«Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин шараларынан біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайтадан өсуде. Азаматтар санитарлық дәрігердің айтқан талаптарын орындамаса, тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Оның айтуынша, 7 қазандағы жағдай бойынша елімізде Covid-19 жұқтырған 108 362 адам тіркелген. Соңғы тәулікте 66 азаматтан індет анықталды, яғни 0,6% өскен.
«3 145 науқас емделуде. Оның 103 465-і жазылып шықты. Өкінішке қарай, 1 752 адам коронавирус салдарынан көз жұмды. Республикада коронавирус инфекциясының ПТР тест нәтижесі теріс 33 877 ықтимал жағдайы тіркелген. Тәулігіне 262 науқас тіркелген, яғни 0,8% өсті. 27 563 адам жазылып шықса, 361 азамат қайтыс болды», - дейді ол.