БАБАЛАР СӨЗІ: Төретам атауы қайдан шықты?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады. Өткен ғасырда Кіші жүзден шыққан Жәрімбет деген кісі өзінің ұрпақтарын Қармақшы ауданына қарасты Төретамға қоныстандырған көрінеді, бір шеті сонау Жалағаш ауданы, «Жаңа талап» қолхозынан бастап, мына жағы «Қараң», «Жеті асар» маңы, «Сырдария» өзенін жағалап Дерментөбе, Сартоғай, Елшібай, Төретал, солтүстігі «Келіншек жалын» (қазіргі Байқоңыр) Жәрімбеттен тараған Әлен, Бұрқыт балалары мекен ет¬кен. Олар Сыр бойын жайлаған, кейін қыстау салған. Ол заман Сырдария өзені ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін толқыны аспанға атқан кез болса керек. Бір жаздың жаймашуақ күнінде суға кетіп, ағып бара жатқан бір кісіні осы елдің азаматтары судан шығарып, ат шапты¬рып жан-жаққа хабар жібереді. Көп ұзамай көп адам келіп, өз адамдарын жинап, биік төбенің басына үй, там салдырып жер¬леген екен, рулары төре болып шыққан екен. Содан бері Төретам аталып кеткен. Үй, там жолаушылап бара жатқан кісілерге ық-пана болған. Жергілікті халықтан «бұл үй, там кімнің тамы?» деп сұрағандарға «Төренің тамы» деп жауап береді екен.