Бағдад араб әлемінің мәдени астанасы болды

АСТАНА, 24 наурыз. Бағдад «араб әлемінің мәдени астанасы - 2013» деген ресми атаққа ие болды. Бұл ретте Ирактың бас қаласы әйгілі орындаушылардың концерттері, көркемсурет көрмелері, би ұжымдарының өнері, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер сияқты көптеген іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды Росбалт.

Құрметті мәртебе беру туралы жарияланған салтанатты рәсім Бағдад орталығындағы саябақтардың бірінде өтті, деп жеткізді «Вести».

Аббасид халифі Әл-Мансұрдың өкімі бойынша VIII ғасырда салынған қала жүздеген жылдар бойы тек арабтың ғана емес, сондай-ақ, барлық мұсылман әлемінің ірі ғылыми және мәдени орталығы болып саналған. Басқалардың арасында Бағдад мұражайларымен және кітапханаларымен ғасырдан ғасырға дейін Араб Халифатының ең жоғары даму кезеңдері туралы құндылықтарды сақтаған бірден бір куәгері ретінде даңқы шықты.