Багам аралдарында ұшақ апатынан 9 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Багам аралдарында шағын ұшақ апатқа ұшырады.

Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, ұшақ бортында 9 адам болған. Барлығы қаза тапқан.

Lear Jet ұшағы Багам астанасы Нассаудағы халықаралық әуежайдан ұшып шығып, Фрипорт қаласына жақындағанда апатқа ұшыраған. БАҚ ақпаратынша, ол кеме құрылысын жүргізетін жүк кранына соғылған. Багам аралдарының билігі аталған оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті, деп хабарлайды ТАСС.