Шабуыл шаһардан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде болды. Жанкешті жарылғыш толы көлікті бақылау-өткізу бекетіне апарып соққан. Әзірге лаңкестік әрекетті ешқандай топ мойнына алған жоқ.
Бұдан басқа, Бағдадтың өзінде де жарылыс болды. Бірақ шабуылдан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Оқиға мемелекеттік органдар мен бірқатар елшіліктер орналасқан жасыл аймақта болған.