Бағдадта жарылыстан 15 адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Ирак астанасы Бағдадта болған жарылыстан кемінде 15 адам қаза болды, деп хабарлады РИА «Новости» жергілікті полиция мен медицина қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйеніп.

Жарылғыш зат толтырылған машина дүкендер мен мейрамханалар орналасқан Каррада ауданында жарылды. Осыған дейін дүйсенбі күні Бағдадтан оңтүстікке қарай 50 шақырым жердегі Джурф ас-Сахр қаласының маңында жарылыс болғаны хабарланған болатын. Лаңкестікті жарылғыш зат толы машинаны жүргізуші жүзеге асырды, 60 адам жарақаттанды.

Иракта «Ислам мемлекеті» радикалды тобының ірі ауқымды шабуылдарына байланысты тұрақсыз жағдай сақталып отыр. ИМ Сирия аумағындағы қақтығыстар кезінде әлдеқайда көп күш жинап алды. Онда олар билік күшіне қарсы соғысып, ең қатыгез күрескерлер деп аталып кеткен.