Баға саясатындағы басты мақсат - ұсынушы мен тұтынушы құқығын қорғау

Фото: None
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Баға, тариф саясатындағы басты мақсат ұсынушы мен тұтынушы құқығын қорғау болуы шарт.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заң жобасына қатысты Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тариф саясатын жетілдіруге бағытталған заң жобасы тұтынушы мен ұсынушы арасында байланысты бақылап, жаңа бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс. Ең басты мақсат халықты әлеуметтік қолдау, сондайақ тұтынушы мен ұсынушы құқығын қорғау болып табылады. Сонымен бір мезгілде, бүгінгі күні еліміздің энергетикалық, коммуналдық шаруашылығындағы негізгі проблеманың бірі қондырғалардың тозушылығына, техникалардың ескіруіне қатысты болып отыр. Негізгі өндірістік қорларға, оларды жаңартуға салынатын инвестиция ауқымы да мардымсыз. Сондықтан да, осы заң жобасы бұл проблемаларды шешуге бағытталуы шарт», деді С. Дьяченко.

Сонымен бірге, Қоғамдық палата төрағасы заң жобасында сумен қамтамасыз етуде сараланған тарифтер енгізу көзделгенін, реттелетін нарықтар субъектілеріне қатысты икемді тариф саясаты қолданылатынын, сондай-ақ тарифтерді қалыптастыруда жаңа әдістер ұсынылатынын атап өтті. Осыған орай, С. Дьяченко заң жобасының әлеуметтік, экономикалық маңыздылығына да тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар