Бағдадтағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланған
14:25, 21 Қаңтар 2021
БАҒДАТ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Ирак астанасының орталығында жарылыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарнаның мәліметінше, жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақаттанды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.