады:-Мен де көрдім.

Орнымнан қуанғаннан түрегелдім.

Қарағым, енші берем дегеннен соң,

Қылышын маған берді, «бер» деп едім.

Жасаған берді дейді тілегіңді,

Дұшпаннан қайтармасын жүрегіңді.

-Қамшысын маған берді,-деді Қалыбек,-

Орады бүлдіргесі білегімді.

1

-Бұл жолы жау қалмайды біз алмаған,

Ер емес тау тұрса да бұза алмаған.

Ат ерттеп, ұран шақыр «Маянбайлап»,

Айтайын ақылымды енді саған.

Қалыбек сегіз қос ат алып қолға,

Ту алып, мен шығайын құба жонға.

Алтауың аянбастан жауға шапсаң,

Қосшылар түйеменен қалсын мұнда!

Жарлығын Сарыбайдың қабыл алды,

Аттарға әруақтап ерді салды.

Қалыбек қосарларды ап жөнелгенде,

Қосшылар тапжылмастан мұнда қалды.

Туын ап, ер Сарыбай шықты тауға,

Белсене аттанады алтау жауға.

Дүйсенбі-»Маян сәті» атқа мінді,

Сұм төре қыла ала ма жанын сауға?!

Ұраны көкке шықты «Маяндаған»,

Соғыстан өңкей жастар аянбаған.

Бет қойып сол арадан тура шапты:

«Бір таңлақ тигізем,-деп,-төре, саған.

Жұтынып Ақкекіл ат мойнын созып,

Жөнелді шапқан жерден Сұлтан озып.

Тұлпар ат неше күндей бапта келген,

Тарта алмай алақаны кетті тозып.

Бұрқ етіп бір кезеңнен ол да асты,

Бесеуі арт жағынан қатарласты.

Тақымын созып келген тұлпар аты,

Самсаған сары қолға араласты.

Қарай көр, Маянбайдың баласына,

«Жау көп қой, біз азбыз» деп қарасын ба?!

Есіктей кірген жері болып кетті,

Шетқурай өлік сыймай саласына. 152

Талайлар өліп кетті қаза тауып,

Жау десе батыр жатпас қылып қауіп.

Кез келсе, найзаменен түйреп тастап,

Келеді қалыңдаса қылыш шауып.

Атына батыр Бекбау қамшы басып,

Кетіпті жан сауғалап таудан асып.

Тауда тұр ер Сарыбай туын алып,

Өнері алты жастың барады асып.

Тыныбек бір уақытта жетіп келді,

(Сарыбай көрмей қапты қара басып.)

«Жұрт шапқан, ел бүлдірген, кісі өлтірген,

Барад,-деп,-ойбай, Зейнеп әне қашып».

Ту алып, Тыныбек қалды сонда тұрып,

Сарыбай жөнеп берді атын ұрып.

Қылт етіп бір кезеңнен ол да асты,

Барады қыз сорлының буыны құрып.

Артына қарай-қарай қыз да қашты,

Сарыбай Нарқызылға қамшы басты.

Серпінмен адырнадан5 шыққан оқтай,

Зымырап ә дегенше кеп айқасты.

Жалт етіп Сарыбайды көрді танып,

Тұрған жоқ қашқанменен сөзден қалып.

Ұмтылды ұрысуға тәуекел деп,

Қанжарын күміс сапты қолына алды.

Заты әйел ұрысуға жарамады,

Сарыбай қылышына қарамады.

-«Жан жүрмес зардабыма» деп едің ғой,

Қашқаның қалай қыз,- деп табалады.

-Зейнеп-ау, сертің қайда маған айтқан,

Адам боп жүре ала ма серттен қайтқан?

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Екі елді егер етіп қан төктірдің,

Жұрт бұзып, ел бүлдірген сен бір сайтан.

-Сарыбай, қорлығыңа көне алмаймын,

Ажал жетпей зорланып өле алмаймын.

Теңдікке теңестіріп алмас болсаң,

Өлсем де айтқан серттен безе алмаймын.

Сен-Маян, мен-ханзада, атам-төре,

Жүргенбіз жақсылықты біз де көре.

Жақсы аттың жалында осы өлтірмесең,

Жүрермін кемісем де кәсіп көре.

-Болмайды сертім екі айтқанымнан,

Өлгенім жақсы серттен қайтқанымнан.

Тілемін табаныңды, Зейнеп, сенің,

Кем көрем малдың қасаң байталынан.

Зейнептің кетті шын-ақ үрейі ұшып,

Едемде тақымына ердің түсіп.

Дауысы анда-санда бір шыққанда,

Сарыбай қояды оны қысып-қысып.

Шабылған елге қайтты аялдамай,

Келеді Нарқызылмен аяңдамай.

Зейнепке өлім қаупі білініп тұр,

Бұдан тірі қалмағы-екіталай.

Тапсырды Қалыбекке Зейнепті әкеп,

«Бұл сайқал қашпасын,-деп,-бұдан былай.

Қырылып, қирап жатқан елге келсе,

Шабылған төре ауылы әсіресе.

Бексұлтанға жабысып жалынып тұр,

Күндігін қолына алған бір бәйбіше.

-Қарағым, айналайын, Бексұлтан жас,

Адамға қаза тапқан кейіп болмас.

Едің ғой, кіндік балам, айналайын,

Еліңді қырғындатпа, ей, гауһар тас!

Құрысын төре хандық құрғандығы,

Құдайдың білініп тұр ұрғандығы.

Ажалды жан өлімнен құтыла ма?

Өлгендер елдің болды құрбандығы.

Көнейін, не десең де сөзді байла,

Өлген жан тірілетін дәурен қайда?

Бір келген қырғын шығар біздің басқа,

Қылмады Зейнеп қызым елге пайда.

Түсіп тұр ел шабылып жанған өртке,

Еліңді салма деймін ұзақ дертке.

Еркектен әйел ісі жаман болды,

Әуелі, мен тоқтайын айтқан сертке.

Осы екен Құлжабектің бәйбішесі,

Қырғыннан шықпапты әлі оның есі.

«Бір қыздың қыздырмалы тіліменен,

Өз елін өзі Бөген шапқан несі?»

Не дерін біле алмай тұр Сұлтан батыр,

Кемпірдің айтқан зары толып жатыр.

Жас жігіт түк көрмеген, түк білмейді,

Әйтеуір, қырған істі біледі ақыр.

Сөйлескен екеуінің сөзін тыңдап,

Аяңдап Сарыбай да келе жатыр.

Аз ғана сөзді тыңдап, аял етті,

Зарлы мұң өңменінен келіп өтті.

-Серт байла деген сөзі әбден жөн ғой,

Берейік бір серт байлап, Сұлтан,-депті.

Тірі жан көшін артсын ертең ерте,

Сертіміз алыс емес, болар шекті.

-Ертең ерте көшпеген жан болмасын,

Бірі жылап, біреулер таң болмасын.

Ұл атадан айырылып, қыз анадан,

Көнбеймін деп, тағы да қан болмасын.

-Ризамын бұл сертке қалқам, Сарыбай,-

Кемпір жерге бас қойды сонда жылай.

Қырғындатып біреуі әлі де жүр,

«Тоқтат»!-деп, сонда Сарыбай тартты керней.

Қырғынға төре-Дәулет қалған батып,

Өлтірген бірін шауып, бірін атып.

Басында көнбеймін деп қарысқанмен,

Соғыстың біраз дәмін қалды татып.

Жеңген жақ қыр желкеден неғып түссін,

Айдамақ ертең ерте дауылдатып.

«Қатын би қашқан жауға» деген осы,

«Болмайды» дей алмайды ешкім батып.

Қыз қылығы екі елді егестірді,

Хандық құрмақ қиялы енді ескірді.

Екі болып айтқаным кетпесін деп,

Сарыбай шашын оның бір кестірді.

Есімбек, Құлжабектің сегіз қызын,

Түйеге екі-екіден міңгестірді.

«Осының бәрі сенің кесірің»,-деп,

Зейнепті жаяу айдап ілестірді.

Кеш бола ер жоқтауға шықты бұлар,

Орыны Қасқабайдың қашан толар?!

Жоқтауға Қасқабайды «бауырымдап»,

Ауылына Аналықтың тартты олар.

Аналық отыр екен жолды күтіп,

(Жүктерін артып қойған көш күзетіп.)

Ерлерге келе жатқан қарсы шықты,

«Балалар, тоқтаңдар!» деп жарлық етіп.

-Жоқтауға ерлеріңді жерің қайда?

Таппайсың бұл жылаудан ешбір пайда.

Көксуға қонып алсақ жарасар ед,

Жылауың, ер жоқтауың сондай жайда.

Тоқтаңдар, жылауды қой, қарақтарым,

Жасаулы жауға жайлы жарақтарым.

Бұл дағы толып жатқан аталы ел,

Жазым боп жарылмасын қабақтарың.

Жарлығы Аналықтың жанға жайлы,

Бұл сөзі Сарыбайға құп ұнайды.

«Көш-көштің» астына алып, түре айдап,

Қайта кеп төрелерге бұрқырайды.

Жау алып, көңілі өскен өңкей саңлақ,

Жебесі6 ел үстінен сырқырайды.

Көшінің алдын бастап кетті Аналық,

Мұратқа көңіліне алған жетті Аналық.

Сегіз ұл серпіліп кеп елді шапқан,

Қылған жоқ бұл соғыста еш балалық.

Есімбек, Құлжабектер кеткен қашып,

Шабынды көрген елдер қалған жасып.

Жабуға кіріп кеткен талайлар бар,

Жан сақтар жер таба алмай қара басып.

Есімбек, Құлжабектің сегіз қызы

Жылайды қара салып, қатарласып.

Келеді кек Зейнепті іштей тесіп,

Ешкіммен сөйлесе алмас көңіл шешіп.

Сарыбай бұйрық етпей тек ол үшін,

Басқа ешкім жуи алмас пәлен десіп.

Еттері ақ мамықтай күнге күйіп,

Келеді құр сүлдері көшке ілесіп.

Күн ыстық, сорлы Зейнеп жүрді жаяу,

Торлапты бұрынғы айдай нұрды қаяу.

«Мұндайын тіршіліктің көрсеткенше

Не етер жаратпасаң, бір Құдай-ау!»

Өзінің не болғанын біле алмады,

Ызамен ажал жетпей өле алмады.

Екі бұрым кесілген, жалаң аяқ-

Сарыбайға шындап пар келе алмады.

Тілге келсе, мұндай іс көрмес еді,

Тіс жарып еш адамға дей алмады.

Келеді сорлы Зейнеп өлмеген соң,

Не керек күші қарсы келмеген соң.

Мөрі тамған жүзінен лай тамды,

Бет-аузын шаң басып, терлеген соң.

Зейнептің ат-атағы кетті шығып,

Егерді ушықтырды жатқан бығып.

Жаяулап сорлы Зейнеп кейін қалса,

Сарыбай кезіккенде қояды ұрып.

-Кім қу бас, сұлу Зейнеп, білдің бе анық?

Қап жүрме бұдан былай сөзден танып.

Маған тисең, қылмақшы ең әкеңді бай,

Сол сөзіңді жүргейсің есіңе алып.

Бұл істің жайын естіп, білді Аналық,

Тумасын деп ойлады елде алалық.

«Сарыбай кісі ұруды қойсын,-деді,-

Жарамас мұндай қылса, бұл-балалық».

Ілгерілеп ер Сарыбай кетті озып,

Жылайды Зейнеп сорлы табан тозып.

Тілге келсе иімейтін адамы жоқ,

Жаралған сөз дегенде топтан озып.

Бір кезде Бексұлтанға кез боп қалды,

Бір ауыз сөзбен Зейнеп арбап алды.

Бұлтты айналдырар тіл-жағы бар,

Ерлердің ортасына бүлік салды.

Сөйлейді сонда Зейнеп қайғы-зарды:

-Көңілімде, ей, Бексұлтан, мұңым бар-ды. 158

Алмассың дәл лайық мендей жанды.

Құтқарсаң Сарыбайдың қорлығынан,

Қатыгез, шапағатсыз зорлығынан.

Қарағым, айналайын, ей, Бексұлтан!

Қалмайын не десең де жарлығыңнан.

Жас түлек қызға ынтыға қарады енді,

Жүгіртіп Сарыбайға барады енді.

-Бір қызбен мұнша егесіп неге керек,

Атын беріп, киімін кигіз,-деді.

-Бексұлтан, мына іске келме жақын,

Ойласаң туысқандық Тәңір хақын.

Зейнепке айтқан сөзден қайта алмаймын,

Болмақшы мен жеңбесем, шешем қатын.

Азғаның жарамайды, Сұлтан, сенің,

Балалық қылмай, ойлан сөздің жөнін.

Зейнепке айтқан серттен қайтқанымнан,

Болғаны жақсы менің жаныма өлім.

-Сарыбай, жалғыз сен бе елді шапқан,

Ел шауып, кісі өлтіру несі мақтан?

Зейнепке айтқанымды мен істеймін,

Сарыбай, құптамасаң енді сақтан!

Бұл сөзге Сарыбайдың келді ашуы,

Ішіне кіріп кетті қыздың уы.

Садағын мойнындағы жұлып алды,

Тігілді екі ортаға сайтан туы.

-Бексұлтан, күшің артық менен сенің,

Бұл жерде көрсетейін күштің кемін.

Зейнепке айтқан серттен қайта алмаймын,

Тірі жүрсем жалғанда бітпес кегім.

Бұрылып Бексұлтан да тұра қалды,

Садағын ол да жұлып қолына алды. Қырағы қыз кәпірдің қиынын-ай,

Ортаға жаяу жүріп пәле салды.

Айдарқан өздерімен бірге туған,

Сабалап мұны көріп келіп қалды.

-Ей, Сәке, сабыр айла, тоқтаңыз,-деп

Келді де Бексұлтанды салып қалды.

-Деп тұрсың ел мен жаудың көзі қайда,

Қылғандай не жазып ең жауға пайда?

Бексұлтан, ақылыңнан адастың ба,

Кенженің үйдегі айтқан сөзі қайда?

Бір жақтан Тыныбек те жетіп келді,

Батырлар хабарланып жиылды енді.

Басына Бексұлтанның қамшы жауып,

Көп жаза туысқаннан берілді енді.

Аналық та көк жорғамен келіп жетті:

-Жаным-ау, сендерге не көрінді енді?

Айтады сылтауратып балалықты,

О да тәуір көрмейді алалықты.

Бір-бірден мұңын шағып, зар еңіреді,

Көрген соң сонда Сарыбай Аналықты.

-Өлгенім жақсы еді ғой менің бүгін,

Жеңеше-ау, білуші ең ғой сөздің жөнін.

Долданып алқымыма сыймай кетті,

Кеткенше өлсем едім қызға кегім.

Бәрі де бір Маяннан туған затым,

Бексұлтан, Тыныбектер қолғанатым.

Сертім бар Зейнеппенен байлап айтқан,

Қыз жеңіп, болмақ па еді шешем қатын?

Тұрады Сарыбайды қамап алып,

Шақыртты Бексұлтанды кісі салып.

«Құрысын балалығың, жаным-ай»,-деп,

Аяққа жықты ініні өзі барып. 160

Осындай ортасында бір іс туды,

Тоқтады қыла жаздап айғай-шуды.

Бексұлтан қаталығын мойнына алып,

Көзінің жасыменен бетін жуды.

Зейнеп қыз Тыныбекке душарласып,

Бөгелді сөз айта алмай аузын ашып.

Тыныбек сонда айтады:-Сұлу Зейнеп,

Айрылдың ақылыңнан қара басып.

Жаңылдың қара басып ақылыңнан,

Айырмақ болдың тағы жақынымнан.

Ортаға шайтандығың жүрмей қалды,

Тоқтаттық біз екі ерді апырымнан.

Сен сорлы Сарыбайға жалынсаңшы,

Батырға кемшілікпен бағынсаңшы.

Өзіне ол сабаздың кемімесең,

Жақсылық саған болмас жалғыз тамшы.

-Бұрынғы еркін, ерке күнім қайда?

Қарағым, бұл сөзің де маған пайда.

Көнейін не десең де айтқаныңа,

Иіліп ақыл айтшы Сарыбайға.

Ел шапқан еді атаң бұрын жүріп,

Алыпты талай әйел олжа қылып.

Сөйтсе де үлкендерден сұрап көрші,

Көндірген бар ма ішінде әйелді ұрып?

Үстімде киімім жоқ, аста керік,

Сарыбай бермей тұр ғой маған ерік.

Ел шапқан бұрын талай ата-бабаң,

Әйелді алып па еді өстіп көріп?

Тоқтаймын мен ерлердің жорасына,

Қылмадым тек қайғының қорасына.

Ел шапқан төре елінде біреу де жоқ,

Атаңның жүгінейін мұрасына. 161

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Батырдың түздегісі үйге бармас,

(Баласы Маянбайдың сен-жеті алмас).

Жолына батырлардың мен түсемін,

Сарыбай мұны айтты деп басымды алмас.

Күнәм бар, ол да менің есімде тұр,

Бұл сөзге, ей, Тыныбек, мойныңды бұр.

Алдына Бөгенбайдың жүгінеді,

Күнәлі болса дағы Зейнеп құрғыр.

Жас бала түк көрмеген білсін нені?

Көрінді қызда бардай ақыл кені.

-Не білем ата-ананың жобасынан,

Сұрайын Аналықтан мұны,-деді.

Атының басын бұрып кетті жүріп,

Сөйлейді Аналықты байқап тұрып.

-Әйелді шабындыда қайтеді екен,

Жүргендер болған ба екен әйелді ұрып?

Жеңеше-ау, сіз білмейтін ақыл бар ма,

Әйелді біздер ұрсақ мақұлдар ма?

Жобаға ерлер салған түсем дейді,

Кессе де тілін құрғыр, тақылдар ма!

Бұрылып тұра қалды сонда Аналық:

-Естісе ұят екен бүкіл халық.

Шырағым, ей, Сарыбай, айтар сөзім,

Бойына Ұлы судың тоқталалық.

Әйелге таңдау, ерік беретұғын,

Кәпірдің тілін кесіп, сөз салалық.

Бұрынғы бабаң салған жосын осы,

Қылмаңыз, бұдан кейін сіз балалық.

Сөзіне Аналықтың «мақұл» деді,

Көнбейтін бұл сөзде жоқ еш алалық.

Қыздарын ханзаданың жиып алды,

«Ерлерден таңдау ал» деп ерік салды.

-Мұндай күн біздің басқа туа ма?-деп,

Қыз Зейнеп қуанғаннан айтып қалды.

-Балам-ау, бұрын талай өткен деймін,

Талайлар тілегіне жеткен деймін.

Бұрынғы ерлер салған жоралғы осы-

Әйелге таңдау беріп кеткен деймін.

Зейнеп айтты:-Таңдауды мен алмаймын,

Көңілімде таңдау сөзге сене алмаймын.

Сарыбай білер болса ата жолын,

Еріксіз қорқытуға көне алмаймын.

Аналық Сарыбайға айтады сөз:

-Сарыбай, Зейнеп сөзін естісеңіз!

«Серт тұрмас қылыш үстінде» деген сөз бар,

Бұрынғы серттескенді қоямысыз.

Сарыбай:-Қойдым,-дейді,-серттің жайын,

Қарысып, бұл итпенен, не қылайын?

Бұрымын шолақ аттай кесіп алдым,

Зейнептің кемшілігі жұртқа дайын.

-Әуелі таңдау кімге?-деді тұрып,

Бұлбұлдай Зейнеп сөзге кетер жүріп.

Қыздары ханзаданың қара салған,

Отырды бір-біріне бетін бұрып.

-Әуелі, сұлу Зейнеп, таңдау саған,

Көңіліңді кемге санап болма алаң.

Айтса қайтпас сөзінен ердің бәрі,

Тайынба, жабырқама енді, балам!

-Сарыбай, сен алдың ба, мен алдым ба?

Құтылдым қатындықтан көз алдыңда.

Кімге таңдап тисем де ерік өзімде,

Бұрынғы айтқан сертте тұра алдым ба?

Сен қайтқан соң сертіңнен, мен де қайттым,

Отырған кәрі-жастың тап алдында. 163

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

-Зейнеп-ау, сен бір қызсың өзің зерек,

Бір айтқанды қайта айтып неге керек?

Кімге тисең, тие бер өзің біліп,

Әйтеуір кемшілікке түссең керек.

Зейнеп сонда орнынан түрегелді,

Сарыбайға назданып күле берді:

-Шашым тұр ғой, басымды кессең дағы,

Сен өлтірсең арман жоқ мені,-деді.

Сарыбай, сенен басқа кісім бар ма,

Ұмтылып мен қайтейін балаларға?

Қиядан түлкі ілетін қыран едің,

Қор қылып көзді шұқыр қара қарға.

Қыз кәпір тауып кетті тиер жөнін,

Садақтай иіп айтты иер жерін.

Отырған кәрі-жасты таңғалдырды,

Маянның таңдап тиіп кемеңгерін.

Бұл іске Аналық та, бәле-ай,-деді,

Келді ғой істің, міне, сәті-ай,-деді.

Жаман болса, жол таппай сандалар ед,

Істеген істерінің дәлі-ай,-деді.

Екі қыз таңдап тиді Бексұлтанға,

Артқы қыз түсер екен қандай ханға.

Алмаймын төре қызын дегенменен,

Бола ма ереже сол қай-қашан да.

Тыныбек келмей қойды, бармаймын деп,

Бабамның жобасына нанбаймын деп.

Мал беріп, елден таңдап қыз аламын,

Қыздарын шабындының алмаймын деп.

Үйге де кірмей қойды, кірмеймін деп,

Жобасын бұрынғының білмеймін деп.

Елін шауып, қыздарын тартып алған,

Шапағатсыз бұл жолда жүрмеймін деп.

Таңдаса, тиер еді бірнешеуі-

Мазалар бірін-бірі күндеймін деп.

Әрбір қыз әр адамға тиіп жатыр,

Өзінің қалағанын сүйіп жатыр.

Қалыпты аралықта жалғыз-ақ қыз,

Таңдауға көне алмай тұр осы кәпір.

Басқадан мұның ойы өзге келді,

Амал жоқ қамалаған сөзге келді.

Басына қара шапан жамылып ап,

Бұл өзі бір адамды көздеп еді.

У екен бұл кәпірдің іші толған,

Зейнепті тұра сала сөзге іледі:

-Зейнеп-ау, әуелде сен қылдың қалай,

Демедің ел билемек екіталай.

Кеселді келмейтұғын шақырып ап,

Істерің мынау қылған болды қалай?

Тием деп, Қасқабайға елді жидың,

Өлімге оны ақыры көзбен қидың.

«Аға өлсе-жеңге мұра» деген қайда,

Атаның жол-жобасын неге бұздың?

Қасқабай мен Қалыбек бірге туған,

Сарыбай немере еді бөлек туған.

Ағаға іні мұра орнындағы,

Тимейсің Қалыбекке неге антұрған?

Қазақтың қалдырдың-ау мазағына,

Бізді де ортақ қылдың азабыңа.

Маяннан басқа жанға тиген қыздар,

Құдайдың кете ме екен тозағына?

Төріне жеті тозақ кетсем дағы,

Таңдаудың түсе алмаймын тұзағына.

Кетірдің қанжығалы елдің жайын,

Өкініп өткен іске не қылайын.

Ер көрмей бұл жалғаннан өтсем дағы,

Қосаққа қыстырылып жүре алмаймын.

Жобаны жол бойынша апармасаң,

Таңдамаймын, алсаңдар басым дайын.

Сүйінді Аналық та қыз сөзіне:

-Еріксіз таңдатуға болмайд сізге.

Әзірше қара салып тұр осында,

Тынышталған соң қайтарам үйіңізге.

Ұялтты Зейнеп қызды мұны айтып,

Қыз Зейнеп босана алсын енді қайтіп.

Өз мінін өзі танып тұнжырады,

Кетті ғой әлгі қыздың сөзі батып.

Төренің жеті қызы орындалды,

Зейнептің айтатын бір сөзі қалды.

Тынығып мал да, жан да дамыл алған,

Көшуге ертеңінде ел қозғалды.

Аналық неткен даңғыл, ақылды ана,

Өзі де көпті көрген көңілі дана.

Алдына оңашада барды Зейнеп,

«Айтатын мұңым бар,-деп,-сізге ғана».

Зейнеп айтты:-Бармаймын елді көріп,

Таңдаттың разымын ерік беріп.

Күнәм бар Бөгенбайға тіл тигізген,

Жұртта қалам, жесем де қоңыз теріп.

Қарт еді қасиеті бар, аруағы зор,

Бермесе ол ықылас боламын қор.

Болмаса қаңғып өлсем маған лайық,

Алдымда құрулы тұр темірден тор.

Сарсу ап қайғы басты жүрегімді,

Тілеген беремісіз тілегімді?

Үйдегі қарт бабадан ықылас алмай,

Кетіріп жүре алмаймын сүреңімді.

Берсеңіз тілегімді бір сөзім бар,

Кәрі-жас баршаңызға қыламын зар.

Алдына Бөген қарттың жығыламын,

Күнәмді кешер ме екен сонда сұңқар?

Аналық мына сөзді қабыл алды,

Шақырып Сарыбайды ақыл салды.

«Қанеки, тілегіңді тілеші»,-деп,

Зейнепті жылы сөзбен қарсы алды.

Зейнеп айтты:-Тілекті берсең жарар,

Сүйінші деп Бөгенге берем хабар.

Ел шауып інілерің келді деймін,

Қайғыма сонда менің шипа табар.

Сөзімді ағат айтқан кешер ме екен,

«Ей, балам, кештім күнәң» десер ме екен?

Ардагер қартқа албаты тіл тигізіп,

Мен сорлы ақылы жоқ есер ме екем?!

Қасыма жолдас ертіп, атымды бер,

Алмасам қарттан ықылас көңілім-шер.

Ол менің ойнайтұғын теңім емес,

Жолықтым не пәлеге, Тәңірім шебер.

Қарт еді қадалғаны қата кетпес,

Бөріге ит қарғысы сірә, жетпес.

Сүйіншілеп алдына барсам өзім,

Асыл ер ықыласын бермей кетпес.

Аналық ат пен киім бермек болды,

Қасына бір басшы адам ермек болды.

Басына келіншектің салы жауып,

Алдына қарт Бөгеннің кірмек болды.

Жорға мініп, торқасын алды киіп,

Бұрынғы түрге түсті қыз құбылып.

Жалғыз-ақ шашын кескен кемдігі бар,

Жөнелді салтанатпен тым гүлденіп.

Жол жүріп бір-екі күн келіп жетті,

Келін боп үй сыртынан сәлем етті.

-Мен келген бейшара едім сонша жерден,

Сүйінші, ерлер аман келді!-депті.

Бөгеннің бәйбішесі сыртқа шықты,

Зейнептің келген жайын, сөзін ұқты.

Адамды сөзге келсе ерітетін,

Мінезі сондай артық-қыз қылықты.

-Күнәм көп мен бейшара батыр-ерге,

Жолыққан жағдайым бар қарғыс, шерге.

Апажан, алдыңызға келіп тұрмын,

Қаратып қайтармаңыз қара жерге.

Сүйінші алатұғын дәл өз басым,

Көп еді қыз да болсам елде қасым.

Сұрайтын басқа менің дәнемем жоқ,

Қарт ата берсін арнап ықыласын.

Келін боп келіп тұрмын ауылыңа,

Апажан, жақын тартсаң бауырыңа.

Алдыңғы күнәм үшін тарттым азап,

Батырдың душар қылма дауылына.

Қолынан бәйбіше алды сонда ұстап,

Бір жүрді Зейнеп сұлу аққуға ұқсап.

Иіліп сәлем етті анадайдан,

Кәдімгі бұрын түскен келінге ұқсап.

Айтады Бөгенбайға келген жайын,

Елінің ерегесте өлген жайын:

-Тышқан кеп, қыран құспен ойнай ма екен,

Балалық болды менде, не қылайын?!

Бар еді бір тілегім менің сізден,

Жақсыға жалыныштан күдер үзбен.

Әкем менен ағамда түк күнә жоқ,

Өтті, ата, ағат істің бәрі бізден.

Сондықтан көрінгенге жегізбесең,

Келген ел шабындыдан дегізбесең.

Қондырып төре ауылын өз жұртына,

Тең-тұсың мына отырған егіз десең.

Алса екен құдаласып үйден барып,

Келгенге шабындыдан көңілім ғаріп.

Берсеңіз, тілегімді түгелдеп бер,

Жөндесін кейінгі елді кісі барып.

Бөгенбай айтып салды шын жүрегін,

Берді ол келінінің бар тілегін.

-Күнәң бар елді бұзған, кештім бірақ,

Тоятын толық алған тастүлегім.

Еш кемдік жүргізбесін араларға,

Қыранмен енді ойнамас қара қарға.

Кешпейтін сүйіншіге дәнемем жоқ,

Құдайым жол берген соң балаларға.

Жіберді ел алдына басшы адамнан,

Табылар пайдасыз іс қас наданнан.

«Қолқа жоқ сөз тапқанға» дегендейін,

Екенін қыз көрсетті асыл адам.

Ел болып егерліктің күйін жойды,

Құдаласып алмаққа қылды тойды.

-Білетін, сегіз қырлы, келінім,-деп,

Бөгенбай Зейнеп басын мақтап қойды.

Осымен қанжыға елі жатты жайға,

Бағынды төре-дулат Бөгенбайға.

Аталып жеті кенже бұл сапарда,

Кетіпті ат-атағы әлдеқайда.

Дүбірі жеті кенже жерді жарған,

Қайдағы қиын жауға іздеп барған.

«Бұрынғы бабам салған жол осы»,-деп,

Қазақ түгіл қалмақтан талайды алған.

Мінгені жас түлектің өңкей тұлпар,

Жау десе жабырқамай бұлар құмар.

Қос тігіп, жаусырасып шығып кетер,

Алдырмас ешбір жауға болды қырқар.

Маянды басып жатыр жылқы мен қой,

Ауылы Бөгенбайдың күнде ұлы той.

Туғанда еркек құлын ат шаптыртар,

Жорасы Бөгенбайдың, міне, осы ғой! Екінші бөлім Сырға сапар

Жаусырап жеті кенже жерді кезген,

Жау бар десе мал-жаннан мүлде безген.

Сағымдай Сарыбай деген басшысы бар,

Адамның ішкі ақылын оймен сезген.

Алшында қаптаған жау қалмақ еді,

Қырғыннан нелер қиын қалмап еді.

Қос атпен алшын елі Бөгенбайға,

«Айыр» деп, кісі салып зарлап еді.

Соған да ер Бөгенбай жіберіпті,

(Болмайды, барамыз деп сірә, тіпті.)

Аттанған Ақай деген бір жас бала,

Он төртте қалыпты ерден болған мықты.

Аруағы Маянбайдың көтеріліп,

Алшынды шапқан жаудан құтқарыпты.

Қырғындап келген жауды тұмсыққа ұрып,

Ат-тонын, ер-қаруын олжа қыпты.

Асырған Барқыт белден арман айдап,

Олжалап талайларын алған байлап.

Жау алып көңілі өскен өңкей саңлақ,

Алты айда аман келген оттай жайнап. 170

Бір жылдай тыным алды үйде тұрып,

Жаусырап тағы дағы жүр құтырып.

Ар жағын Сырдарияның арман қылды,

Сол жақты бір көрсек деп, әттең, жүріп.

Бұл жайды Кенже ағаға ақылдаспақ,

Деді де, Бөгенбайға кетті кіріп.

Жөндерін барар жақтың бірі білмей,

Отырды қайтеміз деп аз кідіріп.

Бөгенбай сөз сұрайды балалардан:

-Ел жаудан аман ба,-деп,-алалардан?

Кісі сап Әбілмәмбет жатыр маған,

Ертеңдер айтып қалар сол хабардан.

-Не керек Әбілмәмбет, сірә, сізге?

Хан-төре бағынып тұр өзіңізге.

Бармақшы бір сапарға көңіліміз бар,

Кенже аға, бата берсең енді бізге.

Бер жағын Сырдарияның араладық,

Ар жақта жау бар ма деп қарамадық.

Басыңда бақыт-дәулет тұрған шақта,

Бата бер, Сыр ар жағын аралалық.

Ол жақта қазақтан да ел бар дейді,

Естиміз, қалмақ алып күнде жейді.

Мінеки, наурыз айы жаңа туды,

Біз соған рұқсат болса, барсақ дейді.

-Сарыбай, туыңды әкел, мен көрейін,

Рұқсатты, ту сөйлесе, мен берейін.

Тиіспе ақ безенген жұртқа бекер,

Дәрежең, үстем болсын жол-мерейің!

Ақ туды Бөгенбайға әкеп берді,

Қарашы қасиетті Бөген ерді.

Мойнына кісе салып, ту көтеріп,

Бөгенбай зарлықпенен еңіреді.

Бөгенбай туға қарап зар қылады.

Желпініп өзінен-өзі сонда ақ ту,

Суылдап көкке қарап созылады.

Бөген айтты:-Ей, Сарыбай, тыңда сөзді,

Ту бұрынғы толқудың түрін бұзды.

Тілесең, рұқсат беріп жіберейін,

Шырағым, баса көрме жаман ізді.

Ол жақтан аман қайтсаң жерін көріп,

Қызықтырған біреуге кетпей еріп.

Сапар жүрген жолыңда кім де болса

Құрметтер, жөніңді айтсаң, сыйын беріп.

Түсерсің арамдық пен назалыққа,

Сарыбай, баста жаным тазалыққа.

Жай жатқан бейпіл елге тиісемін деп,

Кезігіп жүре көрме кек-шоқ шаққа.

О жақта жүріп алмай, тез қайт, жаным,

Таяу тұр Барқыт белде жау да мәлім.

«Ер кетсе ел иесіз қалар» деген,

Ойлаңдар, қайда болсын елдің қамын.

Жарайт деп, батаны алып, жүрмек болды,

Аттанып дүйсенбі күн баспақ болды.

Жүк артып, төрт түйеге қосын теңдеп,

Бұл жолға аттанғаны он бес болды.

Бата алып Бөгенбайдан жүріп кетті,

Бір төртеу жолдас болып бірігіпті.

Еліне сыртқы қорған барамыз деп,

Бұлар да таныс адам заты шекті.

Жөнелді Сырға таман тура бастап,

Он бесі Сыр бойынан арман аспақ.

Сыр деген Арал теңіз болу мүмкін,

Кім білед бола ма екен суы жалпақ?

Төрт шекті өз бетімен жүріп кетті,

Елге қайта барғанда амандаспақ.

«Жол болсын, олжалы бол» деп тілесті,

Аман-сау үйге қайтып дәм-тұз татпақ.

Көрмеген Сырдарияны туып, сірә,

Қарамыс дейтін жерге кепті тура.

Қарауылдап бір кезеңнен қарап еді,

Бұл жердің байқап білді ені қысқа.

Көкше мұзы7 бар екен жалғас біткен,

Сол жерден өтеміз деп жүріп кеткен.

Екі күн мұз үстінде тынбай жүріп,

Ақыры Сырдариядан аман өткен.

Ар жаққа шығып алып, тікті қосын,

Ел жөнін сұрамай-ақ үлгі-жосын.

Екенін қайсы бір ел қайдан білсін?

Әйтеуір, айтылуы қазақ болсын.

Үш күндей Сыр ар жағын аралады,

Ешкімге байыз қылып қарамады.

Бір қалың жылқы жатыр бір түбекте,

Үйдегі айтқан сөзді санамады.

Қас қарау айғыр салған тоқпышақтан8,

Бір қалың жайын жылқы қаптап жатқан.

Қызығып бұл жылқының өң-түсіне,

Үй жаққа айдамаққа мақұл тапқан.

Жылқының мыңға таяу қоймай тайын,

(Тек жатқан елдікі еді бейпіл, жайын.)

Жылқыны Сырдариядан айдап өтті,

Үйдегі сөзін қойып Бөгенбайдың.

