Айта кетейік, 26 қараша кешке қарай бір сағат шамасында интернет жылдамдығы азайған еді.
«Сол күні кешкі сағат тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берген болатын. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Осының салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды», - деді Бағдат Мусин Сенат отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын 26 қарашада Астана мен Ақмола облысында неге интернет болмағаны айтылған еді.
Сонымен қатар, Астана қаласының полициясы сенбі күні елордада болған митингті түсіндірді.