АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдадтағы жарылыс салдарынан кем дегенде 25 адам қаза болып, тағы 36-сы жарақат алды.
ВВС-дің жазуынша, бомбаны жанкешті іске қосқан. Жарылыс Бағдадтың солтүстігіндегі Кахира ауданында орын алды.
Бұның алдында жұма күні ел астанасы мен қала маңында тағы үш жарылыстан алты адамның өмірі қиылды.
Соңғы айларда бұл елде бейбіт тұрғындарға шабуылдар белең алуда, тек шілде айында осындай қатыгездік салдарынан мыңнан астам азамат құрбан болды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.