Азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Темірболатұлы Чайзада 1987 жылы 16 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.
2009 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. Мамандығы — «өртқауіпсіздігі инженері».
Азаматтық қорғау органдарында 2005 жылғы тамыздан бастап жұмыс атқарады.
— 2009 жылдың шілде айынан бастап — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 11 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің аға инженері, ауысым басшысы.
— 2010 жылдың тамыз айынан бастап — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.
— 2013 жылдың ақпан айынан бастап — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
— 2015 жылдың ақпан айынан бастап — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары.
— 2019 жылдың сәуір айынан бастап — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының бастығы.
— 2021 жылдың қаңтар айынан бастап — Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы.
— 2023 жылы қыркүйек айынан бастап — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
— 2025 жылы 23 желтоқсан айынан бастап — Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығы.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.
Бұған дейін Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалғанын жазған едік.