Бағдад мешітіндегі жарылыста тоғыз адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкешті Бағдадтың оңтүстік-батысындағы мешітте өзін-өзі жарып жіберді, деп хабарлады Reuters.

Жарылыс салдарынан кемінде тоғыз адам мерт болғаны хабарланған.

Қазіргі сәтте бұл оқиғаға жауапкершілікті бірде-бір ұйым мойнына алған жоқ, деп жазады Газета.ru.