7 Көкше мұз-өзен, көл бетіне жаңа қатқан мұз.

8 Тоқпышақ-жылқының шөлге шыдамды жүйрік тұқымы. 173

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Кәрінің сөзі түгіл, өзін ұмытты,

Мөлшері мыңдай жылқы айдап өтті.

Биенің құлындаған мезгілі еді,

Бер жаққа он бес күндей аял етті.

Қуғыншы келер деген ойында жоқ,

Батырдың қайраттары көңіліне тоқ.

Аздырмай адам ұлын не ғып қойсын,

Алдаған сапырынды, дүние боқ!

Бір байдың Алтай деген балалары,

Малға толған бұл Сырдың салалары.

Бәйбіше тоқалменен егер тауып,

Сол жылы ашылған ед аралары.

Алтайда бәйбішеден тоғыз ұл ед,

Тоқалдан үшеуі ұл, бір қыз еді.

Дейтұғын Қанышайым-қыздың аты,

«Мырза» деп ат қойылған бұлбұл еді.

Кенжесі он екі ұлдың Қанышайым,

Біледі бұл үйсіннің түгел жайын.

Сол күнде он сегізге келген жасы,

Бұл елдің менсінбейтін мырза, байын.

Сол елде бір құл бар ед өзі асқан бай,

Әр жылы боталайды жүз түйесі-ай.

Жылқысы, қой мен сиыр толып жатыр,

Сол жылы қатыны өліп, кетеді жай.

Алтайдың үлкен ұлы Қопа батыр,

Қопаға барлық үйсін салады ақыл.

Құл байқұс Қанышайымды аламын деп,

Берер мал көп, сөйлесуге келе жатыр.

Қопамен тоқтасыпты қалыңмалға,

Жүз түйе бермек бопты қарғыбауға.

Бұл істі ақылдаспай өзі істеді,

Аяғы тоқтар екен қандай жайға?

Ер Қопа жүз түйе алып үйге келді,

Мұны естіп Қанышайым күйзеледі.

Алтай бай, шешесімен осы қыздың,

Сорлы боп алдыңғы жыл күзде өледі.

Тоқалдың Орда деген баласы бар,

Болған соң екі қатын арасы жар.

«Құлға мен қарындасым бермеймін» деп,

Билеуге екі жақтың таласы бар.

-Бұрын сен қарындасыңды бердің байға,

Құл емес, аталы ұлдан бердің жайға.

Үйі сынық құлға құда боламын деп,

Бетіңе, Қопа, сенің арың қайда?

Сен сірә, билеме де, баспа ізімді,

Айтамын қайда барсам бұл сөзімді.

Қызықсаң, құлға малы көп екен деп,

Бере бер дәл бойжеткен өз қызыңды.

Екеуі осыменен араздасты,

Бұрын Қопа билейтін мал мен басты.

Баласын төрт үйсіннің жиып алып,

Еншіге бұл екеуі көп таласты.

Қопаның бар тілегі басқа бөлмек,

Немере, кәрі менен жасқа бөлмек.

Екі қатын баласы-екі ру ел,

Екіге бөлемін деп Орда елірмек.

Үйсіннің ат шаптырып жиды бәрін,

Айтады екеуі де ойда барын.

Алтайдың ұл-қызына малды бөліп,

Бере алмай немереге ата малын.

Бөліп ап Орда малын кетті көшіп,

Қорғанға көшіп барды ел бөлісіп.

Қалың ел Қопаменен қала берді,

Ордамен сегіз жүз үй кетті ілесіп.

Бір жерге Қорған деген барып жетті,

Жер екен өзі берік, жайлауға епті.

Басынан Сырдарияның көктей өтіп,

Өзінің ата жерін тастап кетті.

Бір құл бар Байсал деген Алтай байда,

Еншілес ұлдай болған осы жайда.

Еншілес ұлдарымен көп жыл бопты,

Ие боп кәрі үйіне тұрад сонда.

Үлкен үйде шал мен қыз бірге отыр,

Ордадағы мал-жанға ие болар.

Қыз демей, «Мырза» дейді Қанышайымды,

Алтайдың кенжесі деп, сірге жияр.

Шал менен Қанышайым кәрі ордада,

Ол дағы бірге көшіп келген мұнда.

Арасы екі ағайын қатын жау боп,

Барымталап жылқы алысад анда-санда.

Қопаның бар тілегі қызды әпермек,

Көпшілік өз жағында, бойы сергек.

Жас жігіт Орда батыр көнер емес,

Ызамен бойын жеңген ашу кернеп.

Бұл іске тура келген ер Сарыбай,

Жылқысын айдап кеткен түгін қоймай.

«Бұл малды Орда алды»,-дейді сонда Қопа,

Алғанын сырттан жау кеп білмеді ойлай.

Баяғы бірге шыққан сол төрт кісі,

Өрлеген Сырдарияны болып ісі.

Қонақтап аты жеткен ауылына,

Бұл жолда аял болар жоқ жұмысы.

Тоқтамай кетіп барад бұл төрт жігіт,

Олжа мал құдандалыдан қылған үміт.

Үйіне Алтай байдың келіп қонды,

Жолаушы барамыз деп алысқа шет.

Күн батар-қоналқы іздер уақыт болды,

Малы көп бір ауылға жақын келді.

Біз жүрген алыс жердің адамы едік,

Осында қонамыз деп хабар берді.

Келгені Алтай байдың кәрі ордасы,

Үйде еді жалғыз ғана қыздың басы.

«Қонақ келді, тез шығып, ат байла»,-деп,

Жұмсады Байсал шалды қыз баласы.

Бір бай үй-қонар үйі сегіз қанат,

Байлығы көрініп тұр сән-салтанат.

Жалғыз ие-қыздан басқа көрінбейді,

Астында шағи көрпе неше қабат.

Мамырдың жазғытұрым туған айы,

Бола ма көшкен елдің, сірә, жайы?

Әкеліп төрт кісіге сойған малы-

Қысырдың бір шұп-шұнақ жирен тайы.

Қонақтар жатып алып кеңеседі,

О, бәле, байлығың да жөн деседі.

Шіркін-ай, басы бос па мына қыздың,

Алам деп қандай адам теңеседі?

Мұндай қыз болар ма екен халайықта,

Секілді сипаты бар алтын тақта.

Шіркін-ай, Маянбайдың батырлары,

Сол ауылға кез болар ма осы уақытта?!

Қыз жатыр сөздің бәрін естіп тегіс,

Қалайша жолаушымен кеңесеміз.

Маян ауылы дейтұғын қандай екен,

Құлаққа тимеуші еді бұрын дыбыс.

Таңертең мейманымнан білсем мұны,

Анығырақ табылар сөздің шыны.

О, дүние, кіші ағаға серік болса,

Мен, сірә, болмас едім малдың құлы.

Таңертең қонақтармен сөзге келді,

Сұрайды кім екенін, қандай елді?

-Маян ауылы дейтұғын ауыл бар ма,

Атағы аймағымен қандай?-деді.

-Белгілі Маян ауылы бұл қазаққа,

Атағы жеткен шығар осы жаққа.

Кәрі батыр Бөгенбай бақыт қонған,

Көз салған төңірегіне ол жан-жаққа.

Қазақта одан асқан ауыл болмас,

Лықсып мал мен басы толған баққа.

Ерлікпен маңындағы аймақты алған,

О дағы жеті Кенже жауға аттанған.

Жау десе жабырқамай атқа мінед,

Жалынды бәрі батыр сайдақтаған.

Қолбасшы-ер Сарыбай еркін жүрген,

Ерлігін тұтас елдің бәрі білген.

Есе алған егескеннен жалғыз өзі,

Қалмайды құлшылыққа қасына ерген.

Іздесіп қайда жаумен қылады егес,

Жауларын қарсы келген адам демес.

Бізбенен он бес күндей бірге жүріп,

Дарияның бер жағына өтті тегіс.

Ар жағын Сырдарияның көреміз деп,

Жауды тапсақ жазасын береміз деп.

Жау болмаса, сайрандап жерді көріп,

Аттанған еріккеннен келеміз деп.

Аты кім Сарыбайдан өзгелердің?

Аттарын біз естідік атақты ердің.

Аттарын атақты ердің біліп алсақ,

Мейманым, берекелі хабар бердің.

-Бексұлтан, Тыныбек пен ер Айдарқан,

Бетіне ашуланса қарамас жан.

Жұманбек пен Құманбек екі батыр,

Және де ер Садырбек бірге туған.

Қажымас, жаудан қайтпас өңкей сұңқар,

Мінгені теке жаумыт9-ылғи тұлпар,

Нұсқасын бір көргенде көз тоятын,

Үлгі көп ауылында жұртқа тарқар.

-Жақсы екен бірге туған жақындары,

Бір жерден табылған соң ақылдары.

Ерлердің атын естіп таныс болдық,

Бойдақ па әлде бар ма қатындары?

-Тыныбек батыр деген анық бойдақ,

Жүреді қыз алсам деп кеңнен ойлап.

Қатыны өзгесінің бар деп білем,

Қиғаш қас бәрі дағы өңшең жайнақ.

Қонақтар қош айтысып болды жүрмек,

Қыз көңілі қонақтарды аз кідіртпек.

-Сырдариядан олар қайтар неше күнде?

Батырлар, қылар ма екен ұзақ ермек?

-Біз айрылып кеткелі бес күн болды,

Кесуге бола ма екен ұзақ жолды?

Бір жұманың ішінде қайта айналмақ,

Ойлаймыз,-деп қонақтар атқа мінді.

Олар кетті, қыз түсті ақыл-ойға,

Ғашықтық жайылғандай тұла бойға.

-Әкеп бер, қарала атты,-деп бұйырды,

Айтқаны жеңгесіне,-барам тойға.

Қасына бір жігітті жолдасқа алды,

Сауыт киіп, мойнына садақ салды.

Бір іске жан ойламас барамын деп,

Малыңа ие бол деп, тастап шалды.

Мінгені екеуінің екі тұлпар,

Бер жағын Сырдарияның құлдай салды.

Болғандай көрінеді күн де қысқа,

Жер алыстап кеткендей қыз байқұсқа.

Жол жүріп бес күн өтіп, алтыншы күн,

Жетіпті әрең зорға Қарамысқа.

Бейтаныс қызға мынау келген жері,

Көп жылқы қаптап жатқан баран дені.

Дариядан өтіп барып, өтіп келген,

Осы еді батырлардың жатқан жері.

Жайылған қалың малды көзі көрді,

Қос тігіп жатқан өңшең ерді көрді.

Жылы ұшырап ен-таңбасы көзге түсіп,

Өзінің ата малын таныды енді.

Жылқының ішін келіп аралаған,

Қайғысы ет жүрегін жаралаған.

Қас қарау айғыр салып тоқпышақтан,

Аттарын тел өсіріп салалаған.

Әкеме қыдыр қонған қайран, жылқы,

Тырнаштап әкем байқұс жиған мүлкі.

Байлық пен ауыр дәулет арқасында

Болып ед туған бала көтеріңкі.

Кез бопсың елеулерім шыққан ерге,

Түстің ғой қуғын көріп қара терге.

Артыңнан амандаса келіп тұрмын,

«Ала кет мені дағы» барар жерге.

Киінген еркек киім, қару-жарақ,

Шалбары қызыл балақ, құндыз манат.

Астында екеуінің екі тұлпар-

Ерлердей қамал бұзар етер жалақ.

Қостағы біреу тұрып, атқа мінді,

Бұларды «қуғыншы» деп батыр білді.

Білмекке кім екенін тура жүріп,

Екеуге жылқыдағы жетіп келді.

Астында боз аты бар бір жас жігіт,

Екен деп, қызды жігіт, сәлем берді.

Қарасып тұр жылқыға, келген ерге,

Аттары малшынып тұр қара терге.

Жылқының қуғыншысы болар ма екен?

Өзіне сенген ер ғой бірме-бірге.

-Сіздер кім, мал аралап жүрген келіп,

Білмекке келіп едім хабар беріп.

Рұқсатсыз мал аралап неге жүрсің?

Айтыңдар жөндеріңді қосқа жүріп!

-Шырағым, кім болады ұран-затың?

Бар еді жоқ жоғалтқан бір қажатым.

Үйірін қысырақтың жауға алдырып,

Болдырды неше күндей мінген атым.

Белгісі қысырағым өңшең шыбар,

Мойнында барлығының таққан тұмар.

Шаршадым неше күндей малымды іздеп,

Қосылып сіздің малға жатқан шығар.

Бар болса, табарсыздар малыңызды,

Айтыңыз қосқа жүріп барыңызды.

Белгісіз кім екенің жау секілді,

Білдірмей кетпеңіздер халіңізды.

Ілесіп сол жігітпен бірге жүрді,

Қостағы батырларға сәлем берді.

Келген соң «Қосмалдақ» деп құрметтепсіп,

Атынан келген ерді көтереді.

Сөйлесті келгеннен соң жұмыстарын,

Біледі жайын емес, жұмыс барын.

Өзгесі «еркек» деп біліп отыр,

Сарыбай танып білді қыз жоспарын.

Батырлар құрметтеді ас түсіріп,

Сөйледі батыр Сарыбай сөзді сырып:

-Бар болса жұмысыңды орындаймын,

Шырағым, келіп қапсың мойын бұрып.

Жұмысың мұнда келген қатты шығар,

Жүруге лайық емес ел қыдырып,

Батырға ат-қаруың лайық екен,

Бұл жерге келмейсіз ғой бекер жүріп.

Қай жақтан, қайсы рудан, қайдан жүрдің?

Қалайық ат-жөніңді біз де ұғып.

-Батыр, сізден жөн сұраймын әуел бастап,

Болса да өз жұмысым былай тастап.

Айбатты арыстандай ер екенсің,

Кеткендей дұшпаныңды жерге жастап.

Сарыбай сонда айтады ата затын,

Мақтан ғып сөйлеп кетті қолғанатын.

Атам-Маян, әруақты ағам-Бөген,

Қолбасшы мен Сарыбай білсең атым.

Ар жағын Сырдарияның аралап ек,

Түгетіп елге қайттық саяхатым.

Кісідей сыйласатын көрінесің,

Алып қайт керегіңді азаматым.

Білейін өз жөніңді кім екенің,

Ата-жұрт, ру-туған, жер-мекенің?

Қаруың бір басыңа түгел жеткен,

Білінбей белгілі тұр ер екенің.

-Біреу бер ортаңыздан маған арнап,

Болмаса, өзім сұрап алсам таңдап.

Өзімді, өзегімді жарып сөйлеп,

Кетейін өз жөніме қылмай салақ.

-Таңдауды келген жанға беруші едім,

Жақсыны сырттай танып білуші едім.

Өзіңдей теңдес жандар кез келгенде,

Қайнатқан қорғасындай еруші едім.

Ала ғой сұрағаныңды, айттым шыным,

Бар екен өз басыңда анық білім.

Дейтұғын ала-құла түгі де жоқ,

Бәрі де бөтен емес-менің інім.

-Бәріңіз бір атадан жалғыз текті,

Естимін бермейді деп жауға кекті.

Алыстан ат өксітіп келдім әтей,

Берсеңіз ортаңыздан Тыныбекті.

-Болады, біраз ғана кеңеселік,

Тоқтатып сөзді ақылға теңеселік,-

Мінгізіп Қанышайымды деді атына,-

Жігіттер, бер келіңдер сөйлесейік!

Тыныбек барамысың жекпе-жекке,

Бұл өзі келген жоқ қой, сірә, текке.

Бір сыр бар жүрегінің түкпірінде,

Сыншы ғой келіп тұрған бір бүлікке.

Деген сөз батыр-аңғал, аптық-палуан,

Жүйрік бар өз әлінше алуан-алуан.

Әншейін күшпен ала қоям деме,

Ұнайды ақылменен ұтып алған.

Тыныбек:-Барам,-дейді,-берсең ерік,

Адамға, қайрат-күшке ақыл серік.

Ол, сірә, менен артық көрінбейді,

Бар шығар жастықпенен бойда желік.

Сарыбай сонда айтады: -Мынау қалай?

Осыны сен алуың екіталай.

Бұл өзі бадырайтып басып алмас,

Жылым ғой келіп тұрған жанасалай.

Осы қыз бізге бекер келген емес,

Бұдан бұрын қыз бізге ерген емес.

Сөзіне сөзді тауып, дәл басып айт,

Көрген жан көрінеді елден егес.

-Бәле, Сәкең жігітті қыз дейді екен,

Осы келген кім білді, шын қыз ба екен?

Салтанаты жігіттен артық тұр ғой,

Қыз жүріп етуші ме ед түзді мекен?

Бәрі айтты: -Осы келген қыз емес деп,

Жігітті қыз дейтұғын біз емес деп.

Ду күліп жібереді өңшең батыр,

Сәкең алжып кетті деп бізге ілесіп.

-Көнсеңіз батырлықтың жөні осылай,

Көнбесең өкінерсің қазір бала-ай.

Ойсыз шіркін көрмейді еш нәрсені,

Тізгін тартқан бармағы, тұрды қалай?

Тұрмайды тура қарап, тайысып тұр,

Нұсқасынан төгіліп бетінен нұр.

Ат үстінде тұрғанда көзім шалды,

Тізгін тартқан бармағы майысып тұр.

Тыныбек білерміз деп барды жайға,

Бірі де нанбай «қыз» деген Сарыбайға.

Айтқаны Сарыбайдың рас екен,

Таныды қыз екенін барып сонда.

-Тыныбек, бар жайымды сөйлейін мен,

Емес ед артыңнан іздеп келмегім жөн.

Дегенге Маян ауылы іздеп келдім,

Мен дағы өз орнымда емес ем кем.

Сөйледі ортасында барлық халді,

Тыныбек таза тыңдап құлақ салды.

-Халімнің қабыл көрсең айтам бәрін,

Әркімнің өзі сүйер теңі бар-ды.

Өз атым-Қанышайым, ағам-Орда,

Әкем-Алтай, үйсінмін, жатқан қорда.

Он екі ұл, бір қыз едік бір әкеден,

Өліп кеткен әке-шешем өткен жазда.

