Бағдадта АМЛ саммитін өткізу ауданында жарылыс болды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдад қаласында араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) саммиті өтіп жатқан ауданда жарылыс болды, деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.

Бүгін Бағдад қаласында жан-жақты қауіпсіздік шаралары жағдайында АМЛ саммиті ашылды. Бұл Ирак елі үшін көптеген жыл бойы болмаған осындай деңгейдегі бірінші шара болып табылады. Саммиттің өткізілуіне байланысты қалада күні бойы созылған коменданттық сағат жарияланды. Кездесуге Ирак, Судан, Тунис, Палестина, Комор аралдары, Ливия, Ливан және Кувейт елдерінің көшбасшылары қатысуда. Бағдад қаласына 10-нан астам мемлекет басшылары келген жоқ.