Бадминтоннан өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшы «күміс» алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бенинде бадминтоннан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин қатысқан болатын.

Бәсекенің басты жарысында қазақстандық спортшы үндістандық Аман Санжайға қарсы шықты.

Үндістандық жеңіске жетіп, Панарин «күміс» жүлде алды.