Рейтер ақпаратынша, 16 адам мерт болды, 40-тан астамы жарақаттанды. Ассошиэйтед Пресс хабарлағандай, 14 адам ажал құшты. Әзірге бұл жарылысқа жауапкершілікті ешкім алмады.
Бұл жерде негізінен шииттер (шейіттер) тұрады. Ассошиэйтед Пресс ақпаратынша, адам көп болған базарға кірер жерде жарылды.
Агенттікте жарылыс салдарынан жапа шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжап отыр.