деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі Ирак арнайы қызметінің өкіліне сілтеме жасап.
Ирак елордасы мен оның төңірегіндегі елді мекендерде бүгін араларына аз уақыт салып бес автокөлік жарылды. Шабуылдардың нысандары ішкі істер министрлігінің, қаржы министрлігінің, соттың, өнер факультетінің нысандары және Баб аш-Шуржа орамындағы негізінен шиғалар тұратын үлкен базар болды. Қала маңындағы Эд-Дора ауданында Технологиялық университеттің жанындағы полиция блок-бекетінде тағы бір көліктің күлі көкке ұшты.