АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен бадминтоннан Mongolia International Series-2018 халықаралық турнирінде Қазақстан спортшылары үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталған додада алғашқы қола медальді жекелей сында Дмитрий Панарин жеңіп алды.
Екінші қола медальға жұптасып өнер көрсетуден Артур Ниязов пен Панарин қол жеткізсе, үшінші жүлдені Айша Жұмабек ресейлік Анастасия Пустинскоймен бірге әйелдер арасындағы жұптық сында жеңіп алды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.