Backstreet Boys тобының Астанадағы концерті қалай өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы «Астана Арена» стадионында аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан астанасындағы концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа 45 елден 12 000-нан астам турист келген.

Фото: Астана әкімдігі

Кешті ұйымдастырған «Астана Концерт» компаниясы шараға «Total White» дресс-кодын жариялады. Бұл концертке бірлік пен стиль атмосферасын сыйлады.

Концертке мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайында әлемдік поп-сахна аңыздарын әуежай қызметкерлері «Everybody» хиті әуеніне билеп қарсы алған болатын. Бұл ерекше сәттің видеосын топ мүшесі Ник Картер Threads желісіндегі парақшасында жариялады.

Еске сала кетейік, Backstreet Boys тобының концерті 19 қыркүйекте Алматыда да өткен еді.

Кейіннен Backstreet Boys тобының мүшесі Александр Джеймс Маклин Қазақстан жайлы алғашқы әсерімен бөлісті.