Backstreet Boys және NSYNC топтарын құрған продюсер қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы музыкалық продюсердің неден көз жұмғаны айтылмай отыр.

90-шы жылдары Backstreet Boys және NSYNC топтарын  құрған продюсер Лу Перлман түрмеде 62 жасқа қараған шағында қайтыс болды.  2008 жылы сот 300 миллион доллар сомасында жасаған алаяқтығы үшін Перлманды 25 жылға бас бостандығынан айырған, деп хабарлады  BBC Орыс қызметі.

Перлман оның банкроттығы туралы істі қарау уақытында ақша жымқырғанын және жалған куәлік бергенін мойындаған.

 

Әр кездері Прелманға өзі құрған Backstreet Boys және NSYNC ұжымы талапарыз берген. Олар Перлманның топтан гонорардың басым бөлігін жасырғанын мәлімдеген.

Оның қайтыс болу себебі әзірге аталмай отыр.