Үлкен ұл бәйбішеден Қопа батыр,

Мал үшін бермек болды мені құлға.

Бере алмай бірге туған ағаларым,

Олар қалып, біз босып келдік мұнда.

Екі қатын баласы егер тауып,

Кек кернеп, жаулық түсті екі араға.

Бір құлға қызыл құлақ бермек болды,

Бармаққа көңілім жоқ ондай қорға.

Сан саңылақ ауылыңа саялаған,

Бір сорлы болып тұрмын түскен торға.

Естіп ем атағыңды алыс жерден,

Қыраным, кез боп тұрсың бүгін таңда.

Айтады төрт шектінің қонғандығын,

Қонақтың жақсы жайлы болғандығын.

Тең көрсең өз басым мен ауылымды,

Болайын жолдарыңа құрбандығың.

Өзіммен бірге туған бауырым бар,

Өзіңмен малға теңдес ауылым бар.

Көре кет ауылымды алыс емес,

Болмаңдар кім екен деп шала құмар.

Ес-дерті Тыныбектің кетті бұған,

-Қанышайым, сенбеймін бе, шіркін, саған!

Баруға осы жолы уақытым жоқ,

Бір мөлшер айтар едім, нансаң маған.

Өз басың-әйел заттың қара тілі,

Түрің бар бәйшешектің қызыл гүлі.

Сөзіңе сенің айтқан әбден сендім,

Осы айда іздеп табам келер жылғы.

Келіп тұр тілегенім дәл кезінде,

Қанышайым, анықтап сен бұл сөзіме.

Осы айда іздеп табам келер жылғы,

Сертіңнен қайтып кетсең, күнә өзіңде.

Табылар айтпағанмен сөздің шыны,

Неге айтты деп ойлама кейін мұны.

Сертім сол саған айтар бүгін менің

Осы айда іздеп табам келер жылғы.

Мамырдың туып тұрған, міне, он бесі,

Бола ма жақсылықтың ерте-кеші.

Қыз алман шабындыдан дегенім бар,

Келер жыл деген ісім-соның ісі.

Келер жыл алыс емес тірі жанға,

Алды-артын бұл сөзімнің әбден аңда.

«Ел шауып, мал мен қызын олжа қыпты»,

Деген сөз сүйегіме болар таңба.

Бұл жолы бара алмаймын ауылыңа,

Бізден сәлем айта бар бауырыңа.

Осы жолы барсам да болар еді,

Сәкең рұқсат бермейді баруыма.

Бұл сөзге Қанышайым ойланды көп,

Сөз арты қалай болар, ұзарды деп.

Асыққан әйел затқа үлкен ұят,

Қайырсам енді жауап болар ма деп?

-Жарайды, бұ да болса қанағатым,

Өзің жет уағдаңа, ей, қанатым.

Қоспаса, бір Тәңірге шара бар ма?

Кетеді, көп сөйлесе, сөзден татым.

-Қанышайым, жеткізермін арманыңа,

Соғыста оқ ілінген бармағыма.

Қарт бабам қасиетті батыр Бөген,

Еш дұшпан жүре алмаған жан-жағына.

Қайнайды майдан болса қан-тамырым,

Міне, серт-жолығайын аруағыңа.

Уақыт боп жыл айналып, дәм қосқанша,

Атаңның өзің жалбарын әруағына.

Келер жыл осы мамыр он бесінде,

Амал жоқ, өліп кетсем, кетті есімде.

Өлмесем, уағдам сол бір табайын,

Тыныбек жаны болса, кеудесінде.

Осылай серт айтысты бұл екеуі,

Басқаның жарамайды пәлен деуі.

Тыныбек мөлшер күнді айтқаннан соң,

Амалсыз тоқтап қалды қыз көкейі.

Серт байлап, ер Тыныбек қосқа кетті,

Бар жайды Сарыбайға баян етті.

Ұғынып бастан-аяқ сөздің нарқын,

Ол дағы бұл айтқаның жарар депті.

Бексұлтан:

-Бәлі, оттапсың, ей, Тыныбек,

Дегеннен қорықтың ба, жүр бірге кет!

Өзі келген қызды сонша кейіндетіп,

Айтасың құрбы-құрдас, елге не деп?

Сарыбай:

-Бәле,-деді,-батыр Сұлтан,

Ерлерге лайық па екі айтылған?

Бір сөзді айтып алып, қайталаса,

Сонан соң уағдасыз болады адам.

Тыныбек бір сөз айтты-болды уағда,

Жарамас екі айтылған енді және.

Лажсыздан күшпен алса, амалың жоқ,

Оңдасын жолдарыңды жалғыз Алла.

Келермін келер жылы өзім бастап,

Кетпесең Қанышайым өзің тастап.

Келер жыл осы мамыр он бесінде,

Тұрыңдар уағданы мықты ұстап.

Тоқтады сөз аяғы соған байлап,

Қош десіп жөнелмекші қыз да сайрап.

Тілесті амандықты бәрі дағы,

Тілекке жәрдем бер деп «Маянбайлап».

Батырлар қосын артпақ елге беттеп,

Сұлтан жүр: «Қанышайым ере кет»,-деп.

Келер жыл келеміз бе, келмейміз бе?

Одан да бірге жүр деп қазір ептеп.

Қыз айтты:-Нәсіліңе болса дұрыс,

Тілеуім де сіздерден емес бұрыс.

Екі айтқан сөзден қайтшы, ей, батырлар,

Артымда қарамаймын қалса да ырыс.

Іліндім, ей, қырандар қармағыңа,

Егессе жан жүрмейді жан-жағыңа.

Қайтуға айтқан серттен дұрыс болса,

Кетейін, жөн боп тұрса, әруағыңа.

-Жарайды деп айтқызшы бауырыңа-ай,

Екі айтқан сөздің қиын ауырын-ай.

Армансыз бұл жалғаннан өтер едім,

Маянның келін болсам ауылына-ай.

Сарыбай, Тыныбекке Сұлтан келді:

-Құдайым тілегіңді қолға берді.

Өзі келген бұл қызды кейіндетіп,

Тыныбек сонша неге делбе болды?

Жүр десе, қазір еріп кетем, дейді,

Дүниені артта қалған не етем, дейді.

Айтқызшы жарайды деп туғаныңа,

Армансыз бұл жалғаннан өтем дейді.

-Сұлтан-ау, не қыласың сөзді бұзып,

Уағда қылды екеуі сөзді үзіп.

Келер жыл алыс емес тірі жанға,

Салтанатпен аламыз тойын қылып.

2570

2580

2590188

ТАРИХИ ЖЫРЛАР

Қайталап біткен сөзді дей бермеші,

Босайды, көп сөйлесе, сөз жүйесі.

Олар да толып жатқан аталы ел,

Қызын іздеп шықпай ма елдің есі?

«Асыққан шайтан ісі» деген сөз бар,

Болмайды игіліктің ерте-кеші.

Тоқтатты Бексұлтанды соны айтып,

«Кетсін»,-деп Қанышайым үйге қайтып.

Күн ысып, әуе қайнап шалдығармыз,

Кетелік, аял қылмай елге тартып.

Сарыбай бата берді қолын жайып:

-Жүрмеңдер, жас жігіттер, серттен тайып.

Жаныңа жәрдем берсін Хақ Тағала,

Жеткізсін мұратыңа Еренғайып!

Тыныбек қайта келіп, қош айтысты,

Айыру қиын болды екі жасты.

Жалғанның ең қиыны осы болды-ау,

Екі жас қосқаннан соң ықыласты.

Сонымен қош айтысты екі ғашық,

Қия алмай бірін-бірі мауқын басып.

Қайта алмай айтқан серттен арманда боп,

Тыныбек Қанышайымға жақындасып:

-Сөзімді тоқтатыппын бекер айтып,

Барасың, Қанышайым, үйге қайтып.

Басына бір сөзбенен байлап едім,

Кетемін сені тастап қиып қайтіп?!

-Менің де жүрегімді тұрсың кесіп,

Таныстық, Тыныбекжан, бір сөйлесіп.

Жолыңа бабаң салған дұрыс болса,

Байлай кет, қанжығаңа басты кесіп.

Барады сенде кетіп менің жаным,

Күніңді кейін байлап не қылғаның?

2600

2610

2620189

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Демесең жан кеудеде, ей, Тыныбек,

Білмей тұр осы сорлы жығылғанын.

Екі тілек бір жерге сыйысады,

Ақыры бірін-бірі қиысады.

Тәңірдің бір жазғаны болады-ау деп,

Көңілдері осыған тынысады.

Тұрмады аттың басын енді тартып,

«Барам»-деп жылады қыз,-үйге қайтып?

Басында батылдықпен айтса дағы,

Барады Тыныбекті қайғы тартып.

Бір сөзінен қайтпайтын ердің ісі,

Бәрінен қиынырақ жастың ісі.

Жаны бөлек болған соң жүріп кетті,

Барады әрең зорға жанып іші.

Қайтады Қанышайым да жылай-жылай:

«Он екі жылдай болар он екі ай.

Келмесең, келер жылы өшті өмірім,

Қайтейін жылағанмен, Тыныбек-ай!»

Үйіне амандықпен ерлер барған,

Ішінде Тыныбектің толы арман.

Үйдегі қасиетті қарт бабаға,

Осындай қыздың жайын баяндаған.

Айтады Сырдан өтіп жүргендерін,

Сөйледі жаман-жақсы көргендерін.

Жерінен алты қонақ ат өксітіп,

Сөйледі сондай қыздың келгендігін.

Бөгенбай ұғып отыр сөздің бәрін,

Не түрлі жақсы-жаман болғандарын.

-Жылатып жас баланы тастап кетіп,

Жөн емес,-деді,-обалына қалғандарың.

Ажалдан Тәңір аман сақтап шықты,

Барыңдар бойда болса биттей халің.

Сол жастың көз жасына қаласыңдар,

Шықпаса, жөнеліңдер, шыбын жаның.

Өтті ғой сүйегімнен қыздың зары,

Жөн емес, жас Маянның сұңқарлары.

Алтын тауып алсаң да аз аялдап,

Не етер ед орындалса істің бәрі.

«Маянның ауылына келін болсам»,

Деген сөз сүйегімнен кетті ары.

Артымда өзім өлсем, қалғаның бар,

Не қылса орындалсын қыз арманы.

Осы жыл қыстың беті келді зарлап,

Ілінді сүзек-науқас елді қармап.

Бексұлтан, Түменбек, Жұманбек, Садырбекке,

Ауыру тигендей боп анық арнап.

Екі елдің ортасында егер болып,

Сарыбай соған кетті елді шарлап.

Науқас боп жатқан ерлер оңалмады,

Тыныбек Қанышайымға қалай бармақ?!

Сарыбай сөз бітіре соған кетті,

Наурыздың аттанатын айы жетті.

Жігітке қыз қарғысы оңай емес,

Бөгенбай Тыныбекке: «Аттан!»-депті.

Айдарқан, Тыныбек пен Ақай бала,

Жетеу боп бұл сапарға аттаныпты.

Жүрмейді қос-қос атсыз әуел бастан,

Ақкекіл, Нарқызылды ала кетті.

Адаспай Қарамысқа барып еді,

Сол жерде соқыр тұман қаптап кетті.

Жүргенін қайсы жолмен айыра алмай,

Қорғаннан шығып кетіп, арман өтті.

Ортада күн мөлшерін қарастырса,

Арада үш күн өтіп маусым жетті.

Толассыз жауды жаңбыр, тұман басып,

Жол таппай жолаушылар кетті асып. 191

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Сарыбай болмағаны, амал бар ма,

Табар ед қара түнде тура басып.

Сөйлейін Қанышайым енді жайын,

Жаулығы туысқанның тұрған дайын.

«Елін шауып, не қылсам да әперем» деп,

Қопа да өкімдейді барған сайын.

Бауырында Қорған таудың жалғыз есік,

Құяды Сырдарияға жалғыз тесік.

Ешбір жау оны келіп ала алмайды,

Кірмесе Қорған таудың түбін тесіп.

Жолда саз табан тіреп ұрысуға,

Орда да жұбатып тұр пәлен десіп.

Біткенше мамыр айы тың кеп еді,

Жолықты қыз науқасқа үміт кесіп.

Мамыр өтіп, маусым туды, келе алмады,

Тілегі Қанышайымның бола алмады.

Келгенше сол уақытқа сыр білдірмей,

Еш адам қыздың жайын біле алмады.

Науқас қыз жеңгесіне айтты сырын:

(Айтпай-ақ шыдап келген бұдан бұрын).

«Бір жігітке күн байласқан сертім бар ед,

Күн өтті, мынау,-дейді,-менің түрім.

Тірі боп жүре алмаймын қадам басып,

Жалын шығад «аһ» десем аузымды ашып.

Мамырдың он бесінде келмекші еді,

Уағда қылып едік сөз байласып.

Жеңеше, Ордекеме айтпа мұны,

Бұл күнде бір-ақ тай ғой қыздың құны.

«Арманда еркежаным өтті» дерсің,

Құрысын төмен етек қыздың күні.

Жігіттің аты-Тыныбек, елі-Маян,

Бұл сөзім серт айтысқан Тәңірге аян.

Көрмесем, Тыныбекті тірілік жоқ,

Қайтейін, іште дертті кімге жаям?»

Соны айтып нашар халге ілінеді,

Дерт басып, сырқау күштеп білінеді.

Мамыр түгіл маусымның бесі болды,

Бір сөз жоқ, нарау тартты тілі де енді.

Әйтеуір жаны жатыр, кірпік қағып,

Ұзаған науқасты жұрт отыр бағып.

Ажалға таяулаған мезгілінде,

Амалсыз кімге айтады мұңын шағып.

Сонда да үйсін күнде хабар салған,

Ұзаған науқасынан хабар алған.

Қасында екі жүздей садақшы бар,

Өткізбес Орда жауды тас қорғаннан.

«Сауықса, бір күн барып аламыз»,-деп,

Үйсіндер сырттан байқап хабарланған.

Жылқысын бұдан көріп келген кезде,

Ашумен Қанышайым бір сөз салған.

Сол сөзі ойында бар ер Қопаның,

«Қайтсең де алдырам» дер қалса жаның.

Жылқыңды жау айдаған көрдім деп ед,

Сол жаумен ақылы бір, білем, мәлім.

Екі кек көңілімде бірдей бар-ды,

Тоқалға көрсетермін кең мен тарды.

Алдырды Орда бастап бар жылқымды,

Әйтпесе, білмейтін жау қайдан алды?

Қас болар азарында қарындасы,

Орданың құлға түспес ықыласы.

Бір-ақ күнде шауып алып кетер едім,

Бұларды сақтап тұрған Қорған тасы.

Сол күнде жеті батыр жүр алыста,

Көрмеген бір қиын жер жазы-қыста.

Күн жауып, ат жүрмейтін батпақ болып,

Жол табар мезгілі жоқ осы тұста.

Бір күні күн ашылып, бұлт тарады,

Тұс-тұстап тауға шығып жол қарады.

Өздері Қорған таудың сыртында екен,

Ел барын ылди жақта аңғармады.

Түсіп тұр бұлар жолдың әуресіне,

Көз түсті жаңа күннің сәулесіне.

Ұмытып өлер халын, сонда Тыныбек,

Түседі Қанышайым қыз есіне.

Айтқан күн уағдадан өтіп кетті,

Қайғымен басын қойды тізесіне.

Әзермен жүре-жүре тауға жетті,

Бір биік үлкен тауға шыға кепті.

Басынан осы таудың қарап тұрса,

Қалың ел бауырында көрініпті.

Жүретін жол таба алмай таудан құлап,

Отырды елді көріп бекер жылап.

Бір дыбыс «шу-шулеген» естіледі,

Кеш мезгіл тың тыңдаса салып құлақ.

Бір елудей түйе бар жақын жатқан,

Түйені бұлар қуып бақылдатқан.

Елге барар дәрмен жоқ, бүгін мұнда

Қос тігіп, ас пісіріп, бақыр асқан.

Астыңғы қия тастан біреу келді,

Астында көк бие бар, анық көрді.

Тепектеп келіп қалған бір шал екен,

Алдынан қарсы шығып сәлем берді.

Сұрамақ елдің жайын хабарласып,

Бұларды көріп шал да қалды сасып.

Келмеді аузы сөзге кемсең қағып,

Шал өліп қала жаздап қара басып.

-Шалеке-ау, біз жолаушы жолда адасқан,

Жарамас үлкен кісі бекер сасқан.

Түйе ме іздегенің, әне жатыр,-

Деген соң шал бейшара аузын ашқан.

Бір қақты сонда иегін:-Ие-ие,

Қарағым, іздегенім менің түйе.

Ортасы еліміздің жау болып тұр,

Сондықтан қорқып едім жаным күйе.

Шалменен сонда тұрып сөйлесті сөз,

Бір тілді Құдай айдап келтірді кез.

Сұрамақ бастан-аяқ елдің жайын,

Ел не керек, керегі жалғыз-ақ қыз.

-Бар ма екен Қанышайым аман-тірі,

Не керек үйсін бізге көптің бірі?

Алыстан іздеп келген біз жолаушы,

Шешілсе ризамыз көңіл кірі.

-Ә, шіркін, Қанышайым, қарағым сол,

Дегенге шама да жоқ: «сен аман бол!»

Әйтеуір, өлгені жоқ тірі жатыр,

Ол өлсе, артта қалар арманы мол.

Сол үйдемін, Қанышайым-менің балам,

Мезгілсіз жүрмін, балам, көңілім алаң.

Тірі жатыр демесем, тіл қатпайды,

Ісіне бір Алланың бар ма шарам?

Сол еді көзіміздің қарашығы,

Оны сау қоймады ғой Хақ Тағалам.

Науқасқа айналам деп, түйе іздемей,

Сол себепті шығып ем кешке таман.

Тыныбек түйе айдасып бірге жүрді,

Нашар халде екенін енді білді.

Қалғандары сол жерде қонып қалмақ,

Әуелі білмекші боп өзі келді. 195

«Шу-шулеп» түйені айдап жаяу түсіп,

Әзермен түн ішінде елге кірді.

