10:54, 22 Мамыр 2009
Бағдадта жарылыс салдарынан 15 адам қаза тапты
БАҒДАД. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Ирак елордасының оңтүстігінде бомба жарылысының салдарынан 3 америка сарбазы мен 12 бейбіт тұрғын қаза тапты.
25 ирак азаматы мен бірнеше американдық жараланды. Лаңкестер американдық патрульді шабуылдаған. Жарылыс дерегі бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.