Кезекті лаңкестік әрекет Ирак астанасындағы Садр ауданының ірі базарының аумағында болған. ИМ өкілдері өз мәлімдемесінде шабуылдың мақсаты үкіметтік әскердің әскери бөлімдері болғанын атап өтті.
Ал Бағдадтың ресми өкілдері баспасөзде қаза тапқан 54 адам туралы хабарлап отыр. Полицияда Джамиль ауданындағы жүк көлігі жарылғаны, сондай-ақ 86 адамның жарақат алғаны туралы қосып өтті.
Бейсенбіде Ирак астанасының базарлары әдеттегідей адамдарға толы болды. Жарылыстан кейін Садр шейіттер қауымының көптеген тұрғындары зардап шеккендерге көмектесу үшін оқиға орнына асыққан. Жарақаттанғандар жергілікті емханаларға жеткізілді.