Тігілген қатар-қатар ақбоз үйлер,

Қорада жатын мал көп кеште түнер.

Еркек кіндік көрінбейді атқа мінер,

Бала мен қатын-қалаш көп жүргендер.

Қарауылдап күн бойы жауды тосып,

Түн жарымда еркектер үйге келер.

Шал әкеліп түсірді үйге ерді,

Бөгетсіз Тыныбек жас үйге кірді.

Қасында екі қатын, бір қыз отыр,

Өліктей жатқан қызды көзі көрді.

Шал сырттағы тұрып қалды от басында,

Сөйлесіп бір қатынмен жүр қасында.

«Аты кім?» деген сөздер естіледі,

«Жол жүріп алыс жерден кепті осында».

Тыныбек те айтып жатыр соған нақтап,

Тыңдайды қатын байқұс жүре тоқтап.

Шал сорлы бастан-аяқ айтып болды,

Әлгі бір жас қатынға қалбырақтап.

Бұл қатын үйге кірді есік ашып,

Аз тұрып, артық қарап, маң-маң басып.

-Иә, мырза, көрісетін жөн бар ғой,-деп,

Көрісті қолын жайып, құшақтасып.

-Тыныбек, аманбысың, айналайын,

Білдің бе Еркежанның халі-жайын?

Ертерек келе алмадың, ей, Тыныбек,

Еркемнің халі осындай болды уайым.

Көрісіп, бұл екеуі амандасты,

Көзінен қатын нәркес төкті жасты.

Тілегі екі жастың болады-ау деп,

Бейшара төрге таман қадам басты. 196

Табыттай құс төсекте жатқан қыздың

Барды да әлгі қатын бетін ашты.

-Еркежан жан бойында, міне, жатыр,

Құрмадым сән-салтанат: кілем, шатыр.

Сөйлесуге халің бар ма, ей, Еркежан?

Сүйгенің-Тыныбекжан келіп отыр.

«Аһ!» деп кеуде кере аузын ашты,

Үһілеп лебізінен жалын шашты.

Өмірден үміт үзген бейшара қыз,

Көтерді Тыныбекті естіп басты.

Айығып ауруынан тілге келді,

Тілегін көксеп жатқан Тәңір берді.

«Өңім бе, түсім бе?» деп, аң-таң қалып,

Төңкеріп қарай берді қара көзді.

Қасында екі жүздей садақшы бар,

Үйіне ас ішуге Орда келді.

Қатыны Ордаға айтты:-Келді бір ер,

Алыстан келген адам көп жүріп жер.

Құпия бір сыр екен жан білмейтін,

Кез қылған бұл екеуін Тәңірім шебер.

Еркежан бұл жігітті көрген екен,

Уағданы бұрын байлап берген екен.

Алдында ауырардың айтқан өзі,

Бұл іске сен бір көмек берсең деген.

Сол жігіт іздеп кепті осы күнде,

Көрсеңіз келіп отыр қазір үйде.

Тұқымы қанжығалы Маянбайдың,

Алыстан сонша іздеп тапты түнде.

Көрінеді батыр жігіт аты-Тыныбек,

Уағдасы осы айда екен, іздеп келмек.

Жарқылдап сауыт-сайман, қару-жарақ,

Жан екен бір келіскен елден бөлек.

Өзенді өрлеп, тау асып, жол таба алмай,

Жүріпті неше күндей тауға түнеп.

«Көруге жаным құмар ондай ерді»,-

Деді де, қатынымен бірге кірді.

Орданың салтанатын көріп Тыныбек,

Иіліп, түрегеліп сәлем берді.

Танысып сөздің білді ыңғайларын,

Сұрасып батырлардың хал-жайларын.

Қасына шалдың кісі қосып беріп,

Алдырды кейін қалған жолдастарын.

Тынығып бес-алты күн бұлар жатты,

Орда да салтанатпен күтіп жатты.

Бақсы ойнап, балгер емдеп жазылды деп

Үйсіндер қыз жайынан хабар тапты.

Қопа айтар: «Құтылмайсың қызды бермей,

Кете алмайсың сен, сірә, сөзге көнбей.

Әуелде айтқанымды қыламын»,-деп,

Олар да кісі сап тұр тыным бермей.

Орда айтты қонақтарға істің жайын,

Сөйлесіп ақылдасты сөз ыңғайын.

«Айдарқан, ендігіні сен біл,-деді,-

Осы итке қорлық қылған не қылайын?»

«Деп айтсаң, бере алмаймыз саған қызды,

Қырсаң да, мейлің деші, бәрімізді.

Әуелі, өзің бастап қара көрсет,

Сонан соң көп үйсінге жібер бізді».

Елшіден хабар берді осы сөзбен,

Мұны естіп ашуланды ақылы кем.

Елін жиып бір-ақ шауып алмақ болды,

Өз ауылын өзі шауып, қылмақшы жем. 198

Аттарын күйлендіріп бұлар баптап,

Үйсіндер қолын жиып келді қаптап.

Қасына екі жүздей кісі ертіп,

Бұлар да қарсы шықты бойын шақтап.

Ақ туын Маянбайдың тікті апарып,

«Қолда-деп,-Маян батыр!»-әруақтап.

Тың күш кеп, Орда бүгін мығым тұрды,

Тұрғандай бұрын күшін кейін сақтап.

Жекпе-жек шықпақ болды екі жақтан,

Бұл жерде жеңіп алса, болды мақтан.

Айдарқан Ақкекілмен шықпақ болды,

Үйсін ер, мықты болсаң, енді сақтан!

Жас Ақай аттан түсіп тілек тілеп,

«Рұқсат бер, осыған мен шығайын»,-деп.

Бармаққа жекпе-жекке бел байлады,

Бұлардың мықтылығын сынайын деп.

Береді Орда батыр тілек тілеп,

Жас сұңқар, шыға келді, жаңа тілек.

Баласы Маянбайдың соғыс көрсе,

Кетеді шыдай алмай қайнап жүрек.

Қопаның өз баласы шықты бұған,

Ол дағы жігіт еді ерге ұқсаған.

Аударып Ақай атын алып еді,

Үйсіннің беті қайтып, тайды табан.

Сол күні жекпе-жектен жетпіс бір ат

Алғаны Ақай жастың болды аян.

Еш адам жекпе-жекке шыға алмады,

Ұрысып жас баланы жыға алмады.

Алатын қанша қайла қылса дағы,

Дұшпанын жерге жастап тыға алмады.

Бір ақыл тапты бұлар көбі жақтап:

«Жекені қой, соғысайық бір-ақ қаптап.

Бес-алтыдан жабылсақ біреуіне,

Саны азды кетпейміз бе жерге таптап?!»

Сайланып сойыл-шоқпар, найза-қылыш,

Осы ақыл жақсы деді бәрі мақтап.

Ат қойды қылыш алып мыңдай кісі,

Ойлады қан төгер деп найза ұшы.

Маянның бар баласы атқа мінді,

Бұл іске қайнап кеткен қайрат-күші.

Сол күні ұрыс болды кешке дейін,

Маянбай соғыс десе тұрар бейім.

Өлімге үйсін жағы қалды батып,

Қайтысты кеш болған соң үйге кейін.

Қопадан қалған кісі қамалып тұр,

Басына қылыш-найза сабалып тұр.

Бұрынғы асқандықтан қалды Қопа,

Қайғыға қайғы келіп жамалып тұр.

Енді үйсін беттер емес ұрысуға,

Қайрат жоқ табан тіреп тұрысуға.

Үйіне Орда батыр қайтып түсті,

Күлісіп, қызығысып айғай-дуға.

Жатыпты он шақты күн дамылдасып,

Жиылды үйсін елі жабырласып.

«Бұларға сырттан біреу келген екен,

Өнері бұл Орданың кетті-ау асып!»

Естілмей елдің сөзі неғып тұрсын,

Бір жұмыс таппақ болды ақылдасып.

Шөлінен Ақкезеңнің тоспақ болды,

Сол жерге жинап сусын тасып елден.

«Қырылып, әзер болса біз қалармыз,

Қалайық шөлде,-деді,-бір айқасып».

Сайланып сегіз жүздей кісі аттанды,

Бұл істен хабарсыз боп Орда қалды.

«Қарағым, амандықта жөн тапсақ»,-деп.

Айдарқан Тыныбекке ақыл салды.200

Не көрсек те өзіміз көрейік деп,

Орда да мына сөзді қабыл алды.

Той қылып, бермек болды қарындасын,

Қапыда хабары жоқ не қыласың?

Үй тігіп қанша елді айдап бермек,

Артықша арттырмақшы қазынасын.

Кейінгі Бөгенбайдан сөз сөйлейік,

Той тойлап, жырын жырлап бұлар жатсын.

Бір күні қарт Бөгенбай көреді түс,

Мәнісі көрген түстің бір қиын іс.

Бір кесел жолаушыға бар екен деп

Шақырды Маян ұлын-бәрін тегіс.

Айтады Сарыбайға:-Тыңдар сөзім,

Түс көрдім бір жамандық менің өзім.

Қапыда жау қолында қап жүрмесін,

Тез аттан басшы болып, жаным, өзің!

Шөлін тап Ақкезеңнің тезден барып,

Түсімді жорып тұрмын ойға салып.

Мәнісі бұл түсімнің қиынырақ,

Ойласам өзегімді кетер жарып.

Сыйынар Маян ұлы Бөгеніне,

Айтқаны қарияның келеді де.

«Түс-түлкінің боғы» деп қарамайды,

Бөгеннің болар мақұл дегеніне.

Аттанды абыр-сабыр жолдас жиып,

Тоқталып жата алмады көңілі тынып.

Жолдас ап, он бес кісі келе жатыр,

Күн ысып, сол уақытта кетті күйіп.

Ақкезең-сегіз күндік айналасы,

Суы жоқ, қураған шөп айдаласы.

Төте жол жолаушыға болғанменен,

Бұл шөлде жүрген емес жан баласы.

Қонбай, түспей келеді Сарыбай да, 201

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Шөліркеп кебірсіген аузы-басы.

Қырына Ақкезеңнің шықсам дейді,

Сол жерде не болды деп бауырласы.

Осынша қан төгісіп, егер болған-

Бір қыздың алым-берім тайталасы.

Жол басып бұлар дағы бара тұрсын,

Жөнелткен Орда дағы қарындасын.

Бір сойқан Ақкезеңде болмақ болды,

Қопаның салуынша ықыласын.

Жөнелді дүйсенбі күн жүгін артып,

Разы екі жағы қошын айтып.

Егесі еліміздің түгегенде,

Қылармыз «барды-келді», дәм-тұз татып.

Еліңнің үлкен-кіші барлығына,

Қоярсың дұғай сәлем бізден айтып.

«Өліспеген көріседі» дейді екен-

Шығарып, Орда мырза кеткен қайтып.

Су алды әлдерінше меспен байлап,

Түйеге сыйғанынша алған артып.

Жетекке отыз түйе жүгін артқан,

Жамылтып жібек кілем арқан тартқан.

Шөлімен Ақкезеңнің тура аспақ,

Мөлшермен айтып берген жермен қайтқан.

Жау жоқ деп, келе жатыр жадағайлап,

Дәл шөлге кіріп келді күліп-ойнап.

Жау деген батырлардың есінде жоқ,

Сауытты қанжығаға алған байлап.

Кезеніп елден жауға шықпаған соң,

Толықтап ап шықпаған қару сайлап.

Қырына Ақкезеңнің шыққан шақта,

Мөлшері шалқар түс ед сол уақытта.

Самсаған сары қолға жолығыпты,

Мінгені барлығының өңшең лақпа.

Ат қойып мың сан адам жабырлаған.

Қапыда сауыттарын кигізбеді,

Тоқтатар жері осы ма ердің бағын?

Соғысты бет-бетімен «Маянбайлап»,

Қор болды Қанышайым соры қайнап.

Аттан түсіп, шеңгелге жасырынды,

Түйені иіре сап, атын байлап.

Төрт күндей су ішпеген аттың бәрі,

Маянның енді састы батырлары.

Танысып Айдарқан мен Тыныбекті,

Жабылып ұрыс қылған жас пен кәрі.

Найза ұрып, қылыш шауып, садақ тартып,

Кеткендей үйсіндердің қайраты артып.

Ақкекіл тұмсығынан шаншылады,

Болдырып, су ішпеген қаны қатып.

Тыныбек тұрған еді аттан түспей,

Түсірді атынан да үйсін күштей.

Күдерін шыбын жаннан үзген мезгіл,

Бұрынғы көрген күні-көрген түстей.

Соғысты тауға таман жаяу басып,

Үйсіндер келе жатыр жабырласып.

Соғысып бет-бетіне кеткен ерлер,

Білмейді не болғанын асып-сасып.

Әзермен ер Тыныбек тауға шықты,

Әйтеу бір жан сақтауға барды қашып.

Құтылар көрінбейді қашқанменен,

Шаң-тозаң араласқан аспанменен.

Садақтың оғын қолмен қағып алып,

Өзіне тигізбейді атқанменен.

Сол жерде жиырма жері жараланды,

Күн ысып, ет жүрегі оттай жанды.

Қасқыр тартқан қойдай боп отыр батыр,

Білмейді, не боларын енді халі... 203

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Түс ауып, күн төбеден асқан шағы,

Бұл жерде төмендеген ердің бағы.

Маянның іздеп шыққан батырлары-

Берген соң шын тілекті келді тағы.

Кез болды әуел келіп артқан жүкке,

Қарамай жетіп келді артқан түкке.

Таныды ертоқым мен қарала атты,

Тең бар ма Сарыбайдай шын зерекке?!

Жатыр ед Қанышайым өлмей жаны,

Қалмап ед қорыққанда бетте қаны.

Бетіне шеңгел тиіп ақ мамықтай,

Сорлының кетіп жатқан сондай сәні.

Таныды Сарыбайды бұғып жатып,

Орнынан қыз да тұрды сонда атып.

Хал-жайды Сарыбайға айтып еді,

Сұп-сұр боп алды қанын ішке тартып.

Қол бұлғап, жолдастарын «ұмтыл!» деді,

Атының аял болмай басын тартып.

Атылып оқ жыландай кетіп барад,

Айғайлап, ақырады жау мұндалап.

Артынан көк бөрідей келіп тиді,

Бір салып кез келгенін домалатып.

Үстіне Ақкезеңнің шыға келсе,

Ақкекіл сандалып тұр қанға батып.

Жарадан жануардың сау жері жоқ,

Ит үйсін әлсіреткен атын атып.

Тиген соң тыңнан келіп, өкпе тұстан,

Өлімге үйсіндер де қалды батып.

Қалғаны жан сауғалап қашып жатыр,

Белгілі қу кезеңнен асып жатыр.

Құтқармай бірде-бірін түгетер ед,

«Қашқан жауды қума» деп бір сөз жатыр.

Үйсінді көп қуғанмен түк болмас деп,

Жаралы жатқандарға қайтты батыр.

Көп екен үйсіндерден өлген адам,

Жаралы боп бірталай күңіренген.

Бос аттар ер-тоқыммен тізгін сүйреп,

Иесіз әр жылғада босап қалған.

«Бас қайғы, байтал түгіл» болып ақыр,

Біріне-бірі тоқтап қарамаған.

Жығылған Айдарқанды көзі көрген,

Қасына тура басып жетіп келген.

Сабалап өзін-өзі жатыр екен,

Айғайға қаны қызып түрегелген.

Нарқызыл өлген екен қаны кетіп,

Есіл ат қаза тапты ажал жетіп.

Ақылы Айдарқанның дұрыс екен,

Сөйлесті тілге келіп, сөзін қатып.

Шабысып тауға келді өзі көрген,

Күш-қайрат кеткен екен Тыныбек ерден.

Әйтеуір, кеудесінде жаны барын,

Сарыбай өзі жетіп көзі көрген.

Өңгеріп, түйе қалған жерге әкелді,

Меңдетіп тастапты жау есіл ерді.

Хал-жайын Тыныбектің көргеннен соң,

Зарланып Қанышайым жылай берді.

Шығыпты бір саладан Ақай бастап,

Бесеуі тобын жазбай жүрген қостап.

Олардың денесінде жарасы жоқ,

Бір бүйірден үйсінді жүрген жастап.

Суы жоқ Ақкезеңді көзі көрді,

Түйеге жаралыны артып жүрді.

Күн-түні тыным алмай жүріп келіп,

Бір соқыр бастауы бар жерге келді.

Сол жерде біраз жатып демалысты,

Айдарқан өздігінен алар басты.

Хал-жайы Тыныбектің нашар болып,

Сол жерде төрт күн күтті бұл науқасты.

Үйіне аман барды өлмей жаны,

Тоқталып тыйылмады аққан қаны.

Әйтеуір ұлы дене аман екен,

Жазылды Қанышайымның сынбай сағы.

Келген соң Бөгенбайға айтты бәрін,

Шөлінде Ақкезеңнің не болғанын.

Қапыда білмей қапты үйсіндердің,

Жол тосып, шөл далада аңдығанын.

-Нарқызыл мен Ақкекіл өлді,-деді,

Жаралы атақты ерің келді,-деді.

Жау сұраған үйсінге жасыл түсіп,

Әйтеуір қанды қырғын көрді,-деді.

Қанша адамы өлгенін өзі білед,

Қалғаны бас сауғалап безді,-деді.

-Батырлар, қуаныңдар амандыққа,

Жолығар ниет бұзған жамандыққа.

Қанатты құстай едік ат барында,

Жолықтық енді шындап шабандыққа.

Екі атым екеуіңнен емес арзан,

Мен шығар күн жоқ екен қайғы-зардан.

Жарайды, жау болмаса ештеме етпес,

Жау болса, бұрынғыдай жоқ қой шалжаң.

Ер сақтар жауын жеңіп елдің бағын,

Ат сақтар жау алдында ердің жанын.

Мекен қып Барқыт белді жүретұғын,

Бір жаудың тұқымы бар, білем-мәлім.

«Жау жоқ» деп жадағайлап, жатпаңдар жай,

Көрінді маған қиын осы екі тай.

Ер сақтар ерлік қайда ат болмаса,-

Деп жылап көп қайғырды қарт Бөгенбай.

