Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс жасөспірімдер командалары арасындағы футбол матчы кезінде болған. Қаза тапқан, жараланғандардың дені - балалар.
Еске сала кетейік, спорттық шара кезінде лаңкестер тарапынан жасалып отырған бірінші оқиға емес. 25 наурыз күні Ирак астанасындағы стадиондардың бірінде жанкешті жарылып, 29 адам мерт болған.
03:19, 11 Сәуір 2016
Бағдадта 4 жасөспірім футбол ойыны кезіндегі жарылыстан қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдад қаласының оңтүстік-батысындағы Мадин қаласында бүгін жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, 18 адам жараланды, деп хабарлады lifenews.ru.