Флорида штаты Ормонд-Бичтен шыққан ұшақ Фрипорт әуежайына жақындап қалған кезінде апатқа ұшырады. Ұшақтың таяз суға құлауы құрбан болғандарды іздеуді қиындатты, деп нақтылады полиция қызметкерлері.
Оның айтуынша, қаза тапқан төрт ер адамның кім екендіктері анықталды. Бұл ақпарат қайғылы оқиғаны туысқандарына жеткізгеннен кейін жарияланатын болады. Апат себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды. Оны Багам аралдарының билігі АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жүргізеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.