деп хабарлайды Associated Press.
Естеріңізге сала кетейік, Бағдадтың орталығында жасалған екі жарылыстың салдарынан ең аз дегенде 147 адам қаза болып, тағы 721 адам жараланған.
Мина қойылған автокөлік қазанның 25-і күні таңертең Бағдадтың әкімшілік орталығында қатарынан жарылған болатын. Бірінші жарылыс мәскеу уақыты бойынша сағат 10.30-да Ирактың Әділет министрлігінің қасында жарылса, екіншісі - Бағдадтың аймақтық әкімшілігінің ғимаратына жақын жерде жарылған.
Бұл лаңкестіктер - Иракта ағымдағы жылы орын алып отырған ең ірі жарылыстар.