Бағдад орталығындағы базарда үш жарылыс болды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдадтың орталығындағы базарлардың бірінде үш жарылыс болды.

Полиция мен дәрігерлік мекемелердегі дереккөздерінің хабарлауынша, кем дегенде бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.

Ирак астанасындағы жарылыстар мұсылмандардың Құрбан-байрам мерекесінің алғашқы күнінде орын алды, деп хабарлады Би-Би-Си.