Белгілі болғандай, адам көп жиналатын Каррада ауданында көлік жарылған. Ал екінші жарылыс Бағдадтың солтүстігінде Аш-Шааб ауданынында базар маңында болды. Оқиға орнында 6 адам көз жұмып, тағы 12 адам жарақат алған.
Әзірге ешбір лаңкестік ұйым жарылысқа жауапкершілікті алмады.