Үшінші бөлім

Қаранай

Ертеде қалмақ ханы өлген шынар,

Тұқымы сол қалмақтың кекке құмар.

Жалғыз ұл тоғыз жаста қалған екен,

Бұл күнде өз елінде хандығы бар.

Қаранай-оның аты, өзі батыл,

«Қазақтан кек алам!-деп келе жатыр.

«Өлтіріп Бөгенбайды кегімді алсам,

Бойымда арман қалмас»,-дейді батыр.

«Бөгенбай жетім қылған күшпен айдап,

Өлтірген жан әкемді қолмен байлап.

Кетпейді салған дауысы құлағымнан,

Ойрандап, ұран салған Маянбайлап».

Қасына он тоғыз мың әскер алған,

Қазаққа тура беттеп келіп қалған.

Айдыны сондай қатты сұмырайдың,

Қырғындап жүрген жерін ойран салған.

Бөгенбай түс көріпті сонда тағы,

(Ат жоқ деп кейіп тұрған бұл бір шағы).

Түсінің көріп тұрған түсі жаман,

Осыған Бөгенбайдың сынған сағы.

«Ұйқыда бір дария көрдім бағып,

Шалқыған бір жағынан отын жағып.

Ортасында қара төбет арсылдайды»,

Деп, түсін әркімге айтты мұңын шағып.

«От шалқып суға залал қыла алмай тұр,

Су толқып от жалынын жыға алмай тұр.

Қара судың үстінде қара төбет,

Ол ұлып, арс-ұрс етіп шыға алмай тұр».

Түс көріп түн ішінде оянғанда,

Ағыпты қысылғаннан маңдайдан тер.

«Көретін кәртейгенде ісім бе едің?

Түс болды-ау бұл не деген, Тәңірім шебер.

Көп екен көргенімнен көрмегенім,

Мұндай іс ойламаушы ем, Пәруардигар.

Адам басы-Алланың добы екен ғой,

Не деген сырлы дүние бедер-бедер?

Шақырып Сарыбайды алды батыр,

Сарыбай кіріп келсе, жылап жатыр.

Сарыбай, менің көзім қараң болды,

Бар екен мені аңдыған бір жау ақыр.

Бүгін жатып көрдім түс,

Көргенім қатты қиын іс.

Еліңнен саңлақ жиғызып,

Беліңді байлап, түйініс.

Бір жағымда жанған от,

Шалқып суға жете алмас,

Шалқыған оттың жалыны

Толқыған судан өте алмас.

Ортасында бір қара ит,

Азуын көрдім жеті алмас.

Жан-жағымнан жабылып,

Екі дұшпан қысып тұр.

Осы түсті көрген соң,

Көңіліме қаяу түсіп тұр.

Кәртейген шағым, халім жоқ,

Осыдан жаным шошып тұр.

От пенен су қабысып,

Қысып қатты қара итті.

Байлаулы тұр жұлқынып,

Үзе алмай тұр ол жіпті.

Қайратым қайтқан кезімде,

Үзіп тұрмын үмітті.

Босанса елді қырады-ау,

Шыға алмасын тілеймін.

Екі көзі қып-қызыл,

Шошыдым неге, білмеймін?

Үлкен қауіп төніп тұр,

Осы бір түсім шын деймін.

Тік шапшып тұр арсылдап,

Азуын көрдім пышақтай.

Осыдан зәрем ұшты ғой,

Қолдамасаң, Маянбай!

Жетпіске жасым келгенде,

Қиын іс болды-ау япырмай!

Сарыбай мұны естіп, жинады елін,

Ойламас екі айтар деп Бөген ерін.

Ел жиып күндіз-түні жүргенінде,

Қалмақ та қусырыпты қазақ жерін.

Бес күннің бесін шені болған кезде,

Шапқылап біреу келді телім-телім.

Жылады Бөгенбайға келген адам:

-Түсті,-деп,-ел басына ақырзаман.

Қасында жер қайысқан ләшкері бар,

Қаранай хан кеп қалды бізге таман.

Қасына он тоғыз мың ләшкер алған,

Қазаққа тура беттеп келіп қалған.

Екісін үш есенің қырып келед,

Дабыл ап, жүрген жерін ойрандаған.

Мал түгіл, жаннан үміт үзіп тұрмыз,

Тартып ап, айдап кетед малды семіз.

Айбынын аласатқан айтып болмас,

Саны жоқ ләшкерінің ұшан теңіз.

Сарыбай елін жиды дамыл алмай,

Аттанды еркек кіндік адам қалмай.

Бөгенбай «мен де барам» деген еді,

«Барма» деп жұрт айтқан соң әзер қалды-ай.

Жанына Абылай ханның кісі барды:

-Бір тартқан қазақ едің қайғы-зарды.

Менің де керек болар күнім болар,

Бірге алыс мынау келген қалың жауды.

Абылай хан айтты:-Көмек бере алмаймын,

Аталы жау, оны мен жеңе алмаймын.

Өзің көр, не қылсаң да, менен аулақ,

Арандасып, соғысып өле алмаймын.

Жатқан жылан құйрығын басып алсам,

Ақырында бұған дауа таба алмаймын.

Жөн айтып, Абылай көмек бере алмады,

Естіген көп азамат тұра алмады.

Сайланып шықты атақты жүздей кісі,

Үйінде намысты ерлер қала алмады.

-Қалсаң қал, Абылайжан, үйде өзің,

Қазақпын, саған айтар менің сөзім.

Хан едің қазақтағы ең атақты,

Жөн болса өзің үшін бұл мінезің.

Жүз саңлақ Сарыбайға ерді былай,

«Дұшпанға таба қылма,-деді,-Құдай!

Таусылар аруағыңның мезгілі ме,

Қиында қолдаушы едің, ер Маянбай!

Сарыбай түгел болды елін жинап,

Батырлар күйзелер жоқ жанын қинап.

Мінуге Бексұлтанға ат табылмай,

Жаяудың аз алдында кетті жылап.

Ақкекіл, Нарқызыл мен болды керек,

Өлген жан тірілер ме, неге керек?

Бөгеннің былтырғы айтқан сөзі келді,

Тегін емес, қасиетті, еді зерек.

Ел жиып, орта жолдан жарақтанып,

Қазақ та тең болдық деп келсе керек.

Қалмақтар қазаққа кеп жақындаған,

Азуы Қаранайдың сақылдаған.

«Қолыма Бөгенбайды тірі берсең,

Жауласпай қайтамын»,-деп қақылдаған.

Бұл сөзге қазақ неге бассын аяқ,

Сөйледі өткен күнді бастан-аяқ.

-Әкемнің қырық тоғызда басын кескен,

Сол күнде мен бала едім жалаң аяқ.

Әкемнің өз тағында кескен басын,

Сол кезде тоғызда еді менің жасым.

Әкеп бер Бөгенбайды тірі қолға,

Қазағым, сонда өлімнен құтыласың.

Болмаса, жоғалтамын түгел қырып,

Еріңді өлтіремін бір-ақ ұрып.

Қызыңды-қатын, ұлыңды-жетім қылып,

Асырам Барқыт белден төгілдіріп.

Дайын тұр Сарыбай да елін жиып,

Жауының сөзі жанға батты тиіп.

Алтын тұғыр Бөгенін қайдан қисын,

Түгегенше соғыспақ қазақ құрып.

-Біз оған тоқтамаймыз, ұрысамыз,

Шеп тартып екі жақтан құрысамыз.

Қаранай, күніңді айт,-деді Сарыбай,-

Біз дайын ертеңгі күн жұлысамыз.

Әуелі соғыс қалай бастайтұғын,

Соғыстан біз қазақпыз қашпайтұғын.

Қорыққаннан кісі ұстап бере алмаймыз,

Күнің жоқ, сен Қаранай, аспайтұғын.

-Мен дайын ертеңгі күн келем бетке,

Сен, қазақ, өзің тағы қашып кетпе?

Әуелі соғысымыз былай болсын,

Шығайық екі жақтан жекпе-жекке.

Бұл сөзге Сарыбай да мақұл деді,

«Жауласып, сапар шегіп келдің,-деді.

Ажал айдап кепті екен сені қысып,

Басайын құмарыңды көргін,-деді.

Таңертең майдан тартты сұм Қаранай,

Қандай жан жанын сақтап, құтылар жай?!

Денесі бар адамнан артық екен,

Басында дулығасы-мұнарадай.

Бұл қалмақ артық туған жуан кеуде,

Қазақ та кеміте алмас, пәлен деуге.

Астында қара тұлпар мінген баптап,

Аттанған жолы екен жауын жеуге.

Сарыбай көпке айтады: «Бірің шық»,-деп,

Жөні жоқ қолбасшының сен шық деуге.

Бейнесі көрінеді қалмақ өктем,

Қаруы бір басына түгел жеткен.

Қайраты артқан біреуі шығар бұған,

Болмайды «сен шық» деуге таңдап көптен.

Тұманбек келіп еді бер деп жолды,

Салайын ата жауға қолдан торды.

Ақкекіл мен Нарқызыл өлген жылы,

Жалғыз-ақ болған екен аттан сорлы.

Тұманбек бата алады барайын, деп,

Қалмақтан өлтіріп кек алайын, деп.

Сыйынып Маянбайдың аруағына,

Жылайды, Жаратушы панайым, деп.

Қасына Қаранайдың жетіп барған,

Көңілінде қорқу деген болсын қайдан?

Ақ сауыт қабат-қабат қос түймелі,

Шаңырақтай жарқыраған шойын қалқан.

Қазақ қарғап, қалмақ тілейді Қаранайды,

Ол сұмырай өлемін деп санамайды.

Астында көк аты бар бір жас жігіт,

Өзіме тең екен деп баламайды.

Қаранай:-Кімсің,-деді,-жауым қазақ?

Бейшара, өлесің деп қылды мазақ.

Әкеп бер Бөгенбайды тірі қолға,

Болмаса өлтіремін салып тұзақ.

-Тұманбек-менің атым, атам-Маян,

Туыстым Бөгенбаймен, елге аян.

Қаранай не десең де қыл ісіңді,

Соғыстан сен айтты деп қалай таям?!

Қалмақ айтты:-Кезекті әуел кім алады,

Жобасы бұрынғының не болады?

Ата-баба жосынын білесің бе-

Мұраға біздің қалмақ бағынады.

-Әуелі, батыр қалмақ, кезек саған,

Тегінде жол беріпті ата-бабам.

Сіздің ел біздің елмен соғысқанда,

Әкеңе кезек берген Бөген ағам.

Әуелі, кезек сенен, батыр қалмақ,

Ниетің бар қазақты қырып салмақ.

Үйдегі қарт Бөгеннен нені аяймын,

Әйтеу бір күн өтеді дүние бейбақ!

Қаранай атқа қамшыны,

Қабындап салып, қабынды.

Жаусыраған сұмырай

Бурадай болып шабынды.

Алыстан келген айдынмен,

Соғысуды сағынды.

Сонадай кетіп барады,

Ат мойнын бұрып алады.

Тұлпардың бүйірін қыздырып,

Қамшыны қатты салады.

Қазақ тұр шулап әруақтап,

Қаранай шауып барады.

Қалмақ ханы Қаранай,

Қағынып шапты қарамай.

Тұлпар атын секіртіп,

Төндіріп найза барады-ай.

Жан шығатын жер сол деп,

О да тілеп жол бер деп.

Қарысқан қатты қолымен,

Сегіз қырлы найзаны.

Берік ұстап салады,

Шұрқылтайдан дәл кезеп.

Найзаны ұстап алады,

Сіресіп қатып қалады.

Талағың түскір, көк сүлік,

Қарысқан ерге шыдамай,

Майысып жығылып барады.

Қалмақтың күші білінді,

Қармаққа Тұман ілінді.

Тірескен күшке шыдамай,

Көк ат көттен сүрінді.

Айырылды қолы найзадан,

Жоғалды Тұман айладан.

Дәл жиырма екі жасында,

Қаранай жасты жайлаған.

Бір-ақ салды жүрекке,

Қалмақ жетті тілекке.

Дандайсып қалды қалмақтар,

Қазақ шапты сүйекке.

Қалмақ та қаптай соғысып,

Көп тартысты бұл кекке.

Қазақ алып жөнелді,

Өлгеннің бермей денесін.

Қазақтан сән кетті ғой,

Әруақ қолдап, жебесін!

Қаранай көңілі алыста,

Құртпақ елдің келесін.

Садырбекке оқ тиді,

Кіргізді дұшпан шегесін.

Қаптаған соғыс болған соң,

Қай өлгенін елесін?!

Екі күн көмді өлігін,

Көрсетті қалмақ ерлігін.

Сарыбай мен Бексұлтан

Бірге туған бауырлас

Жоқтайды екі серігін.

Үшінші күн түзеліп,

Қалмақ мінді керігін.

Қаранайға жазым жоқ,

Өзінің баспай желігін.

Сал ұрып қалмақ еліріп,

Асып тұр көңілі желігіп.

«Өлім бар» деп ойламас,

Тұрса да ажал көрініп.

-Ей, Сарыбай, өлейін,

Өлмесем, қайтып келейін.

Жаяулықтың жөні жоқ,

Бір ат тауып беріңіз-

Жазасын жаудың берейін.

Найзасына сүйеніп,

Туысқанына күйініп.

Зар еңіреп Бексұлтан,

Отыра кетті жүгініп.

Сарыбай айтты:-Қарағым,

Артымда қару-жарағым.

Мінетін ат болмай тұр, 215

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Қолымда бар ма баяғым?

Әперейін біреуін,

Өзің таңда лайығын.

Бексұлтан айтты:-Әперсең,

Ақанайдың ала атын.

Қалмаққа өзім барайын,

Ісім жоқ қапыл қалатын.

Ақанайды шақырды,

«Ат бер»,-деп салды ақылды.

Жаудан аман қалмаймыз,

Алмасақ мына кәпірді.

Осы келген Қаранай,

Дүниені сапырды.

Ақанай айтты:-Бермеймін,

Астымда жалғыз атымды.

Қаптаған соғыс боп кетсе,

Өзім өліп қалам деп,

Атын бермей шатылды.

Бексұлтан сонда айтады:

-Атыңды берсең қайтеді,

Бәрібір аман қалмаймыз.

Жиырма бес жасымда,

Жаудан бекер өлгенше,

«Сен өлтір! деп ақырды.

Көп адам келіп жабылып,

«Бер» деп айтты ақылды:

-Бәріміз аман қалмаймыз,

Жеңбесек мына батырды.

Ақанай амалсыздан аттан түсті,

Біреуден не десең де көбі күшті.

Мініп ап Ақанайдың ала атына,

Бексұлтан салмақ болды қиын істі.

-Қош сау бол, мен келмесем бұл барғаннан,

Құтылдым атсыз болған бір арманнан. 216

Аянар осы жолда нем бар менің,

Айырылдым екі қанат-қос қарғамнан.

Дауысы қатты шықты «Маяндаған»,

Соғыста батыр еді аянбаған.

Көзі өткір жігіт еді құбақандау,

Сұрланып қайрат керіп қатуланған.

Келбеті Қаранайдай бар деп айтты,

Сыртынан қалмақ, қазақ баяндаған.

Көз жазбай Қаранай тұр тікірейіп,

Кеткен жоқ о да қорқып үрейленіп.

Астында қара тұлпар тік қарғиды,

Тұқырып тұмсығымен жерді сүзіп.

Қаранай мұны көріп, толды көзі,

Ер ғой деп дәл лайық мұның өзі.

«Өлгенше кемимін»,-деп кім айтады?

Артық тұр Қаранайдың айтқан сөзі.

-Ей, қазақ, кепті сені ажал айдап,

Найзам тұр қос ошақты алған сайлап.

Жол бер де, жеңілдім деп еліңе қайт,

Құр айғай сала бермей «Маянбайлап».

-Қаранай, не қыласың сөзді қуып,

Көргем жоқ жаудан қорқып өзім туып.

Бар болса, кереметің көрсете бер,

Төбеме тастасаң да тауды жұлып.

Ер емес екеуі де сөзге бұлтақ,

Сүйенген қара күшке, сөзге шорқақ.

Бұйырар қайсысына қайдан білсін,

Бір ажал екеуіне тұр ғой ортақ.

Қаранай айтты:-Кезек бер маған, қазақ,

Жүруің алыс емес сенің аз-ақ.

Ежелден қалмақ, қазақ соғысқанда,

Кететін қазақты етіп, қалмақ мазақ. 217

-Ала бер кезегіңді, қалмақ батыр,

Бір ажал екеумізге келе жатыр.

Қайтсек те, біреуіміз жеңу керек,

Жүрмеспіз екеуміз де, білсең ақыр!

Кезекті болды әуелі, қалмақ алмақ,

Жорасын бұрынғының қиын бұзбақ.

Алдында өлім бар деп ойламайды,

Қазақты жеке-жеке қырып салмақ.

Қалмақ тұр атын тебініп,

Қорқыныш жоқ бойында.

Соғысқа көңілі беріліп,

Алыстан келген айдынмен,

Бұқадай буға семіріп.

Асығып кезек алам дейт,

Қабағын қатты түйініп.

Өлім бар деп ойламас,

Ажалдың ала арқаны

Тұрса да мойнына ілініп.

Қаранай кешегідей өнер бастап,

Сұлтанды майдан жерге кетті бастап.

Құтырған арыстандай аласұрды,

Көңілінде өлтірем деп жерге жастап.

Қолына ер Қаранай алды найза,

Батырдан майыспа деп, қанды найза.

Сұлтан да алтын жүрек ердің бірі-

Көңіліне кірер емес қорқу қайда?!

Табандап орнында таймай тұрды,

Қаранай қос қолдап кеп найза ұрды.

Шап беріп найзасынан ұстай алып,

Жұлып ап, сонда Сұлтан лақтырды.

-Қазағым, ер екенсің сен де,-деді,

Сен ал енді кезекті, кел де,-деді. 218

Әуелгі өзіңдей боп мен де тұрам,

Найзаңды жұлып алам мен де,-деді.

Бексұлтан Қаралаға қамшы басты,

Көзінен қан аралас төкті жасты.

Ұзап барып анадай жерден шауып,

Қалмаққа енді келіп жақындасты.

Найзасын сол қолына алды ыңғайлап,

Суырды көк семсерді бауын байлап.

Қолына бүлдіргесін іліп алып,

Келеді бір істеуге амал сайлап.

Оның да күші басым, қаруы артық,

Найзаға жағаласар қолды қармап.

Қасына Қаранайдың келді жетіп,

Барынша тұлпар атын екпіндетіп.

Найзаны көздеп тұрған батыр қалмақ,

Найзаға қолы ұмтылды қарбаң етіп.

Найзаны Қаранайға бере салып,

Семсермен жазым қылды салып өтіп.

Алып қол ұрған қылыш тиді қатты,

Сыр етіп ақ сауыттан арман батты.

Желкеден дәлдеп ұрған бар күшімен,

Ер қалмақ ат мойнынан омақа атты.

Жығылды ер Қаранай омақа асып,

Бексұлтан ұрып жықты қайраты асып.

Артында таяу тұрған Ақай бала,

Сүйегін Қаранайдың қалды басып.

«Сүйегін ханымыздың бермейміз»,-деп,

Қалмақтар оңмен-солды даңылдасты.

Атына қас батырлар қамшы басты,

Іркілген екі жақтың күші тасты.

Дәл түстің мезгілінде қазақ, қалмақ,

Қырғынға бір батуға араласты.

Боп кетті қазақ бүгін арыстандай,

Серпілді қалмақ қашып жарысқандай.

Екі жұрт араласқан қырғын болып,

Ажалға ұшырапты жандар талай.

Есесін әкесінің іздеп келген,

Мәнісі Қаранайдың болды осындай.

Бер жағы Барқыт белдің қазақ жері,

Боп кетті шегінгендей қалмақ кері.

Ел жиып өлгендерін есептесе,

Болыпты бір мың үш жүз өлгендері.

«Соғыстың не болғанын көремін»,-деп,

Қосқа да келіп қапты Бөген ері.

Бөген қарт бұған дағы көп қайғырды,

Оқыста өлгеннен соң інілері.

Ас беріп өлгендерге, бейіт соғып,

Қазақтың бір қайғырып қайтқан жері.

Жоңғардың даласында қырғын тауып,

Қазақта тағы қалды қалмақ кегі.

Күнгейін Барқыт белдің қалмақ алып,

Асқан жоқ көпке дейін содан бері.

Қазаққа содан бері мекен болды,

Жоңғар мен Барқыт белдің теріскейі.

Төртінші бөлім

Жұттан қашқан

Екі жыл аман тұрды ұрыс көрмей,

Ерлерде аттаныс жоқ, жүріс көрмей.

Жазында жауын жаумай, жер шөл болып,

Қиналды қанжыға елі малы шөлдей.

Қыс қатты, жаз шөлді болды малға жайсыз,

Малға жайсыз болғаны-жанға жайсыз.

Кей ауыл ақ сүйек боп қалды жұтап,

Қорасы қозы, бұзау, тайлақ, тайсыз.

Жел болса, жер жүзінен шаң шығады,

Мал сауса, сүт орнына қан шығады.

Жуаны созылып, жіңішкесі үзілген жұрт,

Малдың сиқы кеткен соң ашығады.

Бала жоқ Бөгенбайдың өз басында,

Қайғырып, баланы ойлап жан шығады.

Бөгеннен ақыл сұрап жиылған жұрт,

«Не деп ақыл айтар?» деп асығады.

Бөгенді екі қайғы бірдей күтті,

Кәрінің қайғыменен күндері өтті.

Ақыл жоқ бұл кәріде осы күнде,

Сұмдық, деп, бұл не деген-есі кетті.

Бөген айтты:-Мен көрген түсім жаман,

Осы елде мал ұрығы қалмайды аман.

Сақтауға мал ұрығын ақыл ойлап,

Шықпаса азаматтар шетке таман.

Мал емес пе қазақтың қазынасы,

Мал түгесе түспей ме, ақыр заман?!

Су шықпай қазған құдық құрып жатыр,

Бұған да қайғырады Бөген батыр.

Малды айдап, шеттен барып қоныс ізде,

Бозбала, атқа мінер, тігіп шатыр.

Бөгеннің бір құлы бар Бектар атты,

Жайлауда отарлатып жылқы бақты.

Қасында басқа да көп жылқышы бар,

Су таппай мал да, жан да шаңырқапты.

Салмайды басын жерге малы шулап,

Тоқтамай жерігендей шұбар шулап.

Бөгеннен ақыл сұрап Бектар келді,

Ол жерге мал тұруға болмайды бап.

Бөгенбай Сарыбаймен ақылдасты,

Қанжыға елін жинап қосты басты.

Бұл жерде мал ұрығы қалмайды енді,

«Ойлан» деп, жан сақтауды елге шашты.

Бөген айтты:-Бар еді айғырым бір,

Оны үйірге салғалы жиырма жыл.

Біреуің соны барып біліп келші,

Жер жайын білмес пе екен Көкжал айғыр?

Көкжалым қыдыр қонған білген шығар,

Көп жолды жер қараумен жүрген шығар.

Сарыбай, соны барып өзің біліп,

Сонан соң қайта маған берші хабар.

Сарыбай Бексұлтан мен жүріп кетті,

Жылқыға екі күнде барып жетті.

Бәрін де малшылардың ұйықтатып,

Екеуі көп жылқыны күзетіпті.

Жараған Көкжал айғыр бауырынан,

Тер аққан айғызданып сауырынан.

Үйірінің ортасында мойнын салып,

Көргенде бұл екеуін оқыранған.

Жануар айтатұғын тілі де жоқ,

Жылқының жүретұғын күйі де жоқ.

Жылқыдан кеш болған соң кетті шауып,

Кеткенін оның қайда білуші жоқ.

Таңертең Көкжал айғыр қайтып келді,

Боялған үсті-басы қара терлі.

Көкжал айғыр осындай күйде екен деп,

Бөгенге бұлар келіп хабар берді.

Басында Бөгенбайдың жалпы малы,

Жетеді елу мыңға қосса бәрі.

Жылқысы жалаң ғана он сегіз мың,

Қайтпаған ауыл еді малдан бағы.

Егіздің саңлақтарын жиып алды,

Бөгенге жүр деген соң, бәрі барды.

Үш мыңға бірден қосты тігіп алып,

Егіздің жүрмек болды батырлары.

Қар жауып, қыс түспейтін жерді іздеп,

Артынан Көкжал айғыр ермек болды.

Қос артып, құрбандығын айтып сойды,

Жайлауда өңшең батыр етке тойды.

Қамданып ерлер атқа мінгеннен соң,

Көкжал да бастай берді жүрер жолды.

Үйірі жөнеледі одан қалмай,

Белгілі тоқтар емес жерге бармай.

Қоштасып батырлармен кейін қайтты,

Батасын беріп тағы ер Бөгенбай.

-Жақын болса хабарын берерсіңдер,

Алыс болса бір-ақ кеп көрерсіңдер.

Жаудан аман сақтасын Тәңірім бізді,

Ажал жетсе, үйде де өлерсіңдер.

Жүйрік ат, қыран бүркіт қолдарында,

Жылқының ерлер кетті соңдарында.

Бір жүз он бес жігіт боп аттаныпты,

Сарыбай ақыл табар жолдарында.

Көкжал кеп кейбір жерге жайын жатар,

Жылқышы қос тігеді қатар-қатар.

Көкжал айғыр жөнелсе бетін қойып,

Жабырласып азамат қосын артар.

Осымен қырық бес күн көшті талмай,

Кей жерге Көкжал кетер басын салмай.

Барыпты ащылы құрақ кең салаға,

Батырлар еріп барды бұдан қалмай.

Жер екен жердің жері бөкен сала,

Бір жағы биік таулы жазық дала.

Қоянды, бетегелі бір жағы көл,

Бағулы бай қонысы деген ғана.

Арықтан әрең барған жылқылары,

Жай тұрып қанды азамат ұйқылары.

Көбеңдеп көтерілді арыған мал,

Жер екен шөбі шүйгін, малға жайлы.

Бір айдай осы арада жатты жайлап,

Желіні қайта құрып, бие байлап.

Көкжалдың бастап барған жерін қара,

Семірді барлық жылқы ақшамайлап.

Бар онда қасқыр, түлкі-аңның бәрі,

Құтқармас аңға түскен қырандары.

Жүйрік ат, батыр жігіт бәрі сонда,

Түзетіп Бөгенбайдың берген сәні.

Жер екен он екі абақ қыс қонатын,

Жер емес қарастырса қыс болатын.

Жауынгер өңкей батыр-тастүлектер,

Кермеге байлап қойған тұлпар атын.

Ел көшіп, келіп қалды күз бетіне,

Берік боп жауынгерлер күзетіне.

Жүреді аттан түспей күндіз-түні,

Шыққан соң тым бекінген ел шетіне.

Кезеніп бір жүз он бес қатар тұрса,

Түрі жоқ жан шыдайтын келбетіне.

Абақтың билеушісі Садыр төре,

Құнан би жүреді оған ақыл бере.

Ел жиып, Садыр төре шаппақ болды,

Жылқыны күзеуінде жатқан көре.

Құнан биге төре кеп ақылдасты,

Жинаған жауға лайық өңкей жасты.

-Бір ғасыр олжа болар мал келіпті,

Көп жылқы қаптап кеткен тау мен тасты.

Ұстамас кірлі қолмен малдар екен,

Ойласам, көрген сайын қарным ашты.

Қалайша бөтен жылқы бақтырамын,

Осыны ақыл берсең, шаптырамын.

Абаққа жалғыз күнде таратам да,

Орнын осы малдың таптырамын.

Сұраусыз неткен адам келіп жатқан,

Бұл не деген үлгісіз Құдай атқан!

Ең көп болса адамы жүздей жігіт,

Мал бағады күндіз-түні түспей аттан.

Құнан айтты:-Бермеймін бұған ақыл,

Келген қонақ шабылған емес мақұл.

Өз бойына сенбесе, шетке шықпас,

Байқасам, жігіттері өңшең батыл.

Жатқан жылан құйрығын басып алып,

Өкініп жүрмегейсің қалып қапыл.

Тұлпар ат барлығының мінгендері,

Бес қару бойларына ілгендері.

Жалынды бәрі батыр, өңшең көкжал,

Сайланып жау бар ма деп жүргендері.

Бәлкім, бұл жаудан емес, жұттан қашқан,

Алатын жер кәдесіз қарындастан.

Қонаққа келіп отыр-залал қылма,

Төре, сөзің бұл болса ақылдасқан.

Бұл жиынға сайланды Сарыбай да,

Қалуға бір кездесіп осындайда.

Қасына екі жігіт ертіп алып,

Іздеп кеп, көремін деп Құнан қайда?

Құнанның ауылына жиылысты,

Сарыбай сол ауылға келіп түсті.

Құнан биге кіріп кеп, сәлем беріп,

Көп ермен атқа мінер жүз көрісті.

-Ассалаумағалейкум, Құнан биім,

Қабырғаң қалың сере, семіз күйің. 225

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Жеріміз мал қалмайтын жұт боп кетті,

Тақсыр-ау, жеріңіздің шөбін қиың!

Құнан би амандасты түрегеле,

Сәулетті Сарыбайдың түрін көре.

-Жөніңді баян қылшы,-деді,-қалқам,

Қай елсің, жатыр едің қайдан келе?

Сарыбай сонда айтады елі жайын,

Шетқурай, Көксуқияқ жері жайын.

Атасы Маянбайдың атын айтып,

Сөйледі содан кейін Бөгенбайын.

Би Құнан екі көзден төкті жасты,

Шын беріп Сарыбайға ықыласты.

-Бөгеннің осы күнде өзі бар ма,

Отыз жыл көрмегелі асыл тасты?

Қазаққа олжа салған қайран, Бөген,

Олжа алдық талай жаудан иен-тегін.

Шырағым, қалай жатсаң, солай жайла,

Жоқтап ед Бөген батыр қазақ кегін.

Екі жыл жолдас болдым Бөгенбайға,

«Сыйға-сый, сыраға-бал» деген қайда?

Бөгеннің ерлігіне ерген қазақ,

Мал түгіл, қылған еді жанын пида!

Құнан би түгел білді елі жайын,

Жақындап бара жатыр айтқан сайын.

Беретін ерулігім осы болсын,

Қонақ бол біздің үйге, Сарыбайым.

Құнан би енді ұқты сөздің шынын,

Таңырқап, Сарыбайдың көріп түрін.

Бір көкжал сайыпқыран кемеңгер деп,

Адамның айтпай білед ішкі сырын.

«Досың да, дұшпаның да ер болсын» деп,

Ойлама бір-бірінен кем болсын деп.

Соқыр биге барсаң да осыны айтар:

«Бейкүнә елді шауып не бопты?»-деп.

Байқады бұл жағдайды Садыр төре,

Құнан би қолпаштады мұны неге?

Жер іздеп, шөп тілеген жолаушыны,

Көрді деп, бізден артық сонша неге?

Садырдың құты кетті, Құнан көнбей,

Жылқыны көрген сайын жүрді шөлдей.

Сарыбай Құнан бимен жақын болып,

Төрені төмендетті есе бермей.

Мінгені Бектар құлдың лағи жорға,

Кигені атлас пенен шағи-торқа.

Абақтың бір ауылы қонақ қылса,

Атынан әрең түсед зопа-зорға.

Осының бәрі мұның малы, дейді,

Бөгеннің жалғыз ұлы-жаны, дейді.

Елу мың ірі қараға ие болған,

Жұлдызы маңдайдағы-бағы, дейді.

Төренің жалғыз сөзде терістігі,

Болған жоқ одан кейін керістігі.

Осыдан қайтіп есе қайтарам деп,

Сарыбайдың төреден жүр кетпей кегі.

Төреде жалғыз қыз бар Хадиша атты,

Асылзат, жүріс-тұрыс салтанатты.

Көл аңдысып, қаршыға қолына алған,

Белдеуден жібермейді қос жорға атты.

Төре қызын Бектарға бере ме деп,

Сарыбай Құнан биге кісі сапты.

Құнан айтса көнбейтін төре қайда?

Бөген ұлы деген соң құдаласты.

Мың жылқы бөліп берді қалың малға,

Аққуды алмақ болды қара қарға.

Құлға әкеп, төре заттан қыз айттырған,

Ісіне Сарыбайдың амал бар ма?!

Мал аман қыстай жатып, жазға шықты,

Ешкімнен сескенбейді бұлар мықты.

«Бөгеннің ұлы болса, бір келер»,-деп,

Бойжеткен қыз күйеуін күнде күтті.

Айттырғанына мәз болып Бектар сорлы,

Қыз ауылына баспады аттап жолды.

Жамандықтың арт жағы шолақ-ақ қой,

«Күйеу-құл» дегенді қыз естіп болды.

Ақылды өзі зерек адам тіпті,

Бұл істі не болар деп артын күтті.

Ортадан қан төгісіп егер туар,

Жай жүрмей жауласады-ау екі ел мықты.

Қан төктірмей халімше мен күтейін,

Тағдырдың бір жазғаны болар депті.

Жаз шықты, Маян ұлы қайтпақ болды,

Елге аман жетсек деген арман болды.

«Бұқа буға» дегендей болып қайтты,

Қыз алам деп, қуанып Бектар сорлы.

Бөгеннен он мың бие құлындапты,

Аман-сау қайта айналып, жерін тапты.

«Мал аман, азаматтар келеді» деп,

Бөгенге сүйіншілеп кісі шапты.

Қарт Бөген өзі шықты алдарынан,

Сағынған батырларын салдарынан.

Басқа елі қанжығаның ақ сүйек боп,

Айырылған алал етті малдарынан.

Жылқыны көргеннен соң қуанады,

Ерлерін аман көріп жұбанады.

Жылқының амандығын көрсетпекке,

Малды айдап мөлшер сайға қамалады.

Қарады қарт Бөгенбай көзін салып,

Үйірін үш айғырдың есіне алып.

Көк ала, Көкжал менен Жиренқасқа,

Бірі жоқ үш айғырдың көрді танып.

«Шақырды мұнда кел»,-деп Сарыбайды,

Елу мың айдап кеттің қолдан малды.

Жоғалтсаң бәрін бірдей не қылайын,

Қайда деп Жиренқасқа құлын-тайды?

Қоймады бұлтарғанға Бөген батыр,

Қоймады жасыруға айтпай ақыр.

Бектарға қыз айттырған құда болып,

Бір бастан жайын айтып келе жатыр.

Байқады кәрі Бөген сөздің ізін,

Біледі айттырғаны төре қызын.

-Шырағым, айтқан сөздің сыйы кетті,

Бұл істің аяқ жағын тоқтат өзің.

Бөгенге қайғы түсті уайымнан,

Көрмесем, кімнен көрем Құдайымнан.

Құлымды ұл дегізген, Тәңірім-ай,

Тың едім, айырылдым ғой мен жайымнан.

Сарыбай, айтқан сөзің бұл бола ма,

Құл шіркін жеті қойлық пұл бола ма?!

Аққуды қарға баптап алдырмақсың,

Бұл ісің нәсіліңе жөн бола ма?

Садырбек-он екі абақ ел төресі,

Бір құлға қызын малға сатқан несі?

Әкемнің әруағына берген екен

Деген соң Маянбайдың немересі.

Маяннан бірің алсаң, нең кетеді?

Түбіңе артқандығың бір жетеді.

Жолықпа мұндай іске ендігәрі,

Шырағым, бүйте берсең, ар кетеді.

Малымды арман қылып мен не етейін,

Бұл малға сендер ие менен кейін.

Артымда ұлым түгіл, қызым да жоқ,

Бермейді жылағанмен кешке дейін.

Сол қызды не қылсаң да біреуің ал,

Шықпасын сілекейі шаян боп мал.

Тез барып бұл жұмысты бітірмесең,

Көресің менен бір іс көңілім қатал.

Сарыбай жолдас жиып қайта жүрмек,

Бұл жерде бола алмады жай кідірмек.

Жүз жылқы, елу түйе малды айдап,

Алуға барарында той мал бермек.

Екі күн дайындалып жүріп кетті,

Он екі күн жол жүріп барып жетті.

Той қылып, неше күндей елін жинап,

Күйеуге төре қызын бермек бопты.

Күтуші Хадишаның бір қызы бар,

Оңаша оған жылап қылады зар.

«Ел ортасы жау болып кете ме?»-деп,

Ойлайды ақылменен сабыры бар.

-Бұл сөзді сеніп айттым, Жамал, саған,

Бір хабар қонақтардан әпер маған.

Алдымда баратұғын ием қандай,

Ол адам тәуір ме екен, әлде жаман?

Оны естіп Жамал кетті сылдыр қағып,

Отырды жақсы-жаман сөзді бағып.

Сарыбай Жамалменен сөйлеседі,

-Ей, Жамал, бұл араға келдің нағып?

-Келіп ем қонақтарды көрейін деп,

Артынан жақсылардың ерейін деп.

Күйеуі Хадишаның қандай екен,

Әдейі соған келдім білейін деп.

-Қарап көр енді, Жамал, біздің жайды,

Танып ал қайсымыз сізге ұнайды.

Бәріміз бір кісінің баласымыз,

Сол болсын кім ұнаса басыбайлы.

Елудің қырық тоғызы бір атадан,

Жалғыз-ақ Бектар сорлы бір атадан.

Баласын Маянбайдың кеміте алмас,

Қаракөк үзілмеген жеті атадан.

Осының бәрін тегіс Жамал білді,

Жамал да зерек еді, сөзді, тілді.

Бір кісіден басқаңыз жарайсыздар,

Шөл болып, өшірмесін қызыл гүлді.

-Жамал-ау, сен де сөйле рас жайды,

Айта бар Хадишаға барар жайды.

Біреуі осылардың күйеу болар,

Қайсысына жіп тақса, сол ұнайды.

Жақсылық бізден болмас шағып айтсаң,

Екі жақ ел бұзылар өтірік айтсаң.

От алып, қоя берме қопаға өрт,

Хадиша разы болар жөнін айтсаң.

Жамал естіп бұл сөзді қызға барды,

Көңілінде ойлап барды қайғы-зарды.

Қадиша қор боп құлға кете ме деп,

Жылаумен жеткенінше көз қызарды.

Сөйлемес Жамал байқұс әңгімесін,

Ойлайды айтамын деп оны несін.

Қадиша менен өзі аз біле ме?

Өзі де ойлайды ғой бір өлмесін!

Отырды өз орнына Жамал барып,

Бір нәрсе ойлағандай көңілі жарып.

Жамалға жабырқаған жетіп барды,

Қыз Хадиша орнынан тұра салып:

-Жамал-ау, сен отырсың мені бағып,

Айтпайсың келгеніңді маған неғып?

Жақсы десең, қуантар жөнің бар ед,

Жаман болса, айтсаңшы мұң қып шағып.

-Бөтен жоқ құдалардың арасында-ай,

Бәрі де жігіт екен жарасымды-ай.

Кісіні лайықсыз көре алмадым,

Ойладым бір кісінің баласындай.

-Жамал-ау, есек қандай, қашыр қандай,

Танисың, тәуір қандай, нашар қандай?

Маған айтар сөзіңді жөндедің бе,

Жыладың ба, екі көзің қызарғандай?

-Сұрама менен оның әңгімесін,

Өзің де білесің ғой сөз жүйесін.

Тәңірдің бір жазғаны болады ғой,

Көрерміз, тірі болсақ сөзге иесін.

-Жарайды, Жамал досым, бар ақылың,

Сен едің қасымдағы ең жақыным.

«Сабыр түбі-сары алтын» деген бар ғой,

Ұмытпай ойға алып жүр, осы ақылым.

Сен едің кішкентайдан қолғанатым,

Жанымдай жақсы көріп жүрдім жақын.

Құлға сатпай, мені әкем малға сатты,

Тыңдайтын бір адам жоқ айтсам дәтім.

Қарасам, жау көрінед жан-жағыма,

Қарайтын жан көрмедім бет-сағыма.

Үйде бір Бөген деген кәрі бар дейд,

Барамын тірі отырған әруағына.

Он отау, жүз түйе артып жасау берді,

Байлығын келген елдің бәрі білді.

Тамаша неше күндей тойын қылып,

Шешесі қыздың бірге жанына ерді.

Қыз мінді Алаяқты ырғақтатып,

Үкілеп, құйрық-жалын бұлғақтатып.

Шыққан соң жол үстіне сөз бастады,

Батырдың әрқайсысын сөзбен тартып.

-Бізде жоқ айтатұғын, жаным, бір сөз,

Мүдіріп, сен сұрасаң, бөгелеміз.

Батырдың әруағына келеміз ғой,

Қай түрлі шығарады батыр мінез?

Өзіңді үйде жоқтап, бізді айдаған,

Қондырмай үйде үш күн жүзге айдаған.

Әмірінен ол адамның жан артпайды,

Жөн табар бір лайық, жаным, саған.

Келіпті елге таман жақынырақ,

Шауыпты «сүйінші» деп біреу сұрап.

Алушы табылмайтын іс бола ма,

Кетіпті түстік жерден ол зымырап.

Бір адам шауып барды «сүйіншілеп»,

Алардың жолын іздеп, ақы тілеп.

Бөгенбай отыр екен өз үйінде,

Қайғыға тағы түсіп аһ-үһілеп.

-Құл қатыны келін боп келе ме екен,

Осындай қорлыққа жан көне ме екен?

Оңбасын жас сұлудың ата-анасы,

«Құл шірікке апарып берсін» деген.

Қорлыққа тірі отырмын өлмеген соң,

Артымнан бір шыр еткен ермеген соң.

Құлымды ұл дегізген, Құдайым-ай,

Немене көздің жасын көрмеген соң. 233

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Келтірме маңайыма, кетсін аулақ,

Ордамды сөз басады, өсек қаулап.

Бір тұлды алып келіп бейнетіме,

Жолатпа маңайыма, аулағырақ.

Әлгі адам шауып барып айтты тағы,

Ала алмай сүйіншіні сынып сағы.

Жайнаған жабырқамай Хадиша қыз,

Басынан кетіп қалды күн баяғы.

Атынан түскені ме, құлағаны?

Талықсып жын соққандай сұлағаны.

«Жолықтым қандай күйге, Тәңір-ау», деп,

Жырменен қыздың сонда жылағаны.

-Бөген, Бөген, Бөгенге,

Бөген ұлы дегенге,

Әруақты атадан,

Қасиетті туылған-

Немересі дегенге.

Ен салмаған енсіз бұл,

Ен сал осы дегенге.

Енсіз кеткен көп тайға,

Таңба бассын дегенге.

Иесіз кеткен көп малға,

Ие болсын дегенге.

Ақ сұңқар едім аспанда,

Ұша алмайтын кез болдым

Асусыз асқар белеңге,

Қайтіп қана шыдаймын,

Тұлпардан туған құлынды,

Есекке әкеп телуге.

Жиделі судың бойында,

Балық пенен шортанның

Ішін жарсын дегенге.

Жан беруші жасаған,

Көз жасымды көрмей ме?

Бөгенде әйел көп дейді,

Тілегім қабыл дәл болса,

Бір шыр еткен бермей ме?!

Күтер едім өтсем де,

Жалғаннан байсыз кетсем де.

Ардақты басым азайып,

Басымнан бақыт кеткен бе?

Құрып кетсін, құл құрғыр,

Көрінбесін көзіме!

Шешесі басын сүйеп жасын тыймай,

Отырды «жаңылдым» деп қызын қимай.

-Қарағым, мұндай күйге жолықтың ба?

Құлыным, «арпа ішінде жалғыз бидай».

Бір адам бәйбішеге айтқан барып,

Осындай қыз зарынан хабар алып.

-Адасқан Бөген тұрсын өз жайына,

Көрейін Қадишаны өзім барып!

Алдына шашу шаша бармақ болды,

Айтұяқ, екі қоржын жамбы салды.

Жақын жер-алыс емес, ауыл маңы,

Алдынан келінінің жетіп келді.

Жылауы Хадишаның жан күйдіред,

Батырлар бәрі де отыр өзі білед.

Бәйбіше батыр сөзін «қойшы, әрі» деп,

Түйені жүргізеді бұрып, түзеп.

Хадиша жылап жатыр естен танып,

Бөгенге тағы біреу айтқан барып:

-Бұл ісім рас менен ағат кеткен,

Көрейін,-деді,-енді өзім барып.

Өткен іс қайта басқа қайдан қонар?

Берген жоқ түк жақсылық қайғы мен зар.

Өзімде жоқ болғанмен туысқан көп,

Біреуі келген жанға ие болар.

Бәйбіше алып келді киі-шапан,

Құдағи батырменен қылады аман.

-Әруақты, қасиетті атаңызға

Бір балам келді,-дейді,-сізге таман.

Адыра, құлың кетсін бізден аулақ,

Бөгенбай қылмақ бізді елге мазақ.

«Тас ауыр болар,-дейді,-түскен жерге»,

Жат елде біз ұялдық жерге қарап.

Бөгенбай, құтты болсын келініңіз,

Алыстан біздің қалай келуіміз.

«Келген дәулет-кеткен сор» дейтін қайда?

Жөн бе екен бізді сыртқа тебуіңіз!

-Бұл сөзге мойындаймын жазам таяр,

Мынау жазым жалған ғой жолдан таяр.

Құдағи, мен сорлыда не жазық бар,

Жасырын не сырым бар сізден аяр?

Отауын тікті ауылға жақынырақ,

Той қылды неше күндей ақыр, бірақ.

Той қылып ойындарын ойнаса да,

Бөгенбай қайтемін деп отыр бірақ.

Бектар құл кете берді өз үйіне,

Көнер ме, төре қызы құл күйіне.

Біреуді-біреу әкеп теліп қойған,

Жалған ғой жазымы көп, ит дүние!

Бөгенбай ой ойлайды жалғыз өзі,

Жалғыз-ақ күш әкелер-екі көзі.

Біріне де осы иттердің бермеймін деп,

Айтады құдағиға осы сөзді.

-Бар еді бір әпекем бірге туған,

Ақшалбай дегенменен отастырған.

Тоғыз ұлы бар еді бір өзінен,

Біреуін әкелейін барып содан.

Лайық сол жиенім қызыңызға,

Күтіп тұр мен келгенше көңіл бұзба.

Ақым дейтін жиенім ең кенжесі-

Батыр деп естуші едім, өзі мырза.

Құдағи мына сөзге:-Мақұл,-деді,-

Өзім барда қызыма көрсет белгі.

Дені сау, таңдаулының өзі болса,

Жөн көрсең, жиеніңді алдырт,-деді.

Жылқыдан тақыр атты алдырыпты,

Көңілін жас маяндар қалдырыпты.

Қасына бір-ақ жолдас ертіп алып,

Ауылына Ақшалбайдың жолға шықты.

Барыпты әпкесіне ер Бөгенбай,

Барғаны бекер емес, бала сұрай.

Бар екен тоғыз ұлы бір өзінен,

Ақымнан алмақ емес басқа ұлды-ай!

Көрісті әпекесі бауырына,

Келмеген он жыл болған ауылына.

Ақымның жасы келген жиырмаға,

Салмақшы бала қылып бауырына.

Бөгенбай осы деді келген жұмыс:

-Дейтұғын жиендерім Ақым, Қылыш,

Ақымды бала қылам, маған берсең,

Қалғаны өздеріңе болар дұрыс.

Ұстасаң өз қолыңа Қылышыңды,

Айттым мен әдей келген жұмысымды.

Бермесең Ақымыңды кетем үйге,

Шығарма бауырым деп дыбысыңды.

-Қарағым, ішке сыймай жыламасаң,

Ақымнан басқа бірін қайтеді алсаң.

Суалтқан ақ сүтімді кенжем еді,

Разы бол, Ақымды сұрамасаң.

Ақшалбай жылап тұрды кемсең қағып,

«Кімді алсаң да алшы»,-деп, көңілін бағып.

Мұң-зар көп Бөгенбайда бала десе,

Шыдасын естіген жан бұған нағып.

Таласып екі туыс Ақым жасқа,

Бөгенбай тоя алмай тұр ықыласқа.

«Құдайдан бала тартып алып па ең?» деп,

Ақшалбай бәйбішесін салды басқа.

Кемпірін тақ еткізіп салып қалды,

Бөгенбай разы боп қанып қалды.

Алты күн аунап-қунап сонда жатып,

Ақымды бала қылып қолына алды.

Ақым да өз елінің гөзәлі еді,

Ерлігі Бексұлтандай кемел еді.

Мал сойып, ықыласпен баталасып,

Бөгенбай жетінші күн жөнеледі.

Таңертең елден шығып жүріп кетті,

Бойына бір өзеннің келіп жетті.

Астында қара ала атты жалғыз адам,

Артынан елден шығып қуып жетті.

Қараса, бір сұлу қыз мінген жорға,

Бөгенбай кім екенін білген қайда?

Ақымға келе сала сөз қатады:

-Ермін деп, маған айтқан сөзің қайда?

Ей, Ақым, қой тоғыта бармап па едің,

Бай, мырза, батырлар мен келсе дағы,

Сені күтіп уағдада қалмап па едім?

Мен сені қуып келдім сөз салмаққа,

Серттескен уағдаң бар, мені алмаққа.

Үш жылдай сені тосып күнім өтті,

Барасың мені тастап, сен қай жаққа?

Мойнына Ақым жастың қойды сөзді,

Су бойы төрт-ақ кісі келген кезі.

Мінеки, қыздың айтқан соңғы сөзі:

-Жауап бер, қайтпекшісің енді бізді?

Сен кетсең мен боламын әуре-сарсаң,

Шегінбеймін осы жерде өліп қалсам.

«Ердің екі айтқаны өлгенмен» тең,

Өзің жет уағдаңа, мені алдасаң!

Не дерін біле алмай тұр Ақым сасып,

Ақымды қыздың сөзі тұрды басып.

Бөгенбай қыз сөзіне разы болып,

Ақымға «жауап айт»,-деді ақылдасып.

Ақым айтты:- Әзір жоқ менде ерік,

Байлаған едік рас сөзді берік.

Не десеңіз, өзіңіз тиянақтат,

Мойынға сөз түскен соң неге керек?

Ер Бөген ұғып отыр сөздің астын,

Ер жігіт шындық істен неге қашсын?!

Тоқтамы тұжырымды ақыл тапты,

«Қалмайын,-деп,-обалына екі жастың».

Қысылып, қиын екен қыздан сасқан,

Бұл күнде ерік кеткен біздің бастан.

Шырағым, маған таман жақын кел деп,

Қызбенен сонда Бөген ақылдасқан.

Әуелі, жарықтығым, апарайын,

Салқын үй алдында тұр бұның дайын.

Сөзіме менің айтқан тоқта, жаным,

Қайта кеп, құдаласып алдырайын.

Бала десем, бойымда күй қалмайды,

Сөзіме тоқта, балам, айналайын!

Бөгенмен уәделесіп, тоқтады қыз,

Боп қалды бостығы жоқ ноқталы қыз.

«Күтемін, тірі болсаң келерсің»,-деп,

Үйіне қош айтысып қайтады қыз.

Қыз кетті нанар-нанбас үйге кейін,

Ауылына әрең жетті кешке дейін.

Бөгенбай Ақымды алып үйге келіп,

Той қылды ат шаптырып ұлы жиын.

Қуанды інілері бәрі де енді,

Ақымды қыз Хадиша байқап жүрді.

Жасынан бақыт қонған жас екен,-деп,-

Аңсап жүрген тілекті Тәңірім берді.

Сөйледі Бөген сонда қалған қызды:

-Түстік жер артымыздан қуып келді.

Тоқтаттым, құдағиым, сенің үшін,

Қылмаймын сөзге сынық енді сізді.

Бұл жайды естіпті екен Хадиша да:

-Апыр-ай, болар ма екен мұндай дана!

Тойымызды екеуміздің бірге қылсын,

Әкелсін осы қызды не қылса да.

Мен разы болдым ғой атекеме,

«Апеке-ай, неге айтты?»-деп, пәлен деме.

«Тәңірім берген бақты біреу алмас»,

Деген сөз-ертедегі алтын кеме!

Бейшара ол да мендей қыз емес пе,

Біреуі зарланғанның біз емес пе?

Осы ауылдың үш-төрттен қатыны бар,

Мұрасы-атасының ізі емес пе?!

Бұл сөзді Бөгенбайға анық айтты,

Ер Бөген разы болып қалды қатты.

Батасын көп қайтара берді білем,

Ер Ақым төрт жолдаспен қайта қайтты.

Сарыбай Ақымды алып бірге барды,

Еліне сегіз күнде жетіп барды.

Сөз қосар ел басымен ақылдасып,

Сол қыздың әкесіне кісі салды.

Сарыбай бітірмейтін жұмыс қайда?

Күштен ақыл пайдалы осындайда.

Артықша қалыңмалды айдап бермек,

Саудаласып отыру болсын қайда?!

Бөтен ой қыз әкесі көрсеткен жоқ,

Бағалап қалыңмал деп отырған жоқ.

Разы екі жағы болғаннан соң,

Той қылды, кешіктірмей көңілді боп.

Жиылып Маянбайдың ұрпақтары,

Той қылып той үстіне жатты бәрі.

Арманы Хадишаның орындалып,

Болғандай көрінеді сәтті бәрі.

Бала боп Бөгенбайға Ақым қалды,

Қолына екі асылды бірдей алды.

Ақым-ұл, Бөген-әке болып тұрып,

Бөгенбай сексен жаста дүние салды.

Талайлар бізден бұрын өтіп кеткен,

Баянсыз дүние еді мынау неткен.

Бұрынғы өткен ерлердің қылған ісі,

Ұрпақтан-ұрпаққа қап бізге жеткен.

Бұл емес білгендерім жалғыз ғана,

Ғұмырым болса, жалықпай жазам және.

Көрерсіңдер қарыстап артық-кемін,

Ұрпақтарым тиісті берсін баға!