Бағдадтағы жарылысқа «Әл-Кайеданың» қатысы бар деген күдік айтылуда

АСТАНА.  Желтоқсанның   9-ы.  ҚазАқпарат -    Ирак өкіметі  Бағдадта  кеше болған  және 120-дан  астам адамның өмірін қиған     лаңкестік   әрекеттерге  «Әл-Кайеда»  содырларының   қатысы  бар деп күдік  келтіруде.

 Бұл туралы «Азаттық»  радиосы   хабарлайды.

Ресми мәлімет  бойынша,    жарылыстардың салдарынан 500-ден  астам адам жарақат алған.      Сейсенбі күні     бірнеше мемлекеттік мекеменің  жанында   жарылыс   болғанын  ҚазАқпарат  бұдан   бұрын хабарлаған  болатын.   Бұл тамыз айынан бергі ең  үлкен    лаңкестік  әрекет.

БҰҰ мен  АҚШ      Иракта    алдағы парламенттік сайлау  өтетін  күн жарияланысымен  орын  алған    лаңкестік  әрекеттерді  үзілді-кесілді айыптап  отыр.   Иракта  дуаыс  беру     келесі  жылғы наурыздың 7-сіне  белгіленді.