Бағдадта коменданттық сағат жарияланды
08:32, 03 Қазан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бағдадта екі күннен бері жалғасып жатқан толқулар мен тәртіпсіздіктерге байланысты бейсенбіде жергілікті уақытпен сағат 05:00-ден бастап коменданттық сағат жарияланды. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің премьері Адель Абдель Махдиге сілтеме жасап хабарлайды.
Аталып өтілгендей, Бағдад көшелерінде азаматтар мен көліктердің жүруіне көрсетілген уақыттан бастап келесі өкім шыққанға дейін толықтай тыйым салынады.