Бағдадта автокөлік жарылысының салдарынан 35 адам қаза болып, 70 адам жарақаттанды

БАҒДАД. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат - Бағдадта кеше орын алған жарылыстың салдарынан 35 адам қаза болып, 70-тен астам адам жарақат алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Полиция өкілдерінің ақпараты бойынша, мина қойылған көлік шииттер тұратын Эш-Шулан орамында мейрамханаға жақын маңда жарылған. Бұл - Бағдадта айдың басынан бері орын алған алғашқы шабуыл. Өткен айда елдің өңірлерінде болған лаңкестіктердің салдарынан 350-ден астам адамның өмірі қиылды. Атап айтқанда, сәуірдің 24-інде Бағдадтағы әл-Казымия орамында орын алған экстремистердің шабуылында 60-тай адам опат болып, 120-дан астам адам жараланған еді.