Меморандумға тіркелген тізімге өмірлік маңызы бар 200-ден астам дәрі-дәрмек атаулары енгізілген және олардың бағалары өзгеріссіз қалады. Бұл тізім Астанадағы дәріханалардың бәріне ілінеді. Тізіммен мына жерде танысуға болады.
13:58, 27 Тамыз 2015
Бағасы белгіленген өмірлік маңызы бар дәрілік препараттар тізімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, Фармацевтикалық қауымдастығы мен Астана қаласы әкімдігінің арасында «Дәрілік заттар бағасының өсуін қадағалау туралы» меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.