«Бірінші, бағаларды әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, тауарлардың тапшылығы мен импортқа тәуелділікке әкеледі. Сондықтан, мемлекет бағаның қалыптасуына қатысуынан кезең-кезеңмен бас тарту керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Мелекет басшысы мұның бәсекеге бейім емес нарықтарға қатысы жоқ екенін ескертті.
«Монополистердің тарифтері тығыз бақылауда қалып отыр. Бірақ бақылау дегеніміз мүлде қысым көрсету дегенді білдірмейді», - деді Президент.
Айта кету